Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Қызықты қыс мезгілі.»
Тақырыбы: Көнілді Қыс.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп,көре білуге тәрбиелеу.
Дамытыушылық: Өзіне тән ерешеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту: Қыс мезгілі туралы түсініктерің кеңейту.
Просмотр содержимого документа
«"Қызықты қыс мезгілі"»
Бірінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Қызықты қыс мезгілі.»
Тақырыбы: Көнілді Қыс.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп,көре білуге тәрбиелеу.
Дамытыушылық: Өзіне тән ерешеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту: Қыс мезгілі туралы түсініктерің кеңейту.
Педагогикалықтехнологиялар: Сұрақ –жауап, түсіндіру, көрсету.Сөз қорларын молайтыу.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер көрсетету.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиешіге сәлем!
2.Негізгі бөлімі:
- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Жылы киімдерімізді киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанап ойнап, аққала жасаймыз.
(Есік тықылдатып Аққала келеді)
- Қараңдаршы балалар бүгін бізге қонаққа аққала келіпті. Аққала бізге құр келмепті, көптеген тапсырмалар ала келіпті.
- Қане, балалар олай болса аққаланың әкелген тапсырмаларын орындайық.
Аққаланың тапсырмалары.
1 тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2 тапсырма: Қыс туралы тақпақ айту.
Балалар шықты далаға,
Ойнап,күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
Сергіту сәті:
- Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Күнде әжеме құдықтан
Су әкеліп беремін. (Қимылмен көрсету)
3.Қорытынды:
Балалар бүгін біз не туралы айттық ?Қыс туралы дұрыс айтасыңдар .Ал ендеше балалар осымен сабағымызды аяқтап .Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге рахмет айтамын.