Сабақтың тақырыбы: Бисермен жұмыс жасау техникасы.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға бисермен жұмыс жасауды үйрету,қолөнер шеберлігін, сөз өнерімен ұштастыра отырып білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:шеберлікке,шыдамдылыққа,эстетикалық талғамын арттыра отырып еңбексүйгішттіке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас,сарамандық жұмыс.
Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,үйрету.
Пәнаралық байланыс:бейнелеу,тарих.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,бисерден жасалған дайын бұйымдар,слайд,плакаттар
Қажетті құрал-жабдықтар:түрлі-түсті бисер,киіз,қайшы.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Өткенді қайталау.
1.Бисер деген не?
2.Бисердің түрлері
ІІІ.Жаңа тақырып.
Еңбек өнер арқау боп мың дастанға,
Шаттанамыз шұғыласын шашқанға
Еңбек –өнер сенен бақыт асқанба?
Еркін елдің болашағы жастарда- дей келе жаңа сабағымызды бастаймыз.
Тренинг «Сен қайдасың?» Қызыл,жасыл моншақ болып топқа бөлу.
I.Қызығушылығын ояту:
Дәптерге күннің жадын жазу.Тақырып:Бисермен жұмыс жасау техникасы.
-Оқушылар,бүгін бисерден бұйым жасауды үйренеміз. Бисердің шығу тарихына тоқталсақ,бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік.Ұсақ,домалақ.сопақша,әр түрлі хрусталь,шыны,керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.
Қазақша бисер су моншақ,ұсақ моншақ.жалған маржан деп атайды.
Моншақты әр халықта атауы әр қалай болған.Индияда –хар,Кубада-кояр,Эфиопияда-чале,Анголада-мисанга,Болгария,Румыния,Молдавияда-гарданы Прибалтикада-каролинес,Өзбекстанда-зебигардан,Россияда-ожерели деп,қазақ,,қырғызда моншақ,інжу-маржан деп аталады.
Бисер таңдау-үлкен жұмыс.Олардың өлшемдері,түстері әр алуан.Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты бисердің қандай түрін қанша мөлшерде алуды,қандай түсті таңдай білу керек.
Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен таралып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі.
Бисермен жай суреттен бастап өте күрделі түрлі түсті жұмыстар жасауға.алқа,тұмарша,сырға,білезік,сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады,сонымен қатар ойыншықтар да тоқуға болады.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты-бисерден түрлі алқа немесе браслет тігіп үйренеміз .
Біздің ұранамыз «Талаппен бастап,талғаммен аяқта»
«Іскерлік еңбекте шыңдалады»-деген мақалға сүйене отырып,біз жұмысымызды бастаймыз.
Шығармашылық жобаны таңдау.
Бүгінгі сабақтың мақсаты - шығармашылық жобада бұйымды таңдай білуге үйрену және бисермен тоқу техникасын жетілдіру. Жұмысты шығармашылықты түрде ұйымдастыру үшін сынып шағын топтарға бөлінеді, әрбір топ жұмыстың өздеріне бөлінген кезеңін атқарады, әрбір топтың өз жұмыс орны, қажетті құралдары болады және мұғалімнің кеңесін ала алады.
I-топ»Қызыл моншақ»
II-топ»Жасыл моншақ»
Жоба бойынша жұмыс. «Ұлттық нақыштағы браслет »,
2 топ жобаны жіктеу мен талқылау барысында іс-әрекеттер жоспары жасалады, проблемаға талдау жүргізіледі.
Қазір қолда не барын және нені істеу керек?
Деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады.
Зерттеу.
Жоба нұсқалары суреттермен, сұлбалармен, қысқаша сипатталармен қатар беріледі.
Тақырып бойынша ақпарат жиналып, талқыланады. Бірлесіп талқыланғаннан кейін негізгі нұсқаны таңдап алады.
Мұғалім іс-әрекеттер жоспарын жасауға көмектеседі.
Жобаны дайындаудың технологиялық картасын құрастырады, құрал –саймандар,(киіз,қайшы,моншақ.композиция ,т.б) материалдар іріктеліп алынады. Оқушылар көрсетілген дайын жобаларға талдау жасайды, болашақ бұйымға қажетті заттардың тізімін құрастырады.
Жоба тақырыбын таңдап алуды негіздеу, идеяларды дайындау мен үздіктерін таңдап алу.
Оқушылар мұғаліммен бірге алға қойылған мәселелерді талқылайды. Өз жобалары үшін қажетті ақпаратты іріктеп алады.
Қауіпсіздік техникалық ережесі:
* Моншақтарды араластырма.
* Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшада ұстаған жөн.
* Сым темірмен ойнама.
* Сымды қайшымен қияды.
*Сымды көзге жақын ұстамайды.
* Жұмыс орныңды таза ұста.
Керекті құрал – жабдықтар:
• жасыл, жартылай мөлдір бисер;
•қайшы; фетер немесе киіз;
.фарнитуралар(түйреуіш,т..б)
.ермексаз
Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. 3 мин Жаттығу жасау реті:
Көзді алақанмен жауып тұру.
1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет көзді жыпылықтату
2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет
көзді жыпылықтату
3 жаттығу “жылан” және керісінше, 3 рет
Нәтижелер мен қорытындылар:
Оқушылар дайындаудың оңтайлы технологияларын таңдап алып, болашақ жобалардың эскиздерін көрсетеді, жиналған ақпаратты нақтылайды,талдайды, қорытындылар жасайды. (Барлық жұмыс мұғалімнің бақылауымен жүргізіледі.)
Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.
1.Таңдаған заттың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы керек.
2.Таңдаған зат сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма?
Осының барлығын ойластыру керек.
3.Таңдаған жобаның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек. Жұмыс орындарын жинастыру.
VI. Сабақты бекіту:
Енді оқушылардың бисер туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.
Бисер дегеніміз не? (Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдан жасалған моншақтарды бисер деп атаймыз)
Моншақ дегеніміз не? (Бисерлерден үлкендерін кәдімгі моншақ деп атайды)
Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар? (Стеклярустың бисерден айырмашылығы оның ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес келеді)
Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздіктің ережелерін сақтау керек? т.б.
VI. Қорытынды. Дәулетім қызым өнерің,
Өнермен артар беделің,
Өнерін болса бойыңда
Халқыңа тиер көмегің-дегендей халыққа пайдаларыңды тигізіп,мынадай әдемі дүниелерді жасауға мүмкіндіктерің бар.Міне,қыздар бүгін сендер бисермен түрлі ұлттық нақышта орындалатын алқа,браслет жасау жолдарын үйрендіңдер,келесі сабақта бұл жұмыс жалғасын табады. «Көз қорқақ-қол батыр» дегендей зейін қойсаңдар үйренбейтін өнер жоқ.Тек сендерге терең білім,үлкен шеберлік,төзімділік,іскерлік,шыдамдылық,белсенділік керек.