СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открытый урок на тему "Сағаттар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок на тему Сағаттар. Провела в третьем классе

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему "Сағаттар"»









Мұғалімнің атыөні: Кудашова Гульбану Кенжебековна

Еңбек өтілі: 7,9 жыл

Жұмыс орны: «А.С.Макаренко атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Деңгейі: үшінші (базалық)

Тақырып : Сағаттар

топ: 3 «Б» класс (қазақ тілі)

Мақсаты: оқушыларды сағат түрлерімен таныстыра отырып, жаңа сөздерді жазбаша және ауызша сөйлеу тілінде еркін қолдануға үйрету, уақытты бағалай білуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу

әдіс-тәсілдер: «Иә, жоқ» әдісі, «Ой қозғау» тәсілі, «Аялдамамен оқу» әдісі, «Аудармашы» әдісі, сынақ хат, «Ойдың себеті»

Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, сөздік дәптері, оқулық, үлестірмелі қима қағаздар, түрлі-түсті суреттер, стикерлер, ватман, маркер, клей









Жұмыстың кезеңдері

Мазмұны

Оқушылардың әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру















Өткенді қайталау


«Иә, жоқ» әдісі


«Шаттық шеңберіне» тұрған оқушылар былай дейді:

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз, Арайлап атқан күнге.




Топқа бөлу





Топтар өтілген тақырыптар бойынша үлестірмелі қағаздар арқылы берілген сұрақтарға топтасып жауап береді.


Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді











Оқушылар сандар бойынша топқа бөлінеді




Екі топ өз ішінде ақылдасып, сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

Топтар геометриялық фигуралар арқылы бағалады.

«Бесбұрыш»-бес дұрыс жауап

«Төртбұрыш»-төрт дұрыс жауап

«Үшбұрыс» - үш бұрыс жауап


2 мин











2мин







5 мин





Жаңа білімді қалыптастыру


Мақсаты: оқушыларды сағат түрлерімен таныстыра отырып, жаңа сөздерді жазбаша және ауызша сөйлеу тілінде еркін қолдануға үйрету, уақытты

бағалай білуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер:

«Иә, жоқ» әдісі,

«Ой қозғау» тәсілі, «Аялдамамен оқу» әдісі, «Аудармашы» әдісі, сынақ хат, «Ойдың себеті»



Суреттер, қима қағаздар арқылы сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

Оқулықпен жұмыс жүргізіледі, топтасып сөздерді аударады,

сынақ хат жазады

Ұжымдық жұмыс:

Суреттер бойынша түрткі сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Топтық жұмыс:

суреттерді қатыстырып жаңа сөздермен сөз тіркестерін, қима қағаздармен сөйлемдер құрастырады. Құрастырған сөз тіркестері мен сөйлемдерді дәптерлеріне жазып алады.

Мадақтаулар арқылы бағаланады

«Бәрекелді»

«Жарайсың»

«Жақсы»

Топтық жұмыс:

мәтінді «Аялдамамен оқу» әдісі арқылы оқып шығады.


Топтық жұмыс:

берілген сөздердің

қазақ тіліндегі аудармасын жазады

Түрлі-түсті карточкалар арқылы бағаланады

«Жасыл»- өте жақсы

«Сары»- жақсы

«Қызыл»- жаман емес

Жеке жұмыс:

сабақтан біліп-үйренгендерін қорытындылау үшін оқушылар сынақ хат жазады

Оқушылар смайликтер арқылы бағаланады.



34 мин

Рефлексия

Әр оқушы бүгінгі сабақтан үйренген бір нәрсесін стикерге жазып, «Ойдың себетіне» салуы шарт.

«Ойдың себеті»

Әр оқушы бүгінгі сабақтан үйренген бір нәрсесін стикерге жазып, «Ойдың себетіне» салады.

1 мин

Үй тапсырмасының берілуі

Үй тапсырмасын қалай орындау керектігін түсіндіру

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады

1 мин







































Сабақтың рефлексиялық есебі

1.Негізгі мақсаты: оқушыларды сағат түрлерімен таныстыра отырып, жаңа сөздерді жазбаша және ауызша сөйлеу тілінде еркін қолдануға үйрету, уақытты бағалай білуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу

2. Күтілетін нәтиже:

жаңа сөздерді жазбаша және ауызша сөйлеу тілінде еркін қолданады, сағат түрлері туралы өз ойларын еркін жеткізе алады, сауатты жазады, ұйымдасып жұмыс атқарады

3. Сәтті жағы:

- оқушылар топтық жұмысқа бейімделген

- өзара түсіністік, сыныптастар арасындағы сыйластық орнаған

- ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқан

- берілген уақытты тиімді қолдана алды

4. Сәтсіз жағы:

- әлі де болса уақыттың жеткіліксіздігі (45 мин.)

5. Аталған бағыт бойынша жұмысты жақсартудың жоспары:

а) топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды жалғастыра беру

б) уақытты тиімді пайдалана отырып, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін, жаңа әдіс-тәсілдерді қарастыру

в) сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін әдіс-тәсілдердің түрлерін жүргізуді одан ары жалғастыру