Тақырыбы: «Өнеге-отбасынан» отбасылық сайыс
Мақсаты: Тәрбиенің қалыптасқан құнды тәжірибесіне сүйене отырып,XXI ғасыр отбасы мүшелерінің бойына рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру. Осы арқылы бірліктерін,ынтымақтастықтарын нығайту,бір-бірін сыйлау,сенімділік, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Өнеге-отбасынан» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!
Балаң жақсы болсын десең баласы жақсымен көрші бол, «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан бала артық; сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» - демекші, халқымыз ертеден атадан балаға мұра етіп қалдырып кеткен қазақ деген дана халықтың ұрпағымыз. Баласын мәпелеп өсіріп, өнегелі тәрбие беруді мақсат тұтқан атаның көзіміз.
Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Іздеген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа,- демекші, өз өнерлерін ортаға салуға келген сайыскерлер отбасын ортаға шақырамыз.
1.5А сыныбынан Кенжеғұл Нұржан анасы Төлегенова Анар Сәрсенбаевнамен (Кенжеғұл отбасы)
2.5Б сыныбынан Ержан Айнұр анасы Ержанова Айдана Ахметсапақызы (Ержановтар отбасы)
3.5В сыныбынан Мағзұм Нұржігіт анасы Бирманова Ақтолқынмен (Мағзұм отбасы)
4.6А сыныбынан Камай Маржан Калиева Мейрамкүл Низамиқызымен (Камай отбасы)
5.6Б сыныбынан Бәшір Дәулетбек анасы Кенжеғалиева Айнұр Абзалқызымен (Бәшір отбасы)
6В сыныбынан Қуаныш Гүлнәз анасы Қабылова Нұргүл Тұрсынгалиевнамен (Қуаныш отбасы)
7А сыныбынан Альмаганбетова Асыл анасы Жакулина Ардақ Козыбаевнамен (Альмаганбетовтер отбасы)
7Б сыныбынан Шодыкова Айханым анасы Жапаргалиева Асемгул Жаксылыковнамен (Сулейменовтер отбасы)
Жүргізуші:
Сайыстың бағдарламасы 4 кезеңнен тұрады:
І кезең. «Отбасым-мақтанышым» таныстыру кезеңі (әр отбасы өз қалаулары бойынша өздерін таныстырады).
ІІ кезең. «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез» (салт-дәстүрге байланысты және жағдаяттық сұрақтарға беру).
ІІІ кезең. «Біз өнерлі отбасы» (әр отбасы өз өнерін көрсетеді: ән,би,күй,өлең т.б.).
ІV кезең. Үй тапсырмасы. «Отбасым-байлығым» фотоколлаж жасап әкелу.
Жүргізуші:
Ақ көңілмен,ниетпен
Әділдігін айтсын деп.
Сарапшылар алқасын
Сайлап алсақ жөн болар. Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.Капарова Әсел Махмұтқызы-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2.Бимахан Гүлназ Мағауқызы- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3.Отарова Назгүл Талғатқызы-педагог-психолог
Жүргізуші:
Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт.
Көрелік ал ендеше жарыстырып
Келіп тұрған отбасылар
Жіберсін кәне, өздерін таныстырып,- дей келе «Отбасым-мақтанышым» кезеңіне берелік.
Ендеше әр отбасы өздерін таныстырып өтсін.
Барлық отбасыларға рахмет.
Жүргізуші:
Алдымен сөзге ден қояйық
Бойға қуат жиып алайық.
Сайыста қапы қалмай-ақ
Бар білімімізді ортаға салайық. «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез» кезеңі. (салт-дәстүрге байланысты және жағдаяттық сұрақтарға беру).
Сұрақтар: 1-отбасына:
1- жағдаят: Балаңыз сыныпта үлгілі оқушы. Жыл сайын мақтау қағазын алады. Балаңыздың жақсы білім алуына бар жағдайды жасау мақсатында оған сыйға компьютер алып ғаламтор орнаттыңыз. Балаңыз сабақтан келгеннен кейін бар уақытын компьютер алдында өткізеді. Кейінгі кезде сынып жетекшісі сабағының нашарлағанын, мінезінің қатты өзгергенін, сыныптастарымен мүлде қосылмайтынын ескертті. Сіз қандай шара қолданасыз.
2- Сұрақ: «Шашу» Қуаныш айғағы ретінде жасалатын дәстүр.Бала дүиеге келгенде, келін түскенде ,құда келгенде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.
3.Ұлттық бас киім түрлерін атаңыз?(тақия,сәукеле,орамал,кимешек,бөрік,тұмақ,малақай).
2-отбасына:
2- жағдаят: Сіздің балаңыз кішкентайынан дәрігер болғанды армандайды. Ал сіз балаңыздың өнер жолын таңдап танымал болғанын қалайсыз,сондықтан оны өнер үйірмесіне бердіңіз. Балаңыз сізді ренжітпеу үшін үйірмеге барады. Ол үйірме жетекшісіне өнерді ұнатпайтынын дәрігер болғысы келетінін айтты және мұғалімі сізге баяндады.Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз.
10 – Сұрақ: «Аманат».Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары.Аманатты сақтау оны мезгілінде қайтару.Аманатқа қиянат жасауға болмайды.Ол өте ауыр күнә деп есептелінген.
3.Дүниеде не тәтті,не жұмсақ,не қатты?(ананың сүті тәтті,қолы жұмсақ,әкенің жүрегі қатты).
3-отбасына:
3- жағдаят:. Сіздің балаңыз үйдің кенжесі ерке бала.Сабақ оқығаннан гөрі ойынды жақсы көреді.Ол математика пәнінен 1ай бойына үй жұмысын орындамай «2» деген баға алды. Пән мұғаліміне өкпелеп қолын әдейі жарақаттап үйге барған соң ол қолын пән мұғалімінің жарақаттағанын айтты. Сіз ашуланып мектеп директорына бардыңыз. Бар жағдайға балаңыз кінәлі екенін білдіңіз. Сіздің іс- әрекетіңіз қандай?
8 – Сұрақ: «Сауын айту» Бір елде ас, той болса ол кісі бұрын жан-жаққа хабарлатып сауын айтады.Бұл жай шақыру емес, әр ел салт дәстүрімен яғни жүйрек атымен, ақын жыршысымен, сабалы қымызымен келсін дегенді білдіреді.
5.Бес асыл(талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым).
4-отбасына:
4- жағдаят:. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
5 – Сұрақ: «Қалау» Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңі кеткен адам сол үйгге барып қалау қалайды.
6.Мүшел жастарды атаныз (13,25,37,49,61,73,85 жастар)
5-отбасына:
5- жағдаят:. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3- Сұрақ: «Қонақасы» Халқымыз қонақжай.Үйіне келген қонақты қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру жомарттылықтың белгісі.
1.Үш арсызды атап беріңіз (ұйқы,күлкі,тамақ)
6-отбасына:
6- жағдаят:. «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?
6 – Сұрақ: «Сыралғы» Олжалы, қанжығасы қамданып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жол.
2.Үш бәйтерек атап беріңіз( Сәкен,Ілияс,Бейімбет)
7-отбасына:
7-жағдаят: 1.Балаңыз күнде сабаққа баратындығын жақсы білесіз.Күндердің бір күнінде сынып жетекші сізге қоңырау шалып,балаңыздың 2-3 рет сабаққа келмегенін айтты.Балаңызбен сөйлесуді сұрады.Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?
7 – Сұрақ: «Тұлым қою» Кішкентай кезінде баланың шашын өсрмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды.Тұлым көбіне қыз балаға қойылады.
4.Жеті қазынаны атап беріңіз( ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,тазы ит).
8-отбасына:
8- жағдаят:: «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
1 – Сұрақ: «Сүйінші»
Қуанышты хабар жеткізуші адам. «Сүйінші»деп келеді.Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал дейді.немесе оған риза болатындай сый ұсынады.
1.Қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы (бесік).
Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Ән де айтып, би билеп, жасап жатсаң керемет.
Өнеріңізді көрсетіңіз кәнекей,
Сөз берейік отбасыларға жекелеп.
«Біз өнерлі отбасы» кезеңін бастаймыз. (әр отбасы өз өнерін көрсетеді: ән,би,күй,өлең т.б.).Ортада:
Жүргізуші:
Үй тапсырмасы. «Отбасым-байлығым» кезеңінде фотоколлаж жасап келу тапсырылған. Сол бойынша әр отбасы таныстырып өтіңіздер. Мұнда фотоколлаждың мазмұнына, шығармашылықпен жасалуына мән беріледі.
Жүргізуші:
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Бәле-жала отбасын
Іздесе де таппасын-дей отырып, әділқазыларға сөз кезегін береміз.
(әділқазылар қорытындылап, бағасын береді)
Осы сайыстың қорытындысы бойынша
«Үлгілі отбасы» ......
«Шебер» отбасы ........
«Ғажайып отбасы» ...........
Жүргізуші:
Құттықтайық ал енді,
Жеңіп шыққан отбасын.
Өрге жүзсін өнері,
Тауға өрлесін талабы. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!