СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кестелерді бейнені және дыбысты енгізу

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:  Кестелерді  бейнені және дыбысты енгізу

 

Сабақтың мақсаты:

            Білімділік:Оқушыларды презентацияға кестелерді , бейнені және дыбысты енгізуді  үйрету

            Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

            Дамытушылық: Оқушының  сабаққа ынтасымен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын аттыру.

 

Просмотр содержимого документа
«Кестелерді бейнені және дыбысты енгізу»

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді бейнені және дыбысты енгізу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды презентацияға кестелерді , бейнені және дыбысты енгізуді үйрету

Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушының сабаққа ынтасымен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын аттыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, слайд

Сабақ өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үйге берілетін тапсырманы тексеру

  3. Жаңа сабақ

  4. Жаңа сабақты бекіту

  5. Қорытындылау

  6. Үйге тапсырма беру

  7. Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Үйге берілген тапсырманы тексеру

  1. Презентацияға мәтінді қалай кірістіруге болады?

  2. Гиперсілтемені слайдқа немесе файлға қалай кірістіруге болады?

  3. Толтыру орны деген не?

Жаңа сабақ түсіндіру

Кестені кірістіру

Презентацияға кестелерді енгізу үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:

1.Кестені қосу үшін, слайд бетін таңдаймыз.

2.Кірістіру (вставка) қосымша бетінен кестелер тобынан Кесте батырмасын басамыз. Кестені кірістіру командасын орындайсыз. Кестені кірістіру сұхбат терезесіне өзімізге қажетті кестелер мен жолдар санын көрсетеміз.

3.Кестенің ұяшығына мәтінді енгізу үшін тінтуір батырмасын ұяшыққа шерту керек. Әрекеттерді орындап болғаннан кейін кестенің сыртына шерт.

4.Кестеге жолдарды қосу үшін, соңғы жолдың ұяшығынығ ішіне меңзерді апарып, Tab батырмасын шерт.

Бейнені кірістіру

Power Point 2010 презентациясына кірістірген бейне сол файлдың бір бөлігі болады.

Файлдан бейнені енгізу (Внедрение видео из файла)- бейнені кірістіру (Вставка видео) командалары арқылы презентацияға файлдардан бейнені тікелей енгізуге мүмкіндік береді.

Бейнені енгізу үшін төмендегі әрекеттерді орында:

  • Бейнені енгізуге қажетті әдеттегі режимнен слдайды таңда.

  • Кірістіру (Вставка)қосымша бетіндегі Мультимедиа тобынан Бейне (Видео) немесе Фильм таңбашасын басқаннан кейін Файлдан бейнені (Видео из файла) пунктін таңда.

  • Қарау (Просмотр) тобынан Шығару (Воспроизвести)командасын таңдап, фильмді көру үшін іске қос.

Дыбыс кірістіру

- Кірістіру (Вставка) қосымша бетінен Мультимедиа тобынан Дыбыс (Звук) командасын орында;

-Дыбысты кірісіру терезесі экранға шыққаннан кейін дыбыстық файлды таңдап, ОК батырмасын бас.


  • Слайдта белгіше және Дыбыспен жұмыс (Работа со звуком) Пішім қосымша беттері шығады. Екі қосымша бет арқылы дыбыс қаттылығын, дыбыстық белгішеніауытыруға, монтаж жасауға мүмкіндік береді.

  • Экранға суретті кірістіру үшін төмендегі әрекеттер орындалады:

1.Кірістіру қосымша бетіндегі Бейне (Изображение) тобында орналасқан Түсіру (Снимок) менюінен экранды қиып алу (Вырезка экрана) командасын орында.

2. Экран терезесі пайда болғаннан кейін айқас «+» белгісінің көмегімен слайд қойылатын аймақ ерекшеленеді.

Жаңа сабақты бекіту:

Компьютерде слайдқа кестелерді, дыбыс және бейне енгізіп, тәжірибелік жұмыс жүргізіледі.

Қорытындылау:

  1. Кестені қалай енгізуге,оған жолдарды қалай қосуға болады?

  2. Презентацияға бейнені қалай енгізеді?

  3. Дыбысты қалай қояды?

Үй тапсырмасы:

Өткен тақырыпты оқи отырып, оқушыларға бөлінген тақырыптар бойынша презентация жасау.

Бағалау