Білімділік мақсаты: Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктері, табиғат ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға сыйластыққа шыншылдыққа, жауапкершілікке, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап
Оқу құралдары: Оқулық, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1. Сұрақ-жауап.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
Австралия (лат. australis — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы.
Просмотр содержимого документа
«"Материктер мен мұхиттар географиясы" тақырыбында сабақ жоспары.»
Пәні Материктер мен мұхиттар географиясы
Сыныбы:7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аустралияның физикалық-географиялық орны
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктері, табиғат ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға сыйластыққа шыншылдыққа, жауапкершілікке, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап
Оқу құралдары: Оқулық, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1. Сұрақ-жауап.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
Австралия (лат. australis — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы.
Австралияның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солт.-шығ. жағалауын бойлап (ұз. 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания ар-нан Австралияны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Австралия шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Австралия құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.
Жер бедері
Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.
• Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр.
Аустралия - құрлықтың ішіндегі ең кішісі. Аустралия 10°41′ оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңтүстік ендіктегі Оңтүстік-Шығыс мүйіске дейін және 113°05′ шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасының су жырған жерлері аз кездеседі; ірі шығанақтары : солтүстігінде - Карпентария, оңтүстігінде Аустралияның Үлкен шығанағы; үлкен түбегі - Кейн-Йорк. Оңтүстігінде Басс бұғазы (ені 224 км) бөліп жатқан Тасмания аралы бар. Шығыс жағалауын бойлай 2300 км-ге созылып, Үлкен Тосқауыл Рифі жатыр. ІV Қорытынды
Оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беру.