Просмотр содержимого документа
«Көкеністер. Қызанақ, қияр»
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средей группе
Өткізу күні/Дата проведения: 20 караша 2019 жылы
Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна
Білім беру саласы//Образовательная область: «Таным»
Пән/Предмет: «Жаратылыстану».
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы/Тема: «Көкеністер. Қызанақ, қияр»
Мақсаты/Цели: Көкеністер олардың түстері, жинап алатын мезгілі және неге көкеніс деп аталатынын түсіндіру. Күнделікті тамаққа жиі пайдаланатын қияр мен қызанақ туралы әңгімелесу. Көкеністерді сипаттау арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту. Окыту/обучающая: Балаларды жылдың күз мезгілімен, табиғаттағы күзгі ерекшеліктермен таныстыру.
Тәрбиелілік/воспитательная: табиғат аясындағы қарапайым мінез- құлық ережелерін сақтап, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс/Билингвалдық компонент: Қызанақ-помидор, қияр-огурец.
Ресурстармен камтамасыз/ Ресурсное обеспечение: Суреттер, ақ қағаз.
1. Ұйымластырушылық көзені/организационный момент.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?-Иә, балалар, Күз мезгілі екен.Өткен сабақта біз сендермен Күз мезгілімен таныстық. Күз мезгілі-көкөністердің , астықтардың пісіп жетілетін кезеңі .Біз көкөністер туралы не білеміз?
II.Негізгі бөлім
1.Әңгімелесу.
Балалар, бәріміз көзімізді жұмып, бір сәт ойланайық.Енді көздеріңді ашуларыңа болады.Не деген тамаша!(Балалар үстел үстіндегі себет толы көкөністерді көріп таңғалады)-Қияр,сәбіз, қызылша,картоп,пияз,қызанақ-көкөністер.
Суретпен жұмыс.
Көкөністер қайда өседі екен ?-Көкөністер құрамында дәрумендер өте көп.Күнделікті өмірде көп пайдаланатын көкөністердің бірі-қияр мен қызанақ.Қиярдың түсі қандай?-Қиярдың түсі жасыл болады.Пішіне сопақша
түкті болып келеді.Қызанақ-қызыл түсті көкөніс. Қызанақтың пішіні дөңгелек. Мен қиярмын, қиярмын,Жаттығуға даярмын.Қолдарымды көтеріп ,Қиярдай болып өсермін.
Билингвальды компонент:
Қызанақ-помидор, қияр-огурец.
Сергіту сәті.
Көкеністер:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішішмізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Қияр:
Дәмім тілді үйірген
Мен түздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Қызанақ:
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
- Балалар сергіту сәті не туралы болды?
- Жарайсыңдар!
Саусақ жаттығуы.
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
III.Қорытынды
- Мына суретте неше көкөніс көрсетілген?
- Көкөністер қайда өседі ?
- Көкөністерді қалай күтп-баптайды?
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады.
Балаларды мадақтау.