ПРОБЛЕМАЛЫҚ
ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жоспар:
3.1 тақырып Проблемалық оқыту технологиясы
1.Проблемалық оқыту технологиясының мақсаты. 2.Проблемалық оқытудың құрылымы, шарттары. 3.Проблемалық сабақтарды жоспарлау. 4.Проблемалық сабақтарды өткізудің жолдары, әдістері, ұйымдастыру формалары.
Проблемалық оқыту оқушыларды дербес ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулуда, бейтаныс, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды болып келеді.
Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалымдар мен жаңашыл ұстаздар:
1) М.И.Махмутов,
2) Н.Н.Скаткин,
3) В.Оконь,
4) Т.Ақшолақов,
5) Қ.Тасболатов,
6) Ә.Дайырова,
7) Қ.Бітібаева еңбектерін айтуға болады.
Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды.
Проблемалық ситуацияны, проблеманы шешу-зерттеу, іздену еңбегін шығармашылық еңбекті талап етеді.
Ал шығармашылық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі.
Шығармашылық-ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі.
Проблеманы шешу проблемалық сұрақ-тапсырмаларға байланысты жүретін үрдіс.
Проблемалық сұрақ-тапсырмалардың өзі оқушыларды ғылыми-ізденіс, зерттеушілік іс-әрекеттерге баулиды.
Себебі ол оқушылардың белсенді дербес еңбегі, шығармашылық ізденісіне негізделеді.
Проблемалық ситуацияны шешу-алдыдағы проблеманы шешу екендігін, сол арқылы оқушылардың «жаңа өнімге» қол жеткізетінін түсіндіреді.
Оқушы үшін «жаңа», «беймәлім» проблема дегендер ғылымға мүлде белгісіз, жаңа ғана ашылған жаңалықтар емес.
«Жаңалық» оқушының өз ізденісі, өз зерттеуі арқылы жеткен нәтижесі, ол нәтиже бұрын оған «беймәлім» болып келген деректер.
Проблемалық оқытуға негізделген зерттеу- іздендіру бағытындағы тапсырмалардың ерекшелігін төмендегі салыстырмалы кесте арқылы дәлелдеуге болады.
ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУДА
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДА
-Тапсырмаларда проблема қою міндет емес.
-Проблеманы шешу міндетү
-Тапсырмалар оса бағытта беріліп, олар дербес ізденіс, зерттеушілік еңбекті талап етеді.
-Жауабы оқулықтарда, мұғалім түсінігінде бар.
-Дайын жауабы жоқ. Проблемалық ситуацияны шешуді қажет ететін тапсырмалар
- Оқушы-обьект.
Оқушы- субъект. Ол белсенді -тұлға.
-Орындаушы, жауап беруші, дайынды қайталап айтушы.
Білімді өз ізденісімен алушы және зерттеуші.
-«Жаңалық» ашу, жаңа өнім жасау міндетті емес.
Жеке тұлғаны дамытуға, ғылыми – ізденіске жетелейтін шығармашылық бағыттағы тапсырмалар.
Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі, басты белгілерін төмендегі кестемен тұжырымдауға болады:
2 -кесте.
1. Білімді проблема қоя отырып түсіндіру.
2. Оқушыларды дербес іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу.
3. Зерттеу, іздендіру әдісі. Оқытудың өнімді жолы.
Мұғалім сабақты проблема қоя отырып, түсіндіреді. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті проблеманы шешуге бағытталады. Оқышуларды іздендіруге жұмылдырады.
Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды. Сабақ барысында өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге жұмылдырады.
Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдейді, салыстырады, қорытынды шығарады. Өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.
1. Қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің негізгі айырмашылықтарын қалай түсіндірер едіңдер? Ол үшін мына үлгідегі тапсырманы орындаңдар:
Үлгі:
Қайталама қос сөздердің жасалу жолы
Қосарлама қос сөздердің жасалу жолы
Ұқсастық белгілері
Айырмашылықтары
Жасалу жолдарына, үш мысалдан келтіріңдер.
Мына шағын шығарма- суреттемеге назар аударыңдар. Табиғат көрінісін суреттеуде қай қос сөздің орны ерекше деп ойлайсыңдар? Пікірлеріңді дәлелді түрде білдіріңдер.
Қыс суреті.
«Тау- тау болып үйілген аппақ – аппақ қарлар ауыл- аймаққа ерекше бір көрініс беріп тұр. Күн нұры түскенде олар жалт- жұлт етіп, көзіңді шағылыстырады. Шаналарын сүйрей- мүйрей жеткен Асандар тобы айқай- шумен жаңағы әдемі көріністі әп- сәтте көз алдыңнан ысырып жібергендей болды».
Кестені пайдалана отырып, оқушылардың бір п ə н негізінде руханиадамгершілік т ə рбиесінің қалай жүзеге асатынын көрсетіңіз: с
П ə н
П ə н бойынша сабақтан тыс іс- ə рекетпен байланыс
Әлеуметтік ортамен байланыс
Отбасы, ата-аналардың қатысуы
Қазына картасы.
Көзіңізді жұмып өзіңізден сұраңыз: менің қазынам қайда жасырылған? Менің қандай ашылмаған қабілеттерім бар? Өз қазынаңызды көз алдыңызға келтіріп көріңіз. Өз қазынаңыздың суретін салыңыз. Содан кейін өз қазынаңызға апаратын аяқ жол, ол сіздің өміріңіз деп ойлаңыз. Қазынаға жетер алдында кездескен бөгеттерді ж ə не оны табуға көмектескен не екенін көрсетіңіз. Өз ой-толғанысыңызды қағаз бетіне түсіріңіз.
Проблемалық оқытудың оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады:
-Оқушылар өздеріне «беймәлім» проблеманы шешуге жұмылады.
-Іздену, зерттеу жұмыстарына төселеді.
-Бұрынғы білімдерін жаңа мақсатқа пайдалана білу дағдылары дамиды.
-Жаттандылықтан дайын білімді қайталап айтудан, өнімсіз еңбекпен сақтандырады, шығармашылық жұмыстарға белсендіреді.
-Білімді өз ізденістерімен алуға жаттықтырады.
-Өздерін- өздері оқыту, өзін-өзі тану үрдістері жүреді.
Оны негізге алған сабаққа төмендегідей талап қойылады:
-Сабақ мақсатын белгілеу, пайдаланылатын оқу жабдығы, әдіс-тәсілдер, оқу формаларын сұрыптауда проблемалық оқыту талаптары басшылыққа алынады.
-Мұғалім тақырыптың басты проблемасын тауып, қойылатын сұрақтарды реттейді.
-Берілетін білім проблемалық сұрақтарға негізделеді; Мұғалім проблема қоя отырып түсіндіреді.
- Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың дербес ізденісіне, өзіндік зерттеулеріне жағдай туғыза отырып, оларды проблемалық ситуацияны шешуге жетелейді.