Сабақтың тақырыбы:
Күшейткіш үстеу
6-сынып
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың мақсаты :
А) білімділік :Оқушыларға тақырып туралы түсінік беру,білімдерін кеңейту.
Ә)дамытушылық : Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Психологиялық тренинг .
Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар, сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.
Алақанды ашайық,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп достарға
Біз сабақты бастайық.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
Зымыран сұрақтар
Жаттығу тексеріледі
- Етістік дегеніміз не?
- Үстеу деген не?
- Үстеудің мағынасына қарай неше түрі бар?
- Бүгін Мағынасы мен құрамына қарай қандай үстеу?
- Сөз таптарының саны қанша?
- Қимылдың амалын, тәсілін білдіретін қандай үстеу?
- Қанша сұрағына жауап беретін үстеудің мағыналық түрі
- Туынды үстеулер қалай жасалады?
- Әрең – әрең құрамына қарай қандай үстеу?
Ілгері, төмен мағынасына қарай қандай үстеу ?
І. Қызығушылығын ояту.
Сөзжұмбақ шешу.
1Келіп тұр . Құрамына қарай қандай етістік?
- Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?
3 Қимылдың орындаушыға қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің бір түрі
4 – ып,-іп,-п жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің ерекше түрі.
- Тұйық етістіктің жұрнағы.
1. Аз сөзінің антонимі
2.Құс атауы
3. Рас сөзінің синонимі
4.Нашар баға
5.Ұлттық өнер
6. Дұрыс емес (синонимін жаз)
7. Домбырамен орындалатын әуен
8 Септік
9.Ірі емес(синонимін жаз)
ІІ. Мағынаны тану.
Күшейткіш үстеулер: әбден , тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, әнтек, аса, керемет,өте,мүлдем т.б.
- Іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп не солғындатып көрсетеді.
- Сапалық сын есімдермен тіркеседі.(күшейтпелі шырай жасауға негіз болады) Мысалы: тым әдемі, ең биік
- Кейбір күшейткіш үстеулер етістікпен тіркесіп, қалай ? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте не солғындата көрсетеді.
Мысалы: мүлде білмейді т .б.
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбірлер болып келеді.
КҮШЕЙТКІШ ҮСТЕУ
Сапалық сын есіммен тіркескен Етістікпен тіркескен
күшейткіш үстеулер күшейткіш үстеулер
Мысалдар: өте биік, тым жұмсақ, сәл кідірді
Оқулықпен жұмыс.
285- жаттығу.1-топ.
Әр оқушыға 1 сөйлемнен талдауға беріледі.
286-жаттығу 2 – топ.Сөздерді бөліп беру
.
. Ең алғаш рет дүниежүзі чемпионы атағын алған
(1909 жыл)
2.Ең алғаш рет қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған
(1912 жыл)
3.Парижде 1925 жылы қазақ әнін орындап, күміс жүлде алған әнші
4.Ең алғаш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама
.
5. Ең алғаш суретші атағын алған
6.Дүние жүзінде тары өсіруден рекорд жасаған (1943жыл) – Шығанақ Берсиев.
Қимыл-қозғалыс сергіту сәті
1.Оңға 2 . Солға
3 .Алға қарай бір адым
4. Артқа қарай бір адым
5 Жоғары – төмен қарайық .
Деңгейлік тапсырмалар.
1Бірінші деңгей- танымдық.
Сөйлемді көшіріп ,үстеулердің астын сыз.
Нағашым бүгін өте ерте келді. Бейсембай ілгері қарай жылжыды. Ол амалсыздан келісті.
Ержан ертең қалаға барады.
1Бірінші деңгей- танымдық.
Мұнда бүгін аса үлкен әбігер бар. Ол мүлдем жауап бере алмады. Хамит ілгері жүріп кетті.
Мана мектепке барып, апайға сәлемдесіп қайттым.
2 Екінші деңгей –проблемалық.
Берілген үстеулерді қатыстыра сөйлем жаз
Күні –түні, өте, кілең, осында, таңертең, сәл.
2 Екінші деңгей –проблемалық.
Берілген үстеулерді қатыстыра отырып, сөйлем жаз.
Шапшаң, алға, орасан, жыл бойы, тіпті, керемет
3 Үшінші деңгей – шығармашылық.
Сурет бойынша күшейткіш үстеулерді қатыстыра отырып мәтін жазу. Мәтінге тақырып қою.
ІІІ. Ой толғаныс.
Венн диаграммасы
1-топ. Күшейткіш үстеу мезгіл үстеуі
2-топ. Зат есім мен үстеу.
Қорытындылау. Сабақ бойынша кері байланыс.
Бүгінгі сабақты түсіндің бе? Қай тапсырманы орындаған оңай болды? Қай тапсырманы орындау қиын болды?
Үйге: Күшеткіш үстеулерді жаттау.
Көркем әдебиеттен мысал жазу
Бағалау.
Топ басшы есебі. Сабаққа қатысымына қарай бағалау.