СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Химия-ғажайыптар әлемі

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

 1.Таныстыру,  топтардың  атын қорғауы, ұраны (слайд көрсетіп, топтарымен таныстырады) 2.Ой жинақтау кезеңі «Кім тапқыр» (әр топқа 5 сұрақтан қойылады) 3.Түймедақ ойыны (тұздардың химиялық формулаларын құрастыру) 4. «Химия тұрмыста» қызықты тәжірибелер көрсету.  

Просмотр содержимого документа
«Химия-ғажайыптар әлемі»

"Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі" МКҚК





Сыныптан тыс іс-шара

«Химия - ғажайыптар әлемі»

атты зияткерлік сайыс кеші







Ұйымдастырушылар: А.С.Халдыбаева

Г.М.Атабаева







Орал 2017

Тақырыбы:«Химия ғажайыптар әлемі»
Қатысушылар: І курс топ оқушылары

Өткізілу уақыты: 16.03.2017ж.

Мақсаты:

  • Оқушылардың теориялық алған білімдерін тереңдету, жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын, пән бойынша білімдерін жинақтау, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру, экстремальді сәтте тез шешім таба білуге үйрету.

  • Ой ұшқырлығын шыңдау оқушының ой-өрісін дамыту. Оқушыларды топ алдында өзін еркін ұстап, денсаулықты қадірлеу, ұйымшылдық пен мейірімділікке, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: плакаттар, слайд шоу, басқатырғылар, қаламдар, әзірлемелер

Алдын-ала дайындық:

  1. Топқа бөліну.

  2. Топ атын ойластыру (химияға байланысты болу керек).

  3. Топ басшысын сайлау, топтың ұраны және эмблемасы



Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. «Химия - ғажайыптар әлемі» атты химиялық зияткерлік сайыс кешіне қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.
1. .......................................
2. ...........................................
3. ...............................................
Кешіміздің жоспарымен таныстырып өтейік:


1.Таныстыру, топтардың атын қорғауы, ұраны (слайд көрсетіп, топтарымен таныстырады)
2.Ой жинақтау кезеңі «Кім тапқыр» (әр топқа 5 сұрақтан қойылады)
3.Түймедақ ойыны (тұздардың химиялық формулаларын құрастыру)
4. «Химия тұрмыста» қызықты тәжірибелер көрсету.
5. «Жұмбақтар әлемі»

6. Химиялық тілде құттықтау.



Жүргізуші:
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар- дей келе, «Химия - ғажайыптар әлемі» атты сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді,көп оқыған болса егер
Бүгінгі күні жеңімпазы болады

1. Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырады . Бағалау 5 баллдан жоғары болмау керек.

Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер
Жастықтың оты қайдасың.
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын.
Дүниенің көркін болжамай,
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады дұрыс жауап берген сұраққа бір балл қойылады.



І топқа:

1. Қандай элемент алдымен күнде,содан соң жерде ашылды. (гелий)
2. Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі (бром)
3. Қандай элементтер материктердің атымен аталады.(европий,амерций)
4. Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады.(Н24 концентрациясында)
5. Суды қалай жандыруға болады.(сілтілік металдар арқылы натрий,калий)
6. Планетамызда көп таралған элементтер (сутек,гелий)
7. Сіріңкесіз қалай от жағуға болады.(ақ фосфор арқылы)
8. Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады.(сұйытылған қышқылға салып)
9. Әрі химик,әрі музыкант ғалым (А.П.Бородин)
10. Алып элемент (титан)

11. Хош иісті эфирлі май. Әйелдер зат ең көп пайдаланады. Олардың ерітіндісі 96 пайызы немесе абсолютті 100 % спирттен болуы мүмкін. Олардың 12-20 % ын парфюмериялық майлар береді. Мәселен, 38 %-80 % аралығын ерітіндінің сапасы-этил спиртінен құралады. Бұл қандай косметикалық зат? (духи)



ІІ топқа:



1.Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім (М.В.Ломоносов)
2.Қандай жыланда сынап көп (Фараон жыланында сынап (ІІ) роданиді)
3. Қандай метал болашақтың металы деп аталады (алюминий)
4.Табиғи талшықты зат (асбест)
5.Мыстың табиғи қосылысы (малахит)
6.Сүт қанты (лактоза)
7.Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин)
8.Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс)
9.Топырақты құнарландыратын элемент (азот)
10.Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)

11. Адам ағзасына бұл элемент жетіспесе зоб ауруына шалдығады. Бұл заттың спирттегі ерітіндісі медицинада қолданылады? (йод)





Жүргізуші:
Химия - ырыс бұлағы
Шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз - нұр сәулет
Аялдама, алға ұмтыл
Құдіретті біздің ой
Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой


Кезекте «Түймедақ» ойыны (тұздардың химиялық формулаларын құрастыру) Әр топқа берілген тапсырманы орындап жазып көрсету, тұздың атын атау.

K

K

K



Ca

Al

Ca

Ca

PO4

Na



SO4

Mg

Mggggggggg

CO3

Ba

Na

Na

Al

Ba

Mg









Жүргізуші: Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалап бірі жаралған.

Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

6. Кезекте сөзжұмбақтарды шешу. Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары

I топ:

1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек)

2)Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)

3) Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)



ІІ топ:

1)Осы затпен ескі үйді алсатайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт)

2) Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)

3) Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)

6. Химиялық тілде құттықтау: оқушыларға сөздер беріледі, сөз құрап құттықтау лебізін айту керек.

1топ: алтын,су,темір, көмір

ІІ топ:күміс ,болат, алюминий


Жүргізуші: Алтындай ардақты, күмістей салмақты, суға жүзген балықтай бүгінгі кеш қонақтары, көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, cіздерге темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық, көмірдей қара көздеріңіз бен алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.


Менделеев белгілі ірі тұлға,

Ерен ойлы, малынған асыл нұрға.

Еліктеумен ізденіп мен де келем,

Бойым балқып жай табам, нұр мен сырға - деп бүгінгі кешіміздің қорытындысын сарапшыларға сөз берелік.

Бірінші кезеңнен бастап барлық балдар есептеліп қай топтың жеңімпаз болғанын айтып, топтарды және белсенді қатысқан оқушыларды мақтау қағазы,сыйлықтармен марапаттау.

Құрметті ұстаздар және оқушылар кешімізді көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет,сау болыңыздар!