Мерзімі 21.10.2016 | Сынып: 5 сынып | Сабақ № 9 | Пәні: информатика | Пән мұғалімі: Тұрсын Ұ.Т. |
Сабақтың тақырыбы: Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы |
Сабақтың мақсаты: | Программалық жабдықтамалар туралы түсінік беру арқылы сыни ойлауға, жабдықтамаларды ажырату арқылы танымдық белсенділігін арттыру |
Сабақтың түрі,типі: | Кіріктірілген сабақ |
Сабақтың әдісі: | «Ойлан- жұптас-бөліс», « Әткеншек» әдісі, «Сәйкестендіру» әдісі |
Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар: | Интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар, видео жазба, постер, маркер |
Күтілетін нәтиже: | Топтық жұмыс жасай отырып, пәнге уәжі төмен оқушы сабақты меңгереді, программалары өмірмен байланыстыра отырып өзіндік жеке ойлау көзқарастары қалыптасады. |
Сабақтың кезеңі: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І.Ұйымдастыру (1 мин) | 1.Сәлемдесемін; Оқушыларды қима қағаздармен екі топқа бөлемін. 1- Жүйелік программалық жабдықтама 2- Қолданбалы программалық жадықтама | Оқушылар сәлемдеседі; Әр оқушы өз топтарына барып отырады. |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (7 мин) | Қосымша құрылғылар деп қандай құрылғыларда айтамыз? Интербелсенді тақтададан қосымша құрылғылардың суретін беремін. Қосымша құрылғыларды үш тілде атауын, қызметін қазақ тілінде айтуы тиіс.  Ақпарат тасығыштарды ата. Сыйымдылық дегеніміз не? | Қосымша құрылғыларды ажыратады, қызметін айтады. |
ЖАҢА САБАҚ. БЕРІЛЕТІН УАҚЫТ (37 мин) |
Білу ( 4 мин) Миға шабуыл | Көрсетілім: «Программалық жабдықтама» Оқушылар бүгінгі тақырып қандай тақырып екен? Оқушыларға күн мерзімін, жаңа сабақты дәптерге жазу ұсынылады. | Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты түсініп, дәптерлеріне жазып қояды. |
Түсіну (12 мин) «Әткеншек» әдісі Пазл | Мәтінді екі топқа бөлемін. 1-топқа Жүйелік программалық жабдықтама 2- топқа Қолданбалы программалық жабдықтама 2 топқа бөлінген оқушыларды қайта топтарға бөлемін. 2-ші рет құрылған топтарға алғашқы топ мүшелері өздеріне түскен алғашқы тақырыпты ашып беруі тиіс. Ал 2-ші топтан келген оқушылар өз тақырыптарын 1-топқа түсіндіруі тиіс. 1-пазл  2 -пазл  3-пазл  | Әр топ өз топ тақырыптарына байланысты, постерге өз ойларын түсіреді және қорғайды. 2-ші рет құрылған топта постерді жаңа мәлімет алған оқушылар қорғайды. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Оқушылар кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін , олар командада жұмыс істеп, пазл құрастырады және тапсырманы орындайды. |
Сергіту сәті (2 мин) |
Қолдану (5 мин) «Сәйкестендіру» әдісі «Тыңдап отырған үштік» әдісі | Сәйкестендір | Оқушылар үштен жұп болып сәйкестендіру жасайды. Екі оқушы сәйкестендіріп, үшінші оқушы тындап алып, сәйкестендіруді қорғауға тақтаға шығады. |
Талдау (7 мин) | Тест тапсырмалары | Оқулықпен жұмыс |
Жинақтау (5 мин) | Мектепті компьютер деп елестетсең, директорын қандай программаға теңер едің, ал мұғалімдер мен оқушыларды ше? Өз сыныбыңның операциялық жүйесіне кімді теңер едің? Ал сынып оқушыларын ше? | Оқушылар посперге өмірмен байланыстырылған түсініктемелерін қорғайды. |
Бағалау (2 мин) | Топтағы оқушыларды белсенділігіне қарай бағалау парағы арқылы бағалаймын. | Топ басшысы оқушылардың бағасын санап, бағалау критерийі бойынша бағаларын айтады. Қорытынды бағаны күнделіктеріне қойғызады. |
Үй тапсырмасын беру (1 мин) | 8 тақырыпты оқу. Жүйелік программалардың ағылшынша атауларын жазып келу | Күнделіктеріне жазып алады. |
Кері байланыс | Оқушыларға сабақтан алған әсерлерімен бөлісуі үшін стикерге әсерлерін жазуды тапсырамын. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. |