Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Ағаш суретін саламыз»
Ортаңғы «Балауса» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 18.02.19
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: Ғажайыптар әлемі
Тақырыбы: Ағаш суретін саламыз
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге, оны аялап, қорғай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларға саусақ ұшымен, бастырмамен, қылқаламмен, бүктеу тәсілімен, сурет салу іскерлік дағдыларын дамыту.
Оқыту: Бояумен жұмыс істеуге, ағаштың бейнесін қағаз бетіне дұрыс бейнелеуге үйрету.
Педагогикалық технология: ойын технологиясы.
Блингвалдық компонент: ағаш- дерево
Ресустармен қамту: табиғаттың суреттері
І. Ұйымдастыру кезеңі
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Кейде, ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
- Балалар, бұл қай кезде болады?
ІІ Негізгі кезеңі
1.Әңгімелесу.
- Қыс айларын атап айтайық?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күн суытып, аяз қысып, боран соғып, қар жауады. Жердің бетін, айналаның бәрі аппақ қар басады екен. Ағаштар да аппақ қар жамылады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Құстар неге жылы жаққа ұшады?
- Қорегі жоқ, азық тауып жей алмай қалатын болады. Қыстап қалатын құстарға қамқор болуымыз керек.
2.Үлгі көрсету
Балалар, біз бүгін сурет сабағынан қысқы ағаш түрлерін саламыз. Олардың суреттерін салуды үйренеміз.
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
- Шырша, аққайың, тал, терек және жеміс ағаштары.
Мына терезенің алдындағы ағаштарға қараңдаршы. Бұл қандай ағаш?
Балалар ағаштың діңі, бұтағы болады.
Ағаштың бұтақтары әртүрлі орналасады екен. Мына шыршаның бұтағы діңіне көлбеу орналасқан. Ал тал теректердің бұтағы жоғары қарай орналасады екен. Ағаш діңі төменгі жағы жуан, жоғарғы жағы жіңішкеріп кетеді екен. Түсі қоңыр болады. Шырша қыста да, жазда да жасыл түсті, қылқан жапырақты болады.
3. Саусақ жаттығуы
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты оң саусақ.
4.Жұмыс барысы
Балалар, 2 топқа бөлініп отырамыз.
І топ – саусақ ұшымен салады. ( қара ағаш) ағаш
ІІ топ – қылқаламмен ( шырша)
Ақ қағаздың дәл ортасына сала білулерін қадағалау, көмектесу.
ІІІ. Қорытынды.
Ал, балалар дайын болған суреттерден іліп көрме ұйымдастырайық қысқы орман көрінісін тамашалайық. Қане, ормандағы ең әдемі ағаш кімдікі екен, қайсысы екен, таңдап көрейік – деп еңбек нәтижесіне талдау жасап, мадақтау.