1 кезең Ұйымдастыру2 мин Үй тапсырмасын тексеру 5мин | Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын. Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз; Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз; Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз; Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз. Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз; Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! Рахмет. 1.Кластер бойынша жұмыс. Ислам дәуіріндегі әдебиет 2. Сонымен балалар, біз өткен сабақта Сәйф Сараидың «Түркіше Гүлстан» шығармасынан бойымызға не алдық? | Сабақтың басын бір-біріне деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәріне күш-қуат беретін сөздермен бастау арқылы көңіл күйлерін көтеру.Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді |
2 кезең Қызығушылықты ояту 2 мин Мағынаны тану 20мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар) Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс Жеке жұмыс Жұппен жұмыс | 1. «Ой қозғау» стратегиясы. Блум таксаномиясы бойынша оқушыларға тапсырмалар беру. Білу, түсіну І жұпқа: Махамбет Өтемісұлы кім? Ақын, мерген, домбырашы, батыр, күйші, көтеріліс басшысы ІІ жұпқа: Махамбет өмір сүрген тұстағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде не айтасыңдар? Түртіп алу стратегиясы Қолдану. 5 – 7- сыныптарда өткен ақын өлеңдерінен үзінділер айту. Талдау. Аудио тыңдалым. Өлеңді тыңдау 1.«Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңін мәнерлеп оқып беріңдер. 2. Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табыңдар. Өлеңде кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар:(Слайд) Теңеу – терлігі майдай ерімей Аллитерация - Тебінгі терге шірімей, Тебінгі теріс тағынбай, Темір қазық жастанбай Ассонанс - Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку, еңку жер шалмай,... Эпитет – қу толағай, ереуіл ат, егеулі найза. 2. Ақын тілінің сөздігін құрастыру Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған төзімді ат. Тебінгі - тоқым қысқа болғанда, аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын, ер тұрман құрамына қатысатын әбзелдің бірі Терлік – тоқымның астына салатын киіздің бір түрі Малта – сүзбеден сығып, домалатып дайындаған уақ құрт. Өзегі талу –шаршау, ашығу Темірқазық- жұлдыз “Түйінді сөздер” стратегиясы | Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай қысқаша түйіндеп, қорытындылау. | Ереуіл атқа ер салмай, Еңку-еңку жер шалмай,- | деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың айшылық алыстығының әрі ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану күшейткіш мәнге ие болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі керек. Егер де оның игерілу міндет болмаса, ол өлеңге осыншалық аса мән беріліп айтылмас та еді. Осы игеруге ұмытылдырып тұрған қажеттілік – азаттық үшін күрес. | Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ірімей | Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатындай, ал терлігінің майдай іріп, яғни, үгітіліп таусылатындай шаққа жету үшін қанша жаз бен қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің тоз-тозы шыққанын көрсету арқылы ақын ұзақ уақыттың суретін қашап шықты. | Өзіңнен туған жас бала, Сақалы шығып жат болмай- | деген де уақыттың көрсеткіші Баланың өзі шал болуы азаттық үшін күрестің ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда сенің оған шыдауың керек екенін баса айтады. Бұл- бостандыққа кететін уақыт | І жұп: Өлеңнің идясы мен тақырыбын анықтаңдар. ІІ жұп: Өлең құрылысына қарай талдау Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді Негізгі тақырыбы- елі үшін еңіреген ер Исатайдың қаһармандық тұлғасы. Автордың бұл өлеңдегі негізгі тақырыбы – қазақ қамы үшін қан майданға тайсалмай қатысқан батырдың ерліктері мен жауынгерлік тұлғасы. Идеясы- батырдың көзсіз ерлігін, көркем сымбатын, сабырлы, әрі ойлы, парасатты жан екенін және серілігін дәріптей отырып, оған деген сағынышын білдіру. Батырдың киген сауыты. Қару-жарағы да хас батырға тән екенін көрсете келіп, сом тұлғасын халыққа жеткізу. | Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады. |
3 кезең Сабақты бекіту 5 мин | Ой толғаныс. Махамбет өлеңдерінің өміршеңдігі, құндылығы неде деп ойлайсың? (ойтолғаныс жасау) (бірнеше сөз немесе сөз тіркестерінің тізбегін құру керек. Мысалы, тәрбиелеуде, адамгершілік, рухани байлық, қайсарлық, азаматтық, жігерлілік, найзалы ерлігінде, болашағын ойлауы т.б. | Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану |