Макроэволюция – түрден де жоғары деңгейдегі (туыс, тұқымдас, отряд, класс, бөлім) таксондарының қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер. Макроэволюция терминін тұңғыш рет Ю.А.Филипченко енгізіп, ал биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде Алексей Николаевич Северцев үлкен үлес қосты. Оның теориясына сәйкес үш негізгі бағыт бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация.
Биологиялық эволюция үдерісінің өзі – ағзалардың биологиялық алға басуға ұмтылысы, яғни тірі қалуға, тарихи мерзімінде сақталуға ұмтылу. Ал бұл үшін барынша көп мүмкіндігі бар таралу аймақтарын игеріп, өте көп мөлшерде ұрпақ беру керек. Негізгі эволюциялық бағыттар анықталып, сипатталды.
Просмотр содержимого документа
«Макроэволюция және оның дәлелдемелері»
Макроэволюция
Макроэволюция – түрден де жоғары деңгейдегі (туыс, тұқымдас, отряд, класс, бөлім) таксондарының қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер. Макроэволюция терминін тұңғыш рет Ю.А.Филипченко енгізіп, ал биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде Алексей Николаевич Северцев үлкен үлес қосты. Оның теориясына сәйкес үш негізгі бағыт бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация.
Биологиялық эволюция үдерісінің өзі – ағзалардың биологиялық алға басуға ұмтылысы, яғни тірі қалуға, тарихи мерзімінде сақталуға ұмтылу. Ал бұл үшін барынша көп мүмкіндігі бар таралу аймақтарын игеріп, өте көп мөлшерде ұрпақ беру керек. Негізгі эволюциялық бағыттар анықталып, сипатталды.
Ароморфоз – органикалық дүние дамуының негізгі эволюциялық бағыттарының бірі, қоршаған орта әсерлеріне байланысты тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі. Мысалы, бауырымен жорғалаушылардың арғы тектерінің сүтқоректі жануарларға айналу кезінде 3 камералы жүректен 4 камералы жүректің жетілу және т.б.
Бірқатар ароморфоздардан, жаңа класс, тип немесе бөлім қалыптастырып, жаңа мекен ортасын игерген соң әрекетті түрде орнығу үдерісі басталады. Әр алуан топтар нақтылы жағдайларға бейімделіп, бұрынғыдан да арнаулы бағытқа түсе бастайды. Ол идиоадаптация бұл ағзалардың нақтылы орта жағдайына аз-аздап, жеке бейімделуі.
Дегенерация – морфологиялық – физиологиялық кері кету. Бұ лағзалардың отырған күйде өмір немесе паразиттік тіршілікке көшуіне байланысты жекелеген мүшелері мен жүйелерінің жойылуы (редукция).
Микроэволюция+макроэволюция=биологиялық эволюция.
Биологиялық эволюция – бұл тірі ағзалардың күрделі сатыға көтеріліп, қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштіктің артуындағы тұрақты, үздіксіз жүретін үдеріс.