СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепке дейінгі балаларға арналған ертегілер жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балаларға арналған ертегілер жинағы

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі балаларға арналған ертегілер жинағы»

Бір үзім нан

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

Ыбырай Алтынсарин (Тазша бала)


Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. Бір күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, етінен кемпір мен шалға бір түйір де берместен, арқалап кетіпті. Келе жатса бір өнерші байдікіне келеді. Бұл байға өнер үйренуге ол жігіт жалданыпты. Өнерші бай бек қатты жауыз адам екен, ол жалданған жігітті бір сандыққа салып қойып, аштан өлтіріпті. Үйінде қалған ортаншы баласы, бұ да өнер үйренбекке талап етіп, ода ағасының кеткен жолымен кетіп, о да өнерші байға келіп жалданып ты. Өнерші бай оны да ағасынша аштан өлтіріпті. Үшінші ұлы Тазша бала, о да ағаларындай өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, жарты етін әке-шешесіне беріп, олардан рұқсат алып, арқалап кетіпті.

Келе жатса бір қора қойға ұшырапты. Бұл қора қойдың қойшысына жолығып сұраса, бұл қойлар өнерші байдікі екен. Ол Тазшадан сұрайды:

-Балам, қайда барасын? -деп.

Тазша бала жауап береді:

- Өнер үйренуге барамын -деп.

Сонда шал тұрып айтады: .

- Балам, ол сөзіңді бөтен ешкіміге айтпа- деп,-өзіңе өтірік айтпа, жатқа (бөтендерге) шыныңды айтпа деген - деп.

Сонан соң бұл бала шалдың бұл айтқаны рас екен деп ойлап, өнерші байға барыпты. Байдың үйіне қонып, ертең жүрейін деп жатқанда, өнерші бай Тазшадан сұрайды:

- Балам қайда барасың, жолың болсын? - деп.

Тазша бала жауап береді:

- Мен өзіңдей ер баласы жоққа еншілес бала боламын - деп.

Сонда өнерші бай айтады:

- Балам, сен біздікінде қал, маған бала бол, біздің бір ақ кұнан қойды сойып, той қылып, асық жілігін етімен өзін, жеп той, мен өзім жолаушы барамын - дейді де, өзі жолына кете береді. Бала (Тазша):

- Хош әке, жақсы бол! -деп, үйінде қала беріпті.

Бұл өнөрші байдың үйінде бір қызы бар екен.

Бұл Тазша балаға айтады:

- Аға, сен асық жіліктен өзің жемей, керегенің басына іліп кой, сонда бір ақ тазы келіп, жілікке ұмтылар, сонда сен балтамен ол тазыны лақтырып өлтір - деп. Мұнан соң Тазша бала ақ құнан қойды сойып, той қылып, көршілерін шақырып, асық жілігін өзі жемей, қыздың айтқанын қылып, керегенің басына іліп қойғанда, айтқанындай ақ тазы келіп етті жілікке ұмтылғанда, Тазша балтамен жіберіп қалыпты; бірақ балтасы тазыға тимей, ит кашып құтылып кетіпті. Өнерші бай үйіне келген соң, Тазша баланың мұндай істерді істегенін біліп, қатты ашу етіп, бұл итті аштан өлтірейін деп сандыққа салып қойыпты. Бұл байдың бағанағы қызы, әкесі жоқта, сандығының түбін тесіп тамақ беріп, Тазшаны тойдырып тұрыпты. Бірнеше күндер өткен соң Тазшаның өз әкесі балаларын іздеп шығып, өнерші байдікіне келіп сұрады:

- Бір Тазша деген балам бар еді, соны көрдіңіз бе? - деп.

Өнерші бай:

- Көргенім жоқ - деп жауап береді. Бұлардың сөйлесіп тұрған сөздерін Тазша үйде сандықта жатып есітіп жатыр еді.

Бай әлгідей дегенде, Тазша:

- Әке, мен мұндамын! - деп, сандық ішінен айқайлапты. Даусымен баласын танып, байдың сандығынан шығарып алып, Тазша мен әкесі үйіне қайтыпты. Тазша жолай әкесіне айтады:

- Әке, мен бір қара құнан қой болайын, мойныма жіп тағып, жетектеп барып базарға жақсы бағаға сат, бірақ жібіңді алып қал - дейді. Баласы сол жерде айтқанынша қара құнан қой болады, әкесі мойнына жіп тағып базарға апарып сатып, ақшасын алып, үйіне қайтады. Ертеңіне баласы өз қалыпына түсіп, әкесіне айтады:

- Әке, мен бір қара жорға ат болайын, мені базарға апарып сат, пұлымды ал, бірақ шылбырымды алып қал - депті. Баласы айтқанынша ат болып, әкесі базарға апарып сатып, шылбырын алып, үйіне қайтты. Ертеңіне баласы, Тазша, тағы өз қалпына түсіп, үйіне келіп, әкесіне айтады:

- Әке, мен бір жез бұйдалы нар-тайлақ болайын, сен мені базарға апарып сатта, бұлымды алып, бірақ, бұйдамды алып қалып, үйге қайта бер - деді. Тазша айтқанынша тайлақ болып, әкесі базарға сатайын деп жетектеп келе жатса, алдынан баяғы өнерші бай шығыпты. Ол айтады:

- Маған мынау тайлағыңды сат - деп.

Тазшаның әкесі айтыпты:

- Тайлағым басы жүз тілла - деп.

Сонда өнерші бай бұлардың айласын біліп, жаман оймен, тайлақты жүз тіллаға сатып алыпты да, үйіне жетектеп келіп, баяғы қызын шақырып алып, мынау тайлақты ұстай тұр депті де, өзі үйден пышақ алып, тайлақты бауыздайын деп, үйіне жүгіріп кетіпті. Қыз әкесінің жаман ниетін біліп, үйден бұ да пышақ ала шыққан екен, әкесі үйге кірген кезінде, тайлақтың бұйдасын пышақпен қиып жіберіп, босатып қоя беріпті. Өнерші бай тұра салып үйінен шығып, қашып бара жатқан тайлақты көріп қуыпты. Тазша сонда түлкі болып қашыпты, өнерші бай тазы болып қуыпты, өнерші бай жете берген кезде, Тазша түлкіден үйрек болып ұшыпты, бай онда қаршыға болып қуыпты. Бір аздан соң, Тазша бала торғай болып қашыпты, онда бай қырғый болып соңына түсіпті. Онан соң Тазша торғай қалпында шаңыраққа ұшып келіп қонып отырғанда, бай -қырғый келіп таяна бергенде, Тазша қорқып, шүберек болып жерге түсіпті. Өнерші бай онда кісі болып, шүберекті қолына алайын дегенде, Тазша тары болып домалапты. Онда өнерші бай тауық болып шұқиын дегенде, Тазша мысық болыпты да, өнерші байдың желкесіне мініп алып тістеп, тырнап, зорлықпен өнерші байды өлтіріпті. Сөйтіп, оның қызын өзі алып, барша мұратына жетіп, зор бай болып дәурен етіпті.

Гүл



Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы жерге себіледі. Гүл оны байқамайды. Гүл тағы да менің достарым жоқ, деп мұңайып жылай бастайды. Қарап тұрған күннің көзі жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң, гүл жан-жағына қараса кішкентай-кішкентай гүлдердің шыға бастағанын көреді. Гүл: «Енді менің достарым көбейді, алақай» - деп қуанады. Содан бері әр-түрлі гүлдер жерге шыға бастапты.





Мақта қыз бен мысық

Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:

– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:

– Неге шақырдың? – деп сұрайды.

Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.

Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық:

– Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.

Мақта қыз:

– Менің қатығымды төле! –дейді.

Мысық сиырға барады.

– Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

Сиыр: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.

Мысық ағашқа барып:

– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.

Ағаш: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.

Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.

Мысық дүкенге барады. – Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Дүкенші: – Маған жұмыртқа бер! – дейді.

Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.

Тауықтар: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.

Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.

Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.


Бір жарым дос

Хан баласына қазына береді. Өзіңе дос жи дейді. Баласы 100 дос тауып келдім дейді. Қырық жыл хан болып, менде бір жарым ғана дос бар. Сен қалай бір жолғы сапарда 100 дос таптың дейді әкесі. Сөйтіп бір жарым достың тарихын айтады. Оның бір досы - бай, жарты досы - кедей екен. Хан сол екі досын сынамақ болады. Мен үшін жаныңды қи, сонда мен тірі қаламын,-дейді хан бүтін досына ауырып жатқан болып. Ол жанымды емес, малымды ал, балаларым көп еді дейді. Хан кедей досын шақырады. Оған да соны айтады.

-Қидым,-дейді кедей.

-Неге?-деп сұрайды хан.

-Менің жаным халықтың ханын сақтап қалуға жараса, одан артықтың керегі не маған,-дейді кедей.

Содан соң хан кедейді бүтін, байды жарты досым депті.






Еріншек


Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты. Еріншек етікшінің үш ешкісі бар екен. Күн суытып, қыс түсіпкележатқанын көре тұра еріншек ешқандай қам жасамапты. Ешкілеріне азықтық жем-шөп жинамапты. Бір түнде боран қар жауады да, жердің бетін ақ көрпе бүркеп қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады.

Етікші, керек десең, сыртқа шығуға да ерініп, әйеліне:

— Барып көріп келші, ешкілерге не болып жатыр екен,— деп жұмсайды. Әйелі барып көріп келеді де:

— Бір ешкі өліп қалыпты,— дейді.

Сонда еріншек:

— Е, мал іші болған соң, өлім-жітімі де болады ғой,— деп жата беріпті. Ертеңіне еріншек ешкілерді көріп келуге әйелін тағы жұмсайды.

— Тағы бір ешкі өліп жатыр,— деп келеді әйелі.

Еріншек келесі жамбасына аунап түсіп:

— Мал іші болған сон, өледі де,— дейді де қояды.

Үшінші күні етікші әйелін малды көріп кел деп тағы да жұмсайды. Әйелі жалғыз ешкінің де қатып қалғанын айтып келеді. Сонда етікші жаны жай тапқандай, бір аунап түсіп:

— Бәйбіше, біздің малдың өлімі өсымен тыйылған да шығар,— депті.




Мұрагер


Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

- Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек,— дейді.

Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:

- Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

\ - Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді.

Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:

- Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес,—дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:

- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді. Сонда кенжесі:

- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, кайрат-жігерге толы жүрегім бар,— дейді.

Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.

- Жұмыс істей білген адам жұтамайды, -деп, өзінің кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.





Арыстан мен қоян



Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты. Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:

— Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.

— Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып.

Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп: — Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады.

Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады.

Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:

— Міне, нағыз ер!

– деп мақтапты.



Алтын балта


Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдын балтасын сұрап алады. Бір күні кедей диірменге барып балтасын ағып жатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге балтамды алып бер дейді. Ол қолын диірменге салып бір алтын балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Диірменші екінші рет қолын салғанда, күміс балтаны алып шығады. Сонда диірменші оған «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Сонда диірменші үшінші қолын салғанда бір ағаш балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Сонда кедей «Йа, осы менің балтам» дейді. Сонда диірменші «Пейілің таза адам екенсің. Сондықтан мына алтын балтаны ал!» дейді. Ол үйіне барып, не болғанын айтып береді. Балтаны ағып жатқан диірменге қалай түсіргенін айтады. Бай кедейдің айтқанының бәрін қайталап істейді. Ол балтасын суға түсіріп, диірменшіге балтамды алып бер дейді. Сонда диірменші алтын балтаны алып шығады. Ол байдан «Мынау ма сенің балтаң?» дейді. Сонда бай «Менің балтам!» дейді. Диірменші оған «Өтірік айтпа, мынау сенің балтаң емес!» деп өзінің ағаш балтасын береді.



Түлкі мен құмыра

Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.

Түлкі:

– Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды, – дейді.

Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды.

Түлкі ашуланып:

– Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырармын, – деп жүгіріп келіп, өзенге қойып кетіпті.

Сөйтіп, құмырамен бірге өзі де батып кетсе керек.











Арыстан мен түлкі

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:

- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:

- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.

- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан.

Түлкі:

- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.