СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Күнді жапқан бұлт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды түрлі түсті карандаштармен күннің көзін – дөңгелек, сәулелерді  - түзу сызықтар, бұлтты  - домалақты салуды үйрету; сары, көк түстерді бекіту; сурет салуға деген ынтасы мен қызығушылығын ояту және қолдау. 

Просмотр содержимого документа
««Күнді жапқан бұлт»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жасы: (3-4) Екінші кіші «Балдаурен» тобы

Тәрбиеші: Исмакова Б.С.

Күні: 21. 09. 2016

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: Сурет салу

Тақырыбы: «Күнді жапқан бұлт

Мақсаты: Балаларды түрлі түсті карандаштармен күннің көзін – дөңгелек, сәулелерді - түзу сызықтар, бұлтты - домалақты салуды үйрету; сары, көк түстерді бекіту; сурет салуға деген ынтасы мен қызығушылығын ояту және қолдау.

Алдын-ала жұмысы: жыл мезгілдері туралы суреттерді қарау, түстерін атау.

Сөздік жұмысы: қызыл, сары, жасыл, көк т.б.

Әдістемелік құралдар: Суреттер, қарындаштар


Іс әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі.

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жұмбақтын шешімін таба қойындар.

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп,

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

-Жауабы не?

-Ия,дұрыс.(осы сәтте есік қағылады)

Тосын сәт: Топқа қонаққа «Күз аруынын» келуі.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!



Балалар жұмбақты мұқият тындап отырады шешуін тез тауып айтады.


(қарындаш)


Балалардың назары қағылған есікке аударылады.

Балалар «Күз аруымен» амандасады, танысады.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балалармен күзде болатын өзгерістерді айтып әңгімелесу.

Балаларға әртүрлі суреттерді көрсете отырып күзде болатын өзгерістерді бақылатқызу.

Күздің алдыңда қандай мезгіл болатының сурет арқылы көрсету.

Және күзден кейін қандай мезгіл болатынын айтып көрсету.

Суретті салу жолдарын көрсету:

-Алдымен мен сендерге күннің көзінің суретін бірнеше бөліктен салу жолдарын көрсетейін.

-Біріншіден оның дөңгелек пішінін салайық.

-Ал, енді мен күннің шуақтарын мынасызықтар арқылы көрсетемін.

-Келесі суретіміз күнді бұлт жауып жатқанын салып көрсетемін.

Сергіту сәті.

Балалар жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырады

Қандай өзгерістерді біледі, сол туралы әңгімелеп айтып береді.

Жыл мезгілдерінің суреттерін қарап отырып өздерінің білгендерін қосып отырады.





Балалар әрқайсысы өз үстел басына барып отырады.

Балалар қарындаштарын қолдарына алып, көгілдір түсті тауып, тәрбиешінің түсіндіріп жатқан салу жолдарын мұқият қарап отырады.

Сергітуді орындайды.

Қөрмені тамашалайды.

Рефлексивті

түзетуші


Ойын: «Жапырақтарды тез жина»

Жинаған жапырақтардың түстерін балалар тәрбиешінің көмегімен айтуға тырысады. Күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкіністермен ойнауға ұсыну.

Ойынды қызыға ойнайды, жапырақтардың түстерін ажыратып айтып береді.

Балалар қуана муляждарды алып оларды себеттерге салып ойнайды.

Күтілетін нәтиже:


Жаңғыртады: Пішіндер мен түстер туралы;

Түсінеді: Күзде болатын өзгерстерді;

Қолданады: Ұқыпты, таза сурет салуды;