Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Жоғары- төмен; Алыс- жақын»
Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 25.02.19
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: КМТК
Өтпелі тақырып: Ғажайып әлем
Тақырыбы: Жоғары- төмен, алыс- жақын. Логикалық тапсырма
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Қызығушылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Заттардың суреттегі және кеңістіктегі бағыттарын ажырата атай білулерін дамытуды жалғастыру: жоғарыда-төменде,алыста-жақында.
3.Оқыту: Қоршаған ортадабасқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуды жалғастыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технолгиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер
Билингвалдық компонент: жоғарыда -верху, төменде-внизу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Ғажайып сәт: «Сиқырлы дорба ойыны»
-Менің дорбама ойыншықтар тығылып қалды. Қолдарынды дорбаның ішіне салып, қандай ойыншық тығылып қалғаның айтындар.
ІІ. Негізі бөлімі
1.«Жоғарыда-төменде» әңгімелесу
Балалар барлық заттардың өз орны, тұратын жері болады. Тіпті үй жануарларының, жеміс- жидектердің де. Мысалы айтар болсақ: алма (жоғарыда)- сәбіз жерде(төменде); ай мен жұлдыз бізге алыс жоғарыда болса ағаш, жер бізге жақын төменде.
2. Жұмбақ жасыру
Әр өрнегін мінемін,
Өрге қарсы жүремін.
Басқа сайын қадамды,
Ұстап келем білегін. (Саты)
3. Суретпен жұмыс
-Сатының жоғарғы жағында кім тұр?
-Сатының төменгі жағында кім тұр?
Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеу керек?
-Сонда ол қай жерде болады?
-Бала сатының төменгі жағында тұру үшін не істеу керек?
-Сонда ол қай жерде болады?
4.«Шаршыны тап және қорша»
-Балалар маған мына суреттегі заттарды атап беріндерші?
Балаларға суретттен шаршыға ұқсайтың затттарды тауып,атап көрсетуді сұрау.
5. Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Көк құмырада қанша гүл болса, әр бос құмыраға сонша гүлден орналастыр. Қанша гүл артылып қалғанын сана және тиісті цифрды шеңбер ішіне жаз.
2-тапсырма
Әр қатардағы шеңбер ішінде қандай цифр болса, сол қатардағы сонша жалаушаны боя.



3
2



1
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Сонымен, жоғарыда және төменде орналасқан заттарды атайық?
Ал, қандай заттар бізге алыс қайсы жақын?