ШҚО,Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Муратканова Перезат Муратовна – информатика пәні мұғалімі
Тақырыбы: Power point бағдарламасының мүмкіншіліктері.Триггерлер-2.
Мақсаты: Шеберлік-сыныпқа қатысушы мұғалімдерге PowerPoint бағдарламаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды үйрену.
Міндеттері:
- триггерлерді сабақтарда қолданудың тиімді жолдарын анықтау;
- триггерлерді сабақтарда қолданудың әдіс-тәсілдерін іздестіру;
- триггерлерді сабқтарда пайдалану әдістемелік банкісін жинақтау.
Күтілетін нәтиже: Шеберлік-сыныпқа қатысушы мұғалімдер PowerPoint бағдарламаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды үйренуі
Шеберлік сабақ өткізу: 310 кабинеті
Мақсатты аудитория: аудан және тірек мектептерінің мұғалімдері
Әдіс-тәсілдер: Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, АКТ,СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, компьютерлер, слайдтар
Сабақ барысы:
- Сәлеметсіздерме ! Ең алдымен өзімді сіздермен тансытырып кетейін.
Менің аты-жөнім Муратканова Перезат Муратовна информатика пәні мұғалімі және «Компьютерлік графика»үйірмесінің жетекшісімін.
Ен бірінші осы үйірменің жұмысымен таныстырып, PowerPoint бағдарламасы жөнінде кысқаша айтып кетейін.
PowerPoint бағдарламасы және «презентация» ұғымы бір бірімен тығыз байланысты.
Презентация – өзін көрсету, баяндама жасау, жобаны қорғау және тағы басқа көптеген дүниені кең аудиторияға ұсыну.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар, гиперсілтеме енгізуге болады.
1-Слайд: Қазіргі уақытта көпшілік мұғалімдер PowerPoint –та қарапайым презентация жасауды біледі.
Өз тәжірибенде PowerPoint –та орындалып, атқарылатын тағы да бір қызметті білдім,
ол тыңдаушылармен басқаратын презентацияны интерактивті түрде көрсетеді. Триггердің көмегімен біз презентацияға кері байланыс элементін кірістіре аламыз. Мынадай презентацияны көп жерлерде әсіресе мектеп бағдарламасының барлық пәндерінде, сабаққа презентация жасаған кезде және де тәрбие сағаттарында қолдануға болады.
2-Слайд : Триггер (ағылшын сөзі trigger – ілгешек, төмен түсетін ілгешек)
Триггердің көмегімен біз слайдты ауыстырмай оның жеке үзіндісін өзгертеміз. Біз слайдта сол бір үзіндіні бірнеше рет көрсете аламыз .
Триггер (қосқыштарын) қолдану бірталай Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Сол арқылы анимациялық эффекті немесе топтық эффектілер қосылады.
Слайдта триггерді көрінген нысанға қолдануға болады.
Ол басқару батырмасы сияқты тінтуірдің сол жақ батырмасын басу арқылы іске қосылады, сол кезде меңзердің түрі "алақанға" ауыстырады.
6-Слайд: Триггер дегеніміз не екенің түсіну үшін біз оны жасап көрейік. Настройки анимации тақтасын қосайық. Содан кейін таңдаған фигураға «исчезновение» - шығу эффектіні қолданамыз
7-Слайд: Эффектіні қосымша өзгерту панеліне кіріп, «Время» өрісін таңдаймыз.
8-слайд: Триггерді қолдануға болатын слайдтағы барлық объектілердің тізімі ашылған терезеде тұрады. Біз сіздермен алтыбұрыш фигурасын таңдадық, ендеше сол фигураға триггерді қолданамыз. Меңзерді фигурағаның үстіне апарғанда оның түрі өзегерді де тінтуірдің сол батырмасын басқан кезде фигурамыз жоғалады.
Оқу презентацияларында қарапайым триггерлерді тиімді қолдануы:
Оқушылардың білімін тексеру кезінде (кроссворд, кестені толтыр, артығын алыптаста, тест т.с.с )
Ойын презентацияларында
Мұғалімдерді 3 топқа бөліп, топ ішінде жұпқа бөліп тақырып бойынша тапсырма беріледі.Соныңда топ болып бірігіп презентацияларын қорғайды
1 топ – 1 наурыз – Алғыс айту күні
2 топ – 22 наурыз мерекесі
3 топ – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
Сабақтың соныңда рефлекция қолданылады.
Мұғалімдердің күнделікті айтатын сөздері.
Өздеріңізді танып тұрсыздар ма?
Рефлексия
.