Жаңа сабақ тақырыбы:
Маневрлік жұмыстарды жүргізу
Локомотивтің технологиялық үрдістік операцияларды атқару үшін станция шегіндегі (кейде аралыққа шығу арқылы) вагондармен немесе вагондарсыз пойыздардан тыс жүріп-тұруын маневрлік жұмыс деп атайды.
Маневр жұмыстарын жазық және арнайы пішінді тартым жолдарында, сұрыптау дөңестерінде, шағын дөңестерде, көлбеу жолдар мен парктерде атқарады.
Тартым жолдарында вагондар маневр локомотивінің көмегімен, дөңестерде – вагондардың ауырлық күшінің әсерімен, шағын дөңестерде – маневр локомотивінің көмегімен және ауырлық күшінің әсерімен жүріп отырады.
Маневр жұмыстарында локомотивтердің ішінен негізінен алғанда тепловоздар пайдаланылады, ал электровоздар – сирек қолданылады. Жүк тиеу-түсіру және жөндеу жолдарындағы вагондарды жылжыту үшін тұрақты құрылғылар қолданылады.
Станциялық жолдардағы маневрлер тек бір ғана қызметкердің нұсқауымен — станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, сұрыптау дөңесі немесе паркі бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчерінің нұсқауымен жүргізілуі тиіс.
Маневрлерді басқару жөніндегі міндеттерді бөлісу жөнінде станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.
Маневрлік жұмыстағы нұсқаулар берудің негізгі құралы радиобайланыс, ал қажетті жағдайларда — екі жақты парктік байланыс құрылғылары болуы тиіс.
Маневрлік жұмыста сигналдарды қол сигнал беру аспаптарымен беруге рұқсат етіледі.
Маневрлердің жүргізілу жылдамдығы төмендегі шамалардан жоғары болмауы тиіс:
60 км/сағ — бос жолдармен жеке локомотивтер немесе артынан қосылған және сынап тексерілген автотежегіштері бар вагондары тіркелген локомотивтер жүріп өткеңде;
40 км /сағ — артына вагондары тіркелген локомотив қозғалысы кезінде, сондай-ақ жеке арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бос жолдармен жүріп өткенде;
25 км/сағ — вагонадарды алда ұстап бос жолдармен қозғалыс кезінде, сондай-ақ қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездардың қозғалысы кезінде;
15 км/сағ — адамдар отырған вагондармен қозғалыс кезінде, сондай-ақ 4-ші, 5-ші және 6-шы дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздігі бар габариттен тыс жүктермен қозғалыс кезінде;
5 км/сағ — түртіп итеру маневрлері кезінде, дөңесасты паркінде вагон ағытпасының басқа ағытпаға таяған кезінде;
3 км/сағ - локомотивтің (вагондармен немесе оларсыз) вагондарға таяған кезінде.
Төмендегі жағдайларда маневрлерді түртіп итеру және дөңестерден тарқату арқылы жүргізуге тыйым салынады:
- жүктерді ілеспелейтін жолсеріктері (командалары) бар вагондардан басқа адамдары бар вагондарды;
- Жүктерді темір жолдармен тасымалдау ережелерінде және Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде атап өтілген жекелеген категориялардағы жүктері бар вагондарды;
4-ші, 5-ші, 6-ші дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздігі және 3-ші дәрежелі жоғарғы габаритсіздігі бар жүктермен тиелген платформалар мен үсті ашық вагондарды, жүк тиелген транспортерлерді;
Жұмыс істемейтін күйіндегі локомотивтер, моторвагонды жылжымалы құрам, тоңазытқыштық поездардың қүрамдары, жолаушы вагондары, темір жол жүрісіндегі крандарды;
"Дөңестен түсіруге болмайды" трафареті бар вагондарды және арнайы жылжымалы құрамды.
Маневрлік қозғалыстарды жүргізуі кезіндегі локомотивтік бригаданың міндеттері төмендегідей:
- маневрлік жұмыстар тапсырмасьш дәл және дер кезінде орындау;
- берілетін сигналдарды мұқият қадағалау, сигналдарды және қозғалыстар женіндегі нұсқауларды дәлме-дәл және дер кезінде орындау;
- жол бойындағы адамдарды, стрелкалардың қалпын және жылжымалы құрамның орналасу жағдайын мүқият қадағалау;
- маневрлерді жүргізудің қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақтанымдылығын қамтамасыз ету.
Техникалық диктант
II-НҰСҚА
60 км/сағ — бос жолдармен жеке ......................... немесе артынан қосылған және сынап тексерілген ......................... бар вагондары тіркелген локомотивтер жүріп өткеңде;
......................... - локомотивтің (вагондармен немесе оларсыз) вагондарға таяған кезінде.
4-ші, 5-ші, 6-ші дәрежелі бүйірлік және ......................... габаритсіздігі және ............. дәрежелі жоғарғы габаритсіздігі бар жүктермен тиелген платформалар мен үсті ашық вагондарды, жүк тиелген ......................... дөңестен жіберуге болмайды
I-НҰСҚА
......................... — артына вагондары тіркелген локомотив қозғалысы кезінде, сондай-ақ жеке арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бос ......................... жүріп өткенде;
5 км/сағ — ......................... маневрлері кезінде, дөңесасты паркінде вагон ағытпасының басқа ......................... таяған кезінде;
Жүктерді темір жолдармен тасымалдау ережелерінде және Темір жолдармен ......................... жүктерді тасымалдау ережелерінде атап өтілген жекелеген ......................... жүктері бар вагондарды дөңестен жіберуге болмайды
вагондармен
қауіпті
түртіп-итеру
төменгі
ағытпаларға
3 км/сағ.
транспортирлерді
40 км/сағ.
категориялардағы
локомотивтер
автотежегіштері
3-ші
Техникалық диктантта пайдалануға болатын сөздер...
Қатемен жұмыс
II-НҰСҚА
60 км/сағ — бос жолдармен жеке локомотивтер немесе артынан қосылған және сынап тексерілген автотежегіштері бар вагондары тіркелген локомотивтер жүріп өткеңде;
3 км/сағ - локомотивтің (вагондармен немесе оларсыз) вагондарға таяған кезінде.
4-ші, 5-ші, 6-ші дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздігі және 3-ші дәрежелі жоғарғы габаритсіздігі бар жүктермен тиелген платформалар мен үсті ашық вагондарды, жүк тиелген транспортирлерді дөңестен жіберуге болмайды
I-НҰСҚА
40 км/сағ — артына вагондары тіркелген локомотив қозғалысы кезінде, сондай-ақ жеке арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бос вагондармен жүріп өткенде;
5 км/сағ — түртіп-итеру маневрлері кезінде, дөңесасты паркінде вагон ағытпасының басқа ағытпаға таяған кезінде;
Жүктерді темір жолдармен тасымалдау ережелерінде және Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде атап өтілген жекелеген ка тегориялы жүктері бар вагондарды дөңестен жіберуге болмайды