СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Жоғарыда, төменде, сол жағында, оң жағында, астында. Шаршы, тіктөртбұрыш.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі   

Тақырыбы: Жоғарыда, төменде, сол жағында, оң жағында, астында. Шаршы, тіктөртбұрыш.

 

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Жоғарыда, төменде, сол жағында, оң жағында, астында. Шаршы, тіктөртбұрыш.»

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.12.2018ж

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: "Таным"

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным

Тақырыбы: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Жоғарыда, төменде, сол жағында, оң жағында, астында. Шаршы, тіктөртбұрыш. Жыл мезгілдері.

Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Ептілікке, аңғарымпаздыққа логикалық ойлауға,өз ойларын еркін жетізуге,ауызша есептеуге , бір -бірлеріне көмек беруге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету;

кеңістіктік қатынастар (сол жағында, оң жағында, үстінде, алдында, ортасында) туралы түсініктерін қалыптастыру;

3.Оқыту: балалардың геометриялық фигуралар туралы білімін нығайту;

жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз) туралы өткенді пысықтау.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: жоғары- төмен, оң-сол, дидактикалық ойындар материалдары,
Билингвалдық компонент: сан- цифры, жоғары- верх, төмен- вниз

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Аптаның қай күні?

Бүгін бізге қонаққа аққала келіпті.

Ол біздің қандай екенімізді, білімімізді көргісі келеді екен.

2. Негізгі бөлімі.

1.Әңгімелесу

Балалар мынау суреттерде қайсы зат төмен- жоғары, сол- оң жақта орналасқанын атап айтамыз. Тиын ағаштың жоғарғы жағын да, ал тиын төменде. Алма ағашта жоғарыда, ал сәбіз төменде өседі. Қыран құс жоғары да ұшып жүреді, ал түлкі жерде мекендейді.

2.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Қолымызды жаяйық,

Құс боп қанат қағайық!

3.Дидактикалық ойын: «Өз орныңды тап».

Мақсаты:  Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдері көзделеді. Балаларға 0-ден  5-ке дейінгі цифрларды таратып беру. «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтағанда балалар тез бір қатарға тұра қалады. «Цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексеріледі. Содан кейін бірнеше балалардан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрау.

4.Геометриялық пішіндерді атау және қоршаған ортадағы заттармен салыстыру.

Мысалы: сопақша (қияр), дөңгелек (тәрелке), шаршы (терезе), үш бұрыш (үй шатыры), тіктөртбұрыш (есік). Заттарды ретімен санау және айту. Мысалы: үш бұрыш нешінші – төртінші, сопақша нешінші – бірінші және т.б.

5.Дидактикалық ойын.: «Суреттегі цифрларды тап».

Мақсаты: әр жерде орналасқан цифрларды тауып, тани білу дағдыларын бекіту.

Суреттің сюжетін сандар құрайтын картиналарды кезекпен бір-бірден көрсету. Сұрақ қою:

- Суретте қандай сандарды көріп тұрсың?

3. Қорытынды

Балаларға бүгінгі өткен тақырыпқа байланысты естеріне түсіріп қортындылау. Қандай аң жоғарыда, қандай көкеніс жерде піседі