Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 04.02.19
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: Қыстың керемет шағы
Тақырыбы: Үйшік ертегісіне саяхат
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа және кез келген тапсырманы мұқият орындауға, көмек бере білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балаларды көп-аз ұғымымен таныстыру, дамыту.
3.Оқыту: Балаларды геометриялық пішіндерді ажырату,атап айтуға үйрету.Ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру,оларды айыра білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: үйшік ертегісінің кейіпкерлері
Билингвалдық компонент: үйшік -теремок.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
-Балалар бүгін біз сендермен орманға саяғатқа барамыз. Мына іздермен жүрсек орманға тез жетеміз.
-Жан-жағымызға қарайықшы сендер не көріп тұрсындар?
Тосын сәт:-Балалар бұл үйшік қой.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу.
- Балалар қарандаршы үйшік осында тұрғысы келген аңдарға тапсырмалар дайындап қойыпты.
-Осы кезде үйшіктін қасынан тықылдауық тышқан өтіп бара жатты, ол үйшікті көреді
-Балалар қарандаршы бұл кім?
Тышқан:-Бұл үйшікте кім тұрады?
Тышқан бұл үйшікте ешкім әлі тұрмайды,бырақ сен онда кіруін үшін тапсырманы орындауын керек.
-Балалар,тышқанға көмектесейік пе?
-Ендеше,біз балалармен саған көмектесеміз.
1-тапсырма: «Ағаштың түбінде жатқан,бұталарды ұзын қысқаға бөл»
(Тышқан бос үйшікке кіріп,осында тұрып жатады.)
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа:Тук-тук,бұл үйшікте кім бар?
-Балалар қарандаршы бұл кім?
-Онда тықылдауық тышқан тұрып жатыр,ал сен үйшікке кіргін келсе онда үйшіктің тапсырмасын орындауын керек.Біздің балалар саған көмектеседі.
2-тапсырма: «Пішіндерді ата,дұрыс орналастыр»
-Балалардан карточкадағы пішіндерді көрсетулерін сұрау.
(Бақа бақылдап үйшікке кіреді,
тышқанмен екеуі тұра бастайды.)
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян келеді.
Қоян:Кім бұл үйшікте тұрады?
-Балалар қарандаршы бұл кім?
-Қоян бұл үйшікте тықылдауық тышқан,бақылдауық бақа тұрады.
-Ал сен ол үйшікте тұрғын келсе,онда балалардың көмегімен тапсырманы орында.
3-тапсырма: «Өзін туралы айт»
-Балалар ал біз қоян туралы өлең жолдарын білеміз ғой,соңы айтып көрсетіп қоянға көмектесейік.
Сергіту сәті: «Ұзын құлақ,сұр қоян»
Қоянда үйшікке кіреді.Осылай үшеуі дос болып тұра бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді.
Түлкі:Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай үйшікте кім тұрады?
-Түлкі бұл үйшікте тықылдауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян тұрады.
-Ал сен,бұл үйде тұрғын келсе балалардың көмегімен үйшіктің тапсырмасын орында.
Ән тыңдау: «Бір алма,екі алма...»
4-тапсырма: «Бір,екі,үш-көп»
-Балаларға әнді тындатқызу,үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізу.
Түлкі үйшікке кіреді,осылайша төртеуі дос болып өмір сүре бастайды.
Аю:Мен қорбандаған аюмын кім бұл үйшікте тұрады?
Аю бұл үйшікте тықылдауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян,қу түлкі тұрады.
-Ендеше мен де бұл үйде тұрамын деп....
(аю үйшікке кіре бастағанда үйшікті қиратып тастайды)
-Балалар үйшік аюға кішкентай біз оған көмектесіп үлкен үйшік жасап берейік.
5-тапсырма: «Үлкен кубиктармен үй құрастыр»
Осылайша барлық аңдар осы үлкен үйшікте дос болып тұра бастайды.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
-Балалар үйшікке кім бірінші келді?
-Ал үйшікті кім қиратып тастады?