Серикбаева Гулмира Бекешовна
№4 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы
Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы ортаны құрудың заманауи тұжырымдамалары
Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы ортаны мақсатты бағытты, педагогикалық тұрғыдын ақталған жобалау мамандардың ортаның тұлғаға тәрбиелік, оқытушылық, дамытушылық әсерін және қазіргі заманғы балалардың іс-әрекетін айқын түсінудің негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл процесте түрлі факторлар кешенін есепке алу қажеттілігі мектеп жасына дейінгі балалар үшін дамытушы орта құрудың жалпы тұжырымдамасын жасаудың маңызының жоғары екендігін көрсетеді. Ол педагогиканың онымен сыбайлас ғылымдардың ғылыми негізделген деректеріне сүйенуі тиіс, оған қойылатын неғұрлым жоғары талаптарды ескеруі керек және жергілікті жерлерде педагогтардың нақты білім беру мекемелерінің ерекшеліктеріне бағытталған шығармашылығына кең жол ашып беру қажет.
Тұжырымдама – жобалау түрі, ол арқылы негізгі көзқарас, жүйені құрудың жетекші ойы баяндалады. Оған оны негіздейтін теория қосылады, қарастырылатын құбылыстың түсініктемесі енгізіледі, жүйені тікелей ұйымдастырудың теориялық қағидалары беріледі.
Мектепке дейінгі педагогикада дамытушы ортаны жобалаудың тұжырымдамалақ негізін жасау С. Л. Новоселованың, Л. М. Кларинаның, В. А. Петровскийдің, Л. П. Стрелковтың, М. Н. Полякованың және т.б. аттарымен байланысты. В. А. Петровскийдің басшылығымен жасалған тұжырымдамада мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта құрудың маңызы мен принциптері анықталған, оны іс жүзіне асырудың нұсқалары ұсынылған. М. Н. Полякова мектепке дейінгі мекемеде дамыту ортасының жалпы сипаттамасын анықтаған, онда дамытушы ортаны құру принциптері берілген, бұл принциптерді педагогикалық практикаға енгізу мектепке дейін білім беруді гуманизациялауды қамтамасыз етеді.
С. Л. Новоселованың жетекшілігімен Мәскеу аймақтық «Астаналық білім беру» бағдарламасы аясында біртұтас тұжырымдама жасалды, ол тұжырымдаманың ғылыми психологиялық-педагогикалық негіздерін; балалық шақтың дамытушы заттық ортасының тұжырымдамасының негізгі қағидаларын; мектепке дейінгі мекемеде дамытушы заттық орта жүйесінің базалық компоненттерін негіздеуді қамтыды.
Тұжырымдамамен дамытушы ортаның базалық компоненттерін жобалау жөнінде әдістемелік ұсыныстар бірге жүреді. Мынадай сұрақтарға жауап бере отырып, С. Л. Новоселованың тұжырымдамасына қысқаша сипаттама берейік: мектеп жасына дейінгі балалар үшін дамытушы ортаны жобалағанда педагог қандай теориялық негіздерге сүйенуі тиіс? Ортаның маңызды компоненттерін іріктей отырып нені ескеруі керек? Тұлғаны қалыптастыру және балалардың іс- әрекеті үшін, олардың субъективтік қасиеттері үшін олардың қайсысы қажетті (базалық)? Бала толыққанды, жан-жақты даму үшін орта қандай қандай негізгі талаптарға сай болуы тиіс?
Тұжырымдаманың ғылыми психологиялық-педагогикалық
негіздері
Тұжырымдама әрекеттік-жас ерекшелікке негізделеді және іс-әрекетінің заттық сипатының заманауи түсініктеріне, баланың психикалық және тұлғалық дамуы үшін маңыздылығына сүйенеді. С. Л. Новоселова іс-әрекет өзінің іс-әрекет тәжірибесі субъектісінің қорытындысына байланысты өзінің психологиялық мазмұнын үнемі өзгертіп тұратындығын пайымдаған. Іс-әрекеттің бала әлемін қалыптастыратын қорытынды тәжірибесі қандай да бір іс-әрекетте нақты істің мақсаттарына жету жағдайында бағдарды анықтап қана қоймайды, оның келесі мазмұнын байытады (А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, М. И. Лисина). Іс-әрекет психиканы құрады, әрекетсіздік тұлғаны депривацияға, оның мүмкіндігін шектеуге әкеліп соғады.
Бала дамуының күшті байытушы факторы – әлеуметтік-мәдени айналасы және оның заттық ортасы. Әрбір бала өзінің дамуында сөзсіз жанұяның, оның тұрмысының, мәдени артықшылықтарын және үлкендердің іспен шұғылданатындығын, бос уақыт мазмұнын көреді. Мектепке дейінгі мекеме білім беру орталығы ретінде «бағдарланған» мәдениет зарядын алып қана қоймайды, балалардың өмірін түрлі жағдайларда байытып жүрген мөлтек ауданның, қаланың, ауылдың мәдени ахуалын да, олардың іс-әрекет және эмоционалдық-құндылық қатынастарындағы тәжірибесін де көреді. Әр жас сырттан өзі үшін керектіні алады.
Іс-әрекетті құраушы фактор болып оның пәні есептеледі. Іс-әрекет пәні (оның мотиві, А. Н. Леонтьев бойынша) әжептәуір материалдық және идеалдық нәрсе болуы мүмкін. Сәбилік кезде мотив пен пән бірге болады. Ары қарай пән қоғамдық-берілген мәнді айқындайды, және іс-әрекет мотиві заттың өзі емес, оның атқаратын қызметі бола- ды, кейіннен оның түрлену маңызы, мүмкіндігі болады. Бір мезгілде пәннің функциясы өзгереді. Баланың өсу процесінде іс-әрекет мотиві мен пәннің функциясының бұл ауысуы, С. Л. Новоселованың пікірінше, балабақшада дамытушы ортаны құру негізі болып табылады.
Балалық шақтың дамытушы ортасының негізгі қағидалары
Ерте балалық шақтан бастап баланы толыққанды дамытудың басты тетігі баланың іс-әрекеті, оның сан алуан түрлері болып табылады. Тәрбиенің әртүрлі кезеңінде іс-әрекет түрлері жетекші есебінде жүреді.
Баланы толыққанды дамытуды қамтамасыз ету үшін дамытушы заттық орта мен үлкен адамдардың балалармен мазмұнды қарым-қатынасы қажет
Дамытушы заттық орта, С. Л. Новоселова көрсеткендей, - бұл бала іс-әрекетінің, рухани және физикалық бейнесін дамытудың мазмұнын функционалды түрде модельдейтін материалдық объектілерінің жүйесі. Байытылған орта дегеніміз - баланың сан алуан іс-әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік және табиғи құралдардың бірлігі. Бұл ортаның негізгі элементтеріне архитектуралық-ландшафтық және табиғи-экологиялық объектілер; көркемдік студиялары, ойын, спорттық алаңдар және олардың жабдықтары; ірі габаритті, баланың бойына мөлшерлес мас- штабты (бойына шақ) конструкторлар; ойыншықтардың, құралдардың тақырыптық жинақтары; оқыту мен тәрбиелеудің аудиовизуалды және ақпараттық құралдары жатады.
Дамытушы орта білім беру мекемелерінің әртүрлі типтерінде: яслиде, балабақшасында, балалардың бос уақыттарын өткізу орталықтарында және т.с.с., сол сияқты дамуында ауытқуы бар балалардың реабилитациялық мекемелерінде өзіндік ерекшеліктерге ие болады.
Балалар мекемелерінің құрылысын салуды жобалағанда студиялар, шеберханалар, тірі бұрыш, компьютерлік кешендер және т.с.с. орынды қарастыру қажет. Олар ғимараттың ішінде де, даладағы алаңдарда да бала іс-әрекетіне қажетті барлық жабдықтармен, ойын және спорттық алаңдармен, көгалдандырылған аулалармен толық қамтамасыз етілген болуы тиіс.
Халыққа білім беру мекемелерінің қызметі балалар алаңдарын, аулалардағы ойын алаңдарын, саябақтарды салуға, оларда штаттағы мамандарды ұстауға арналуы тиіс.
Тұжырымдама нұсқалы дамытушы ортаның дизайн-жобаларын және балалар үшін арнайы орындар жасауды қарастырады.
Дамытушы ортаға қойылатын талаптар Ортаның дамытушы сипаты. Ол объективті, өзінің мазмұны мен қасиеттері арқылы, баланың шығармашылдық іс-әрекетіне жағдай жасауы керек, физикалық және психикалық даму мақсаттарына қызмет етуі, ақпаратты және мектеп жасына дейінгі баланың жуық арадағы даму зонасына бағытталған болуы керек. Ортаның дамытушы функ- циясы баланың қарапайым іс-әрекет түрінен неғұрлым күрделі түріне көшуіне ықпал ететін дәстүрлі және жаңа, өзгеше компоненттердің есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ортаның бала іс-әрекетінің когнитивтік (танымдық) құрылымына сәйкес болуы, яғни ортада балаға белгілі және зерттеуге жататын проблемалық компоненттер болуы керек.
Ортаның нұсқалылығы. Мектепке дейінгі мекеменің типіне, мақсаттары мен білім мазмұнына, мәдени дәстүрлеріне қарай орта қайталанбас түрге енеді. Бұл материалдардың көптігімен, көркемдік- бейнелік шешіммен, оның компоненттерінің ауқымдылығымен қамтамасыз етіледі.
Орта функционалдық сенімділік және қауіпсіздік деңгейінде жайлы болуы керек. Орта компоненттері – мөлшерлес масштабты және балалр мен үлкен адамдардың іс-әрекетінің макро- және микрокеңістігімен өлшемдес болуы тиіс.
Бала іс-әрекетінің объектілері мен құралдары, олардың эстетикалық және гигиеналық көрсеткіштері ғылыми негізделген сипатта болуы қажет.
Іс-әрекеттің көшпелі және тұрақты құралдары мен объектілерінің болуы әрбір балаға іс-әрекетті, оны орындаудың қарқынын, мерзімін және шарттарын өз бетімен таңдауға мүмкіндік жасайды.
Мектепке дейінгі мекемені архитектуралық-жоспарлау шешімі әртүрлі жастағы және әрекетті меңгеруде әртүрлі деңгейдегі балалардың біріккен іс-әрекеті үшін жағдай туғызуды, жергілікті этнопсихологиялық, мәдени-тарихи және табиғи-климаттық жағдайды ескеруді қарастырады.
Білім беру мекемесінде заттық орта жүйесі отбасы, тұрғын мөлтекаудан жағдайларымен сәйкес болуы тиіс.
Заттық ортаның барлық компоненттері мазмұны, масштабы, көркемдік шешімі жағынан бір-бірімен байланысты болуы керек.
Заттық орта бала іс-әрекетінің объектісі мен құралы ғана емес, педагогикалық процесс мәдениетін жеткізуші болып табылады, педагогқа шығармашылық үшін мүмкіндік жасайды, тұлғалық-кәсіптік өзін-өзі сыйлауды қолдауға қызмет етеді. Қазіргі кезде қажетті дамыту- шы заттық ортаның жеткіліксіздігінен іс-әрекетті депривация жасауға жол берілмеуі керек. Заттық вакуум жағдайында баланың жаңаны білуге ынтасы жойылады, аптия туындайды.
Баланың шығармашылық дамуының үлкен резерві мектепке дейінгі балалық шаққа балалардың ойындары мен басқа да іс-әрекет арқылы енетін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Мектепке дейінгі мекеменің дамытушы ортасын жобалау мемлекеттік, қалалық деңгейлерде жасалуы керек.