Просмотр содержимого документа
«Күзгі жапырақтар»
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу- кызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения: 18 казан 2019 жылы
Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна
Білім беру саласы//Образовательная область: «Шығармашылық»
Пән/Предмет: «Кұрастыру».
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Күзгі гүл шоғы».
Тақырыбы/Тема: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты/Цели: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға дағдыландыру, саусақ бұлшық еттерін дамыту, күз көрінісін бейнелей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Окыту/обучающая: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Тәрбиелілік/воспитательная: Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу..
Сөздік жұмыс: сары ала жапырақтар, үйілген жапырақтар.
Билингвалдық компонент: жапырақ-листья-leaf, тиін-белка-squirrel, күз-осень-autumn.
Ресурстармен камтамасыз/ Ресурсное обеспечение: демонстрациялық материалдар, бейнетаспа, түрлі-түсті жапырақтар, түрлі-түске боялған тұздар.
1. Ұйымластырушылық көзені/организационный момент.
Тәрбиеші балаларға орманнан Күз ханшасы келгенін хабарлайды. Күз ханшасы тәрбиешінің құлағына сыбырлап бір құпияны айтады. Тәрбиеші балаларға Күз ханшасының бейнетаспаны көру туралы ұсынысын жариялайды.
Бейнетаспаны көріп болғаннан кейін тәрбиеші балаларға пысықтау сұрақтарын қояды:
Балалар, бейнетаспада Күз ханшасының ненің көрінісін көрсетті?
Ормандағы ағаштар қандай, жерде не жатыр, жапырақтардың түсі қандай?
Осы көріністі «Алтын күз» деп атауға болатындығын түсіндіреді. Балалармен «алтын күз», «сары ала жапырақтар», «үйілген жапырақтар» сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді.
Енді жапырақтардың бейнесін әдемі сурет етіп саламыз.
2.Негізі бөлімі/основная
1.Әңгіме жүргізу.
Алуан –алуанжапырақтар
Желтолқытсаұшады.
Түрлі-түскебоялып,
Жербетінеқонады.
Бұл суретті салу жолдарын тәрбиеші балаларға түсіндіріп, алдымен өзі көрсетеді.
Жапырақтар әр мезгілде әртүрлі түске боялады. Жазда жасыл болса, күзде сары түске боялады. Қыста жапырақтар болмаса, көктемде ағаштар бүршік жарып, жасыл болып жапырақтар шығады.
Күзгі жапырақтар сары, кейін қоңыр түске еніп, жерге түседі. Тәрбиеші дайын жапырақты балаларға ұсынады.
Жапырақтардың дайын бейнесін бояймыз. Қолымызға дайын түске боялған тұзды алып, жапырақтың үстіне себеміз. Жұмысты мұқият, ұқыпты тәрбиеші балалармен бірге орындайды.
2.Ойын: «Ағаштарды жапырақтар мен безендірейік»
3.Қорытынды:
Күзханшасы балалар салған суреттерді қарап көріп, жапырақтың бейнесін әдемі салғандарын айтады. Өзінің ДОСы қоянға апарып беріп, қуанатындығын айтып, балалармен