СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Петроглифтер; ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу, ортақ және өзіндік сипаттары

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Петроглифтер; ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу, ортақ және өзіндік сипаттары

Просмотр содержимого документа
«Петроглифтер; ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу, ортақ және өзіндік сипаттары»

Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірі тайпалары идеологиясының петроглифтерде көрініс табуы 06 Желтоқсан 2013 589 0 Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Жартастағы суреттер - нәзік те, күрделі өнер, оның кұпиясын түсініп, мән-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану және мифология салаларынан хабардар болуы керек. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін білімімен тәжірибесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдармен кейінгі ұрпаққа бере білген. XX ғасырдың 60-70 жылдары археология ғылымында петроглифтерге деген аса кызығушылық  ғалымдардың жеке-дара зерттеулерінен көрініс тапты. Соңғы жиырма-отыз жылдықта әлем ғалымдары арасында тарихымызға тастағы суреттерді зерттеуге деген ұмтылған жаңаша көзқарастар қалыптастыруда. Осындай көзқарастар аясында туындаған зерттеулер барысында Қазақстанның шексіз таулы-далалы аймақтары да қамтылып, жүздеген петроглифтік орындар анықталды. Олардың біразы ежелгі ғибадатхана орындары, яғни ежелгі адамдардың ұзақ уақыт бойы мекендеген тұрағы, рухани мәдениетінің жетістігі болып табылатын орталықтардан табылған тастағы жазулар. Көне заманда діни ғұрыптық іс-шараларды өткізгенде оны шынайы түрде көрсету мақсатында  жасалған тастағы таңбалар осының айғағы. Ашық аспан астында су көздеріне жақын маңда орналасып, түрлі культтік-мистикалық табыну ғұрыптарын жасаған адамдар діни-мифологиялық көріністерін жартас беттеріне түсіруге тырысқан. Мұндай көріністерді Қазақстан жерінен табылған петроглифтерден анықтау қиын емес. Себебі, Қазақстан, әcipece Жетісу өңipi - петроглифтерге бай аймактардың бipi болып табылады. Солардың ішіндегі ең көрнектісі - жартастағы жазу дәстүрлі көркем стилінің негізін қалаған Тамғалы тас жазулары ерекше танымал. Тамғалы петроглифтері орта қола ескерткіштеріне жатады [1, 19 б.]. Ежелден киелі саналатын Тамғалы шатқалы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай орналасқан.   Тамғалы  петроглифін  Шу-Іле тауының  оңтүстік-шығыс  бөлігінен 1957 жылы 19-қыркүйекте Қазақстанның кәсіби археологы Анна Георгиевна  Максимованың басшылығымен жүргізілген археологиялық экспедиция тапты [8, 5 б.]. Осы экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта А.Г. Максимова мен А.А. Попов Тамғалы петроглифінің жеріне тұрақты зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. 1958 жылы А.Г. Максимованың аталмыш зерттеу аясындағы алғашқы  «Наскальные изображения урочища Тамгалы» еңбегі  жарық  көреді, онда ескерткішке жүргізілген  зерттеудің жарты  ғасырлық тарихы берілген.   1977-1978 жылдары Тамғалы ескерткішін зерттеу одан әрі А.Г. Максимованың жетекшілігімен жалғасты. Тамғалы аймағы толығымен зерттеліп, петроглифтер жиналған негізгі орындардың кестесі құрылады. Атап өтсек,  б.з.д.  екінші мыңжылдықтың ортасындағы мерзімге жататын ерекше композициялар мен бейнелер болды. Оның ең белгілісі - Күнбасты құдай. А.Г. Максимова, А.С. Ермолаева, А.С. Марьяшевтың « Наскальные изображения урочища Тамгалы »  кітабында  Тамғалының күнбасты  алыптары  ежелгі  антропоморфты  құдайдың  бейнесі болса керек деп жазылған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген  халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну,  салттық  рәсімдер  жүргізілді, құдайға табыну, ата - баба рухына тағзым жасалды.  Аспан  астында  біріккен  мұражай  болды.  Мұндағы суреттер - адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз.  Тамғалы шатқалында кездесетін ғалымдардың назарын аударған петроглифтердің  бірнешеуіне  тоқталсақ: «Күн басты адамдарды,  қол  ұстаса айнала жүріп би билегендерді бейнелеу, Күнге табыну, жыл мезгілдердің алмасуына байланысты жаңа жылды – Наурызды  қарсы алу ғұрпына орай туған  [2, 39 б.]. Жойқын  күш иeci өгіздер  күш-қуат  пен  құнарлылықтың бейнесі  iспеттеc болса, қолына шоқпар, аса таяк ұстаған, жүгіріп бара жатқан немесе мінәжат етіп, сиынған қалпында кимылсыз отырған адам бейнелері, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбандық шалу рәсімі - бұлардың бәpi мифология, космогониялық мифтердің кейіпкерлері [2, 43 б.]. Құдipeттi жануарларды - өгіз, түз өгiзi, ат, түйелерді бейнелеу көне халықтардың дүниетанымында маңызды рөл атқарған Митра, Веретрагна, Агни сияқты кұдайлар образын кейіптеуден туған» [2, 45 б.].  Ерте кезеңдегі тарихымыздан белгілі, ежелгі дүниетанымда дін пайда болғанға дейін осылай күнделікті тұрмыста пайдаланылған жануарларды бейнелеу үpдici кең етек алған. Сонымен  қатар  Оңтүстік  Қазақстанның да петроглифтері археологтар тарапынан аса қызығушылық туғызып, бүгінгі күні белсенді түрде зерттелуде. Атап айтар болсақ: Ешкіөлмес, Баян Жүрек, Кұлжабасы, Сауысқандық, Арпаөзен, Қасқабұлақ, Тосбұлақ, Қызылшың, Тектұрмас және тағы басқалары қола ғасырынан бepi сақталған «мәдени-тарихи ландшафтар» болып табылады [3,7 6.]

Источник
http://e-history.kz/kz/contents/view/1782
© e-history.kz


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!