Павлодар қаласының № 36 ЖОМ жанындағы шағын орталығы
Облыстық шағын орталық әдіскерлеріне арналған тамыз мәжілісі
БАЯНДАМА
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданатын жаңашыл педагогикалық технологиялар мен әдістемелері»
Күнсұлу Сатыбалдықызы Сушина,
тәрбиеші.
2014 жыл
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданатын жаңашыл педагогикалық технологиялар мен әдістемелері
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік белсенділігін арттыру міндеттемелерін шешуде жаңашыл технологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалану.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса,
оның өзі із-түссіз жоғалып, жойылып кетеді.
Абай
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары, ақпарат ағындығының қарқындылығы білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды да жетілдіріп отыр. Бірақ қандай заман, қандай реформа болсын, білім беру саласында басты тұлға мұғалім қала бермек. Білім ошақтарының, педагогтың алдындағы басты мақсаты-жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатқа жету жолында білім беру жүйесінің үштағаны-«Нені оқыту?», «Қалай оқыту?», «Не үшін оқыту?» деген сұрақтарға әр педагог өзінше жол іздеп, өзіндік ізденіс бағытын айқындайды. Бұл талаптарды жүзеге асыру, көбінесе балалардың тілді қаншалық меңгергеніне байланысты. Өйткені бала білім алудың барша іскерлік дағдыларын ана тілі арқылы бойына сіңіреді. Жоғарыда айтылған ізденіс бағыттарын іске асыру жолдары, ең бірініші, оқытудың негізгі формасы – ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ойын арқылы жүзеге асады. Себебі баланың өмірге қадам басардағы алғашқы әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше.Ойын бала тілін дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.Қай бала болмасын ойынмен өседі.Өйткені бала ойын үстінде еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудын баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.Сөйлеу тілі баланың үш жасынан бастап қалыптасады. Яғни мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың түп негізі- балабақшада қалыптасады. Сәби кезеңнен оның сөйлеуіне, сөздік дыбыстарды анық, дұрыс айта білуіне назар аударып, ойлау, сөйлеу тілін жетілдірудің тиімді жолдарын қолдану қажет.Балаларды оқыту мен дамытудағы негізгі құрал –тәрбиешінің тілі. Сондықтан үлкендер балаларға үлгі болатындай дұрыс, бейнелі сөйлеуі балалар тілінің тез дамуының алғы шарты. Балабақшада тәрбиелеу мен білім бастауын беруді жұмыстың әр түрлі әдіс-тәсілдерімен, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелерімен тәрбиеші-педагог өз білімін толықтырып отыру керек.
Жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі мекеменің мақсаты балалар қазақ тілінде сөйлеп, мектеп табалдырығын аттағанда білетін сөздерін емін-еркін қолдана алатын деңгейге жеткізу.
№4 Слайд (Бала тілінде кездесетін өзекті мәселелер)
№ 5 Слайд
Сонымен, балалардың сөйлеу тілінің дамуы төмендегідей нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:
1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;
3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық
формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;
4. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;
5. Көркем сөзге баулу;
Яғни, тілдік қатынасқа түсудің маңызды түрі – ауызша сөйлеу тіліне үйрету.
Біз - ұстаздар қауымы қандай да болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын.
№ 6 Слайд
‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар мен әдістерді пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.
Кәзіргі ақпараттық таңда балаларға оқыту үрдісі қызықты, мақсатты болу үшін тәжірибеге жаңашыл, ең бастысы нәтижелі әдіс-тәсілдер қолдану заман талабы. Педагог үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Осы орайда мен мектепалды даярлық топтарында “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын бейімдеп, тәжірибежде қолданамын. Аталмыш технологияны қолданудың тиімділігіне және стратегиялық маңызына тоқталсам.
Күтілетін нәтиже :
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар баланың тілі мен танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
№8,9,10 Слайд
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың тілге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады
- баланы шығармашылық жұмысқа баулиды;
- педагогтың уақытын үнемдейді;
№11Слайд
-Қызығушылықты ояту
-Мағынаны ажырату
-Ой толғаныс
1) Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейін.
І кезеңнің мақсаты: баланың білгенін сыртқа шығару.
Үйрену процесі-бұрынғы білетін білімі мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде үйренуші (яғни бала) өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңа білімді бермес бұрын, педагог бала не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастайды.
ІІ кезеңнің мақсаты: баланың белсенділігін арттыру. Бұл кезеңде бала жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.Яғни, балаға белсенділік көрсетуге жағдай жасалады.
ІІІ кезең Бұл үйрену кезеңінде балалар бір-бірімен ой алмастырып, әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіреді.
2) Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тәжірибеде қолданатын стратегияларына (әдіс-тәсілдері) түсініктеме берейін.
Ой қозғау-білгенін жинақтатып, жаңа материалды меңгеруге ой салады.
Мысалы: Ұшақ («ұшақ» деген сөзді естігенде көз алдына не елестейді)
Топтастыру- (классификация) Тақырыпқа байланысты сөздерді айтқызу.
Мысалы:
Бәйгеде қатысады
Көлік Жылқы төрт түлік мал
үй жануары
Веннің диаграмасы – Екі үлкен қиылысып өтетін дөңгелек арқылы өздеріне тән ерекшеліктері мен ортақ қасиеті бар екі объектіні салыстыру.
Мысалы: Жаз бен Күз. Сол жақтағы орын тек Жазға ғана қатысты ерекшеліктің тізімін айту немесе жазу үшін қолданылуы керек, ал оң жақтағы орын- Күзге қатысты ерекшеліктің тізімін айту немесе жазу үшін қолданылуы керек. Ал қиылысып жатқан дөңгелектер екеуіне де ортақ қасиетін анықтау үшін қолданылуы керек.
Джиксо-1 -ұжымдық оқыту.
Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау.
1.Мәтін толық оқылмайды.
2.Әр бала өз нөмірі бойынша алдын ала берілген бөлікті айтады.
3.Дайын сұрақ жоқ.
4.Тәрбиеші-бақылаушы.
5.Әр бала үйренгенін үй тобына келіп айтады, және басқаларды тыңдайды.
INSERT- оқығанды түсінуге, өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
Біз тәжірибемізде 3 белгісін қолданамыз:
+ «Мен білемін»
- «Қиналамын»
?-«Мені таң қалдырады.»
Кубизм- 1.Суреттеп беріңіз (түс, көлем, пішін, сыртқы келбеті)
2.Салыстырыңыз (Неге ұқсайды? Қандай айырмашылығы бар?)
3.Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестеді?
4.Зерттеңіз (Қалай жасалған?)
5.Қолданыңыз (Қалай қолдануға болады? Онымен не істеуге болады?)
6. Қолдау немесе қарсы шығу (Дәлел келтіру)
Синквейн (5 жол өлең) 1 жол: Зат есім (1 сөз)
2 жол: Етістік (2 сөз)
3 жол: Сын есім (3 сөз)
4 жол: Мағыыналы сөйлем
5 жол: Тақырыптың синонимі (1 сөз)
Мысалы:
«Қыз»
Құлпырады, сәнденеді
Әдемі, әсем, пысық
Қандай сұлу қыз!
Бойжеткен.
Ішіне-сыртына
Мысалы: Тақтада ғарышкерлердің және батырлардың суреттері ілініп тұрады.
Тапсырма: ұшқыштарды таныса ішіне, батырлардың суреттерін сыртына ілгізу.
Әрине “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясының мүмкіншілігі зор, бірақ, бұл технология тек даярлық тобының балаларына ғана қолайлы. Ал мектепке дейінгі мекемеде әр түрлі жас шамасында балалар тірбиеленуіне байланысты келесі “моделдеу” технологиясының тиімділігіне тоқталсам.
Слайд №12,13
Моделдеу технологиясының бір неше түрлері қолданыста жүр. Мен осы технологияның ішінде мнемотехникаға тоқталамын.
Мнемотехника грек тілінен аударғанда “есте сақтау өнері” деген мағынаны білдіреді. Мнемотехника арқылы баланың ішкі дүниесін, мүмкіншіліктерін, қабілетін,ерекшеліктерін, ең бастысы тілін дамыта аламыз. Өйткені бала
-мнемошаршы арқылы: затты атайды, түсін анықтайды, қандай қолданыста пайдаланатыны жөнінде айтады.
-мнеможолдар арқылы сөйлем құрастыра алады.
- мнемокестелер арқылы тақпақ жаттатуға, мақал-мәтелді жаттауға,жұмбақты шешіп, оны жаттауға, әңгіме құрастыруға оңай жетелейді.
Слайд №14,15
Құрметті әріптестер,қай жастағы бала болмасын зейіні тұрақсыз, ой бөлісу қабілеті тіпті жоқ десе де болады, сондықтан тірек - сызбаларды дұрыс іріктеу, олардың жүйелі түрде қолдануды әдетке айналдыру тиісті нәтижеге қол жеткізеді. Әңгіме оқығанда, тақпақ, жұмбақ жаттағанда әрдайым қолданылып келген сызбаларды баланың өздері танып, зейінін тұрақтандыруы, олардың тіл үйренуге деген құлшыныстарын арттыра түседі.
Бұл орайда К.Чуковскийдің айтқанындай, бала тілінің поэзия тіліне еліктей дамытылатыны ескерілді.
№16-19 Слайд
Мнемокестелердің мағынасы: әр сөзге немесе сөзтіркесіне сурет қолданылады, сөйтіп мәтін толығымен сызба арқылы суреттелінеді.Яғни бала осы сызбаларға қарап мәтіндік ақпаратты оңай қабылдайды. Мнемокестенің мазмұны балаға түсінікті табиғат құбылысына, үйретіліп отырған шығарма сөздеріне ,ертегі кейіпкерлері сияқты суреттер.
Естиярлар мен ересек топтарында тірек-сызбалармен бояуы қанық тартымды салынған суреттер беріледі. Ал даярлық тобында тақпақ мәтіні жартылай сурет арқылы, жартылай сөз арқылы, күрделендіре отырып, сөз сызбаларын ұсынуға болады. Әрине, өз ана тілінде тәрбиеленетін балаға бұл әдіс қиын емес, оларға грамматикалық жағынан күрделі формалы сөздердің негізіне және оған жалғанатын қосымшасына назар аударту үшін ғана осы әдісті қолдану тиімді.
Ендеше осыны іс жұзінде байқап көрсек. Практикалық жұмыс.
Кез келген тақпаққа мнемокесте құрап көрейік. Сәбилер тобында тәрбиеші балаларға дайын суреттелген кестені ұсынады. Кесте 2 қатарлы тор көзден тұрады.
1 жолда тақпақ әр торкөзге бір сөзден жазылады, ал 2жолда сөзді білдіретін суреттер , Бұл әдіс есте сақтау қабілетіне және тақпақтың мазмұнын түсінуге көмектеседі. Ал ересек, даярлық тобында балалар үлгі суреттен ұнағанын таңдап немесе өздері шартты белгілер арқылы кестені толтырады. Алдарыңызда ұсынылған шартты белгілер арқылы тақпақ, немесе жұмбақ толтырып көрейік.
3 мин. Уақыт беріледі.
Мнемотехника көп функциалды .Осының негізінде көптеген дидактикалық ойын құрастыруға болады.
Мысалы: «Бәреу, көп. Не болмай қалды?»
Мақсаты Сөздік қорын лексикалық тақырып бойынша белсенділендіру. Тілдің грамматикалық құрылымын жөндеу, сөздің жекеше-көпше түрін үйрету.
«Тез сана»
Мақсаты: Сөз тіркесін дұрыс қолдану
«Суретшінің қатесін тап»
Мақсаты: Зейінін дамыту. Сөйлем құрастыруға жаттықтыру. Тілдің грамматикалық құрылымын жөндеу.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, тәрбиеші-педагогтың кәсіптік шеберлігін арттыруға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, тәрбиеші ұтады, яғни ол ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, баланың оқу әрекетіне деген қызығушылығы артады, екіншіден, бала ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.
Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.