СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқуға құштарлық

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

«Білім», «Махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Оқу білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

Оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту.

Кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбилеу.

Просмотр содержимого документа
«Оқуға құштарлық»

Пәні:

Өзін-өзі тану

Сыныбы:

2

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

«Оқуға құштарлық» 1 сағ

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзіреттілік:



«Білім», «Махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Оқу білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

ә) коммуникативтік құзіреттілік:

Оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту.

б) проблеманы шешу құзіреттілігі:

Кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбилеу.

Сабақтың типі:

Аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:


Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, түсіндіре отырып оза оқыту.

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі - иллюстративті, практикалық, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:

ана тілі, музыка, бейнелеу.

Оқыту құралдары:

Оқулық, үнтаспа, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

Бөлімі



















- Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

- Көңіл-күйіміз қалай?

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеріп, қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындау. Оқушыларды тыныштық сәтіне ыңғайландырып отырғызу.


Тыныштық сәті

Нұрға бөлену.

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдарда болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

- Амандасады. Отырады.


- Жақсы

Сабақтағы жұмыстарға дайындалу, оқулықтар мен жұмыс дәптерін және қажетті құрал- жабдықтарды дайындайды.

Мұғаліммен бірге тыныштық сәтіне дайындалады.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену.

Балалар, денелерің түзу ұстап, бастарың жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады..Көздерің жұмып,еркін тыныс алады..Өздерінің тыныс алуларын бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінеді.

Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.




Тыныштық сәтін өткізу кезінде денелерін бос ұстап, тыныш-тықта сезінеді, жағымды ішкі өзгерістерге жету үшін, өзіне-өзі сұрақ қоюда қиялын белсен-діреді, өзін-өзі ұстай біледі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

-Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?


-Үй тапсырмасына барлығымыз дайындалып келдік пе?

-Оқушыларға білім, кітап туралы жазып келген мақал-мәтелдерін оқытқызып, мағынасын ашқызып, сол туралы өз ойларын сұраймын.

-Кітап-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.


-Білекті бірді,білімді мыңды жығар.







-Оқу инемен құдық қазғандай.

-Кітап, білім туралы мақал-мәтел жазып келу.


-иә,дайындалып келдік.

Оқушылар жазып келген мақал-мәтелдерін оқып, мазмұнын ашып, өз ойларымен түсіндіреді.



-Бұл мақалдың мағынасы біз барлық білімді, тәлім-тәрбиені кітапты оқу арқылы өз бойымызға дарытамыз. Сондықтанда кітап –білім бұлағы деп айтылған.

Ал білім-өмір шырағы деген, білімді болсақ қана алдағы өміріміз жарқын, ашық болады. Білімді адамның болашағынан көптеген үміт күтуге болады.

-Оқу-инемен құдық қазғандай деген мақалдың мағынасы оқу, білімді бірден игеру мүмкін емес, көп іздену арқылы ғана сен өз біліміңді толықтырып, белгілі бір дәрежеге жетесің.


Үйге берілген тапсырманы орындау барысында ізденімпаздық қабілеттері дамиды.

Мақал-мәтелдерді оқып қана қоймай мән –мағынасын ашып, түсініктер-ін, өз ойларын айтады. Өз білімерін кеңейтеді.


Мақалдары сөйлеу кезінде орынды қолдана білуге, және мағынасын түсіне отырып айтуға дағдыланады.

ІІІ. Жаңа материалға кіріспе.

-Балалар, бүгін біз оқу, білімнің адам өміріндегі қажеттілігі, маңыздылығы туралы әңгімелесеміз. Сондықтан да бүгінгі тақырып «Оқуға құштарлық» деп аталады.

«Әңгімелесу»

Тақырыптың мақсатын аша түсу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша әңгіме жүргізіледі:

-Адамға білім не үшін қажет?



-Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?



-Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?


-Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Жаңа тақырыппен танысып, сол жөнінде әңгімелесіп, өз ойларын білдіреді.

Оқушылар, оқулықта берілген «Ойланайық, пікірлесейік» аййдарында берілген сұрақтарға жауап береді.




-Адамға білім сауатты болу үшін, өзінің жағдайын жасап, өмір сүруі үшін қажет.

-Оқу кезінде жаңа тақырыпты түсінбей қалған жағдайда маған үй тапсырмасын орындау қиынға соғады.

-Ол үшін түсінбей қалған сабақты мұғалімнен қайтадан сұрап, түсініп алуым керек.

Ынта-жігер, талпынушылық, қызығушылық қасиеттері болуы керек деп ойлаймын. Осы қасиеттер соның ішінде мысалға оқуға деген қызығушылығын болғанда ғана сен оны түсініп оқып, сол материалды мәңгі есіңде сақтап қала аласың.

Оқушылар, әңгімелесе отырып, білімнің адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын түсінеді.

Оқу кезінде кездесетін қиындықтарын айта отырып, соны шешу жолдарын қарастырып, өз ойларымен бөліседі.

Оқушылардың сұраққа жауап бергендерінен олардың білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет екенін айтқанынан олардың өз бойларында қандай қасиеттер кездесетіні байқалады.

IV.Жаңа материалды түсіндіру.




















































V. Шығармашылық жұмыс





Топтық ән






















Мәтінмен жұмыс

Мұғалім аңыз әңгімедегі Әлімнің «Мен оқуым керек» деген өз мақсатына қалай жеткенін және оның үлкен ғалым болғанын мысалға ала отырып, балалардың оқуға құштарлығын арттырады.

Табанды бала

Аңыз әңгіме

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі өліп, жалғыз анасымен қалады. Олар өте жұпыны өмір сүреді. Кейде ішерге астары да болмай қалатын.

Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оның мектепке баруға еш мүмкіндігі болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп шешеді.

Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп, сіз үйіңізге қызметші адам іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! «Мен еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, маған сол да жеткілікті», - дейді.

Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.

Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім ауық-ауық бай балаларының кітаптарына қарап, кейде мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тасада тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім барлығын үйреніп алады.

Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды.Бірақ қайда, немен жазатынын білмей, басы қатады.


Мұғалім оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қояды:


-Бала өз мақсатына қалай жетті?




-Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?

Мұғалім оқулықта берілген «Жаңа ақпарат» арқылы балалардың оқуға деген құштарлығын нақтылай түседі:

Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.

Білім адам игілігіне қызмет етеді.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма

-Бақытты балалар елінің суреті арасынан жазу жазылатындай етіп бос қалдырылған жолдарға олардың бақытты болуына нелер көмектескенін жазыңдар.


«Бақытты балалық шақ»

Сөзін жазған: Ж.Тұрбеков

Әнін жазған: Ә.Еспаев

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл- бақшада сайрандап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.


Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын.


Білім шыңын өрлейміз басып алға,

Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз.

Көк туымыз желбіреп қолымызда.





Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады.

Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Енді оған оқитын кітап керек болды

Бір күні өзінің қожайынына келіп, «Мен өз еңбегімнің ақысын сұрайын деп келдім. Егер ммаған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім» , - дейді.

Байдың мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.

Енді кішкентай Әлім оқитын кітапқа да қол жеткізді.

Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді. Оның шамға май алатын ақшасы да жоқ еді. Бірақ Әлім ешқашан мойымады. Жарқырап ай туғанда айдың жарығымен оқып, жазатын.

Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты. Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы мәтінді түйіндейді.

-Еңбектену арқылы, өзінің білім алуға деген қызығушылығы, ынта-жігері болғандықтан ғана өз мақсатына жетті.

-Баланың ғалым болуына оның еңбекқорлығы, оқуға деген құштарлығы, ынта-жігері көмектесті деп ойлаймын.







Балалар тапсырманы дәптерге орындайды, орындап біткен соң жария етеді.



«Бақытты балалық шақ»

Сөзін жазған: Ж.Тұрбеков

Әнін жазған: Ә.Еспаев

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл- бақшада сайрандап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.


Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын.


Білім шыңын өрлейміз басып алға,

Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз.

Көк туымыз желбіреп қолымызда.



Табанды бала әңгімесін оқи отырып, оқушылардың оқуға деген құштарлықтары артады.

Әңгімені оқи отырып, әңгімедегі оқиғамен өзін салыстырып, талдайды.

Әлімнің басынан өткен оқиғаларды ойлай отырып, өзінің білім алып, оқып отырғанына риза болып, күнделікті сабағына тиянақты дайындалып, сабақ қалдырмауға, білімді болуға талпынады.

Әңгімедегі Әлімнің бойындағы жақсы қасиеттерді өз бойларыңа дарытады.

Мұғалімнің қойған сұрақтарына жаауап беру арқылы мәтінді өз сөздерімен түйіндейді.

Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет ететіндігін,

білім адам игілігіне қызмет ететіндігін біледі.


Айтылып,талқы-ланған әңгімеден түйген ойлар дәптерде берілген тапсырма арқылы бекітіледі.







Оқушылар хормен «Біз осылай өсеміз» әнін орындайды.

Әннен кейін оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі. Оқушылар керемет сезімге бөленеді.

Әннен кейін оқушылардың дауыс ырғақтары бірқалыпқа келеді.


VII.Жаңа білімді бекіту.












VI.Үйге тапсырма

Мұғалім жаңа тақырыпты бекіту мақсатында ойын ұйымдастырады.

Мұғалім мақалды бастап айтады, оқушылар жалғастырады.

-Оқусыз білім жоқ

Білімсіз ...

-Оқу инемен ...

-Оқу- білім азығы,

Білім ырыс ...

-Білімсіздің күні кәріп,

Білімдінің күні ...



-«Кітап –білім бұлағы» тақырыбында эссе жазып келу.


Мұғалімнің бастаған мақалдарын жалғастырып отырады.




-Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз ...

-Оқу инемен құдық қазғандай.

-Оқу- білім азығы,

Білім- ырыс қазығы.

-Білімсіздің күні кәріп,

Білімдінің күні жарық.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы өздерінің білім деңгейлерін көрсетеді. Өздеріндегі мақал-мәтелдер қорын толықтыраады.




Үй тапсырмасын түсініп алады.

VIII. Қорытынды.

Мұғалім жаңа ақпараттағы ойды жалғастырып, сабақты балалардың бір-біріне білім алудың маңыздылығын білдіретін тілек айтумен қорытындылайды.

«Тыныштық сәті»

Ыңғайланып отырып, денемізді бос ұстайық. Көздеріңді жұмып, өздеріңді еркін сезініңдер. Бүгінгі өткен сабағымызға ойша қорытынды жасайық. Сабақтан алған әсерлеріңді бойға сіңіріңдер.

Оқушылар сабақты бір-біріне білім алудың маңыздылығын білдіретін тілектер айтумен қорытындылады.




Тыныштық сәті.

Балалар тыныштық сәтіне көздерін жұмып, ыңғайланып отырады. Сабақтан алған әсерлерін қорытындылайды.

Оқушылар тақырыпты толықтай меңгерді. Өз ойларын айта білуге дағдыланады.

Тыныщтық сәтінде оқушылардың тұла-бойлары сергіп қалады.