СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

" Lesson Study – оқытуды басқару және бақылаудың тиімді тәсілі "

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге байланысты өзгермелі еңбек жағдайларына тез бейімделе білетін, өз-өзін тәрбиелеуге, дамытуға, білімін толықтыруға қабілетті белсенді, жан-жақты тұлғаларға қажеттілік туындалды. Қазіргі адамның маңызды сапаларының ішінде белсенді ой-әрекеті, сыни ойлау, жаңашылды, өзбетімен білім алуға қабілеттілік ерекше орын алады. Сонымен білім беру жүйесіне тұлғаның жауапкершілігін және өзбеттілігін дамытуға жәрдемдесетін, оның өзбетінше дамуына, жүзеге асуына бағыттылған функция жүктеледі. Сондықтан орын алып отырған дәстүрлі репродуктивті оқытуға бағытталған дидактикалық парадигманы оқытудың әдістері және формалары, жаңа технологиялық құралдар жүйелері, оқытудың жаңа технология арқылы өзгерту қажет. Ал енді, оқыту үдерісінің тиімділігін зерттеп, талдау - әр ұжымның құзырында, оның шеберлігінде. 2015 жылдан бері Абай атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы өз тәжірибесіне Lesson Study тәсілін енгізіп келеді.

Lesson Study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен  қолданыла бастаған.Lesson Study-гешараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Studyөткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.