(Ө)1-тапсырма «Кестені толтыру» әдісі - әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып тақырыптың түсіну деңгейін арттырады. Қалыптастырылатын дағдылар: ақпаратты салыстыру; өз ойларын жинақтау және жазу. Төмендегі сөйлеммен берілген екі қатынастың теңдігін екі тәсілмен жазып кестені толтырыңдар. 5-тің 10-ға қатынасы 3-тің 6-ға қатынасындай; 7-нің 2-ге қатынасы 28-дің 8-ге қатынасына тең; 9 саны 4-тен қанша есе артық болса, 45 саны 20-дан сонша есе артық.; 14 саны 22-нің қанша бөлігін құраса, 7 саны да 11дің сонша бөлігін құрайды. | a | b | c | d | | a:b = c:d | 1 | | | | | | | 2 | | | | | | | 3 | | | | | | | 4 | | | | | | | Шыққан теңдіктердің пропорция болатынын тексеріңдер. Дескриптор: ҚБ: "Бағдаршам" әдісі арқылы. (Т) 2-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі - берілген тапсырма бойынша оқушылар топта жұмыс жасау арқылы пропорцияның негізгі қасиетін пайдалана отырып барлық жағдайларды қарастырады. Қалыптастырылатын дағдылар: ақпаратты cаралау; бірлескен жұмыс; ойлау, шешім қабылдау. Тура теңдігінен пропорция құрыңдар және шыққан пропорция мүшелерінің орнын ауыстырудың барлық мүмкін жағдайларын қарастырыңдар. 13*20=26*10 2) 52*6=39*8 3) 3,8*8=1,9*16 Дескриптор: пропорцияның қасиеті бойынша мүшелерді ажырата алады; ортаңғы мүшелерінің орындарын ауыстырады; шеткі мүшелерініің орындарын ауыстырады; пропорцияның шеткі мүшелерінің де, ортаңғы мүшелерінің де орындарын ауыстырады. Қ Б: "Кедергіге қарсы басқару" графикалық органайзерді пайдаланып, оқушылардың қажеттіліктерін анықтау. (Т)3-тапсырма Венн диаграммасы бойынша оқушылар топта жұмыс жасау арқылы пропорцияның негізгі қасиетін есеп шығаруда қолданады. Қалыптастырылатын дағдылар: ақпаратты зерттеу; бірлескен жұмыс; ойлау, шешім қабылдау. Теледидар 20% Спорт 10% Кітап оқу 60% Серуендеу 15% Егер күндік іс-шараларына Мағжан 3 сағат жұмсаса, онда спортпен шұғылдануына және кітап оқуына неше уақыт кететінін анықта. Дескриптор: ҚБ:"Серпілген сауал" әдісі - тақырыптың түсіну деңгейін арттыру және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды "лақтыру ". | Слайд2 (кесте) Карточка (толтыруға арналған кесте ) Үлестіме қағазы ("Бағдаршам" әдісіне арналған үш түсті үлестірме) Карточка (тапсырма жазылған) Үлестірме ("Кедергіге қарсы басқару" графикалық органайзері) "Кедергіге қарсы басқару" графикалық органайзері Слайд3 (Венн диаграм масы) |