Today we`ll visit two countries: Mathematics and English. We should remember our numbers, funny numbers. (students will divide two groups and take a name of the group) 10 and 12; 7 and 9; 1 and 3; 6 and 8; 2 and 4; 9 and 11; 3 and 5; 8 and 10; 4 and 6; 5 and 7 - Say what number comes before: 3,7,10,11,4,9,2,6,5,8,12. 2, 11,9,1,6,10,3,7,5,4,8. 1. Есептік сан есім заттың санын білдіреді. Қанша? How many? деген сұраққа жауап береді. Есептік сан есімдер -teen, -ty жұрнақтар арқылы жасалады. 1-ден 12-ге дейінгі сандарға жалғаулар жалғанбайды. Мысалы 1-one 12-twelve 2-two 3-three 13-тен 19-ға дейінгі сан есімдерге -teen жұрнағы жалғану арқылы. Мысалы 13- thirteen 19-nineteen 14-fourteen Мұнда 13 және 15 сандары thirteen және fifteen болып түбірлері өзгереді. Ондық сандарға (10-90) сан есімдерге –ty жұрнағы қосылу арқылы жасалады. Мысалы: six-sixty, seven-seventy.-ty жұрнағы жалғанғанда two, three, four және five сан есімдері түбегейлі өзгереді. Мысалы: two-twenty, thirty, forty, fifty. Бірнеше саннан тұратын күрделі сан есімдер үлкен мағынадан кіші мағынаға қарай принципі бойынша құрастырылады. Dozen (дюжина) hundred (жүз) thousand (мың) million (миллион) т.б сан есімдерінің алдына топтық мағына беретін “a” артиклі немесе “one” сан есімі пайдаланылады. Егер hundred, thousand, million сан есімдерінің алдында басқа тұрса, онда оларға -s жалғауы жалғанып, анықтайтын of предлогы арқылы қолданылады. Hundreds of people. Жүздеген адамдар. Сонымен қатар жүздіктерден ондықтарға немесе бірліктерге ауысқанда and жалғаулығы қолданылады. 133- a hundred and thirty three. 1205- one thousand two hundred and five. Ағылшын тілінде үйдің, бөлменің, автобустың, датаның нөмірін белгілеуде есептік сан есімдер қолданылады. Бірақ сан есім анықталатын сөзден кейін тұрады. I live in street 56. Open your book on page 146. Есептік сан есімдер мен жылдарды айтқанда 1925- nineteen twenty five. 2004- two thousand and four немесе twenty oh four. Курделі сан есімдердегі мыңдық, миллиондық, бір мыңдықтар үтір арқылы ажыратылады. Мысалы 6,000- six thousand 8,000,000- eight million. Сонымен бірге күрделі сан есімдердегі ондық сандардың алдына and жалғаулығы қолданылады. 103- a (one) hundred and three. 464- four hundred and sixty four. Ағылшын тілінде телефон нөмірін атағанда әрбір цифр жеке оқылады. О цифры [ou], ал американдықтар 0 [zi:rou]. Англияда негізгі ақша бірлігін фунт (pound) 100 пенске тең. Қысқаша жазылғанда £ белгісі санның алдына қойылады. Мысалы £1 – one pound. 1p – one penny. £10 – ten pounds. 25p – twenty five pence. £ 7,80p – seven pounds and eighty pence. Американың негізгі ақша бірлігі доллар 10 центке тең. Қысқаша $ белгісі санның алдында келеді. Цент (cent) саннан кейін қойылады. Мысалы: $1 – one dollar $10 – ten dollars. 41 – forty one cents. 10 $53 – fifty three dollars and ten cents. Реттік сан санау кезінде Қандай? Қайсысы? Нешінші? деген сұраққа жауап береді. Сөйлемде көбінесе анықтауыш қызметін атқарады. Олар есептік сан есімге th- жұрнағын жалғау арқылы Мысалы: six- sixth , seven – seventh, thirteen – thirteenth. Реттік сан есімдер 1-3тің аралығында ерекше жасалынады. Мысалы : One – the first, two – the second, three – the third. Ал 4-тен бастап 19-ға дейін жұрнағы жалғанады. Мысалы: fouth , fifth, eighteenth, nineteenth.Күрделі сан есімдердің екінші бөлігі ауысады. Мысалы: twenty first, twenty second, twenty third, twenty four etc. 20 -90 реттік сан есімдер жұрнағы жалғанғанда у- әрпі іе – ге ауысады. 20 twenty- twentieth, 50 – fifty – fiftieth, 90 – ninety – ninetieth Ал кейбір сан есімдер жазғанда өзгереді. Five – fifth, nine – ninth, twelve – twelfth. Күрделі реттік сан есімдер екі бөліктен тұрады, біріншісі есептік сан есім, ал екіншісі реттік сан есімдер түрінде келеді, бірақ – th жалғауы соңғы сан есімге жалғанады. Мысалы: two thousand five hundred and thirty fifth – екі мың бес жүз отыз бесінші. Реттік сан есімдер цифрмен жазылғанда . оларға сөздің соңғы екі әрпі қосылады. Мысалы: the first dog – the 1st dog, the second form – the 2nd form, the third cat – the 3rd cat, the twentieth dog – the 20th dog. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшектер болып екіге бөлінеді.Олар заттың санын, мөлшерін білдіріп How many? Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жай бөлшектер. 1/3-one third=one over three 4/5-four fifth=four over five. 1\4 – a quarter Ондық бөлшектер. 0.4-zero (oh) point four. 1.75- one point seventy five= one point seven five. |