СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

S- және р- элементтердің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны, атом құрылысының ерекшелігі

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

s және p  элементтерінің жіктелуі сипатталуы физикалық химиялық қасиеттері

Просмотр содержимого документа
«S- және р- элементтердің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны, атом құрылысының ерекшелігі»

Сыныбы:10

Күні:13.02.2019 ж

Тақырыбы:

s- және р- элементтердің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны, атом құрылысының ерекшелігі

Оқу мақсаты:

Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – және р элементтерінің периодтық жүйедегі орны туралы түсіндіріп білімдерін дамыту. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сабаққа деген белсенділігін, алған білімді есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Алдыңғы оқу

Сандық есеп

Әдіс-тәсілдер

Ұжымдық оқыту, жеке жұмыс, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, өзіндік жұмыс

Көрнекіліктер

Периодтық кесте, кеспе қағаздар, оқулық

Жоспар

Басталуы

Қызығушылықты ояту. Ой шақыру

Ынтымақтастық атмосфера құру, оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу.

1-қадам: Үй тапсырмасыны сұрау

Оқушының міндеті үй тапсырмасын, өткен тақырыптарды еске түсіру.

Химиялық диктант

  1. Реакцияны аяқта: Cu + Mg(NO3)2

  2. Теріс зарядты электрод. (Катод)

  3. Стандартты жағдайдағы электродтың потенциалы не деп аталады?(Стандартты электродтық потенциал)

  4. Платина тығыздығы нешеге тең? (21,5 г/см3)

  5. 10000С –ден төмен балқитын металдар не деп аталады? (Оңай балқитындар)

  6. Металдардың жеңіл және ауыр деп қандай қасиетіне байланысты бөлінеді? (Тығыздығына)

  7. Периодтық жүйедегі галогендер орналасқан топ. (VII топ, А негізгі топша)

Берілген парагроф бойынша сұрақтар қою:

8.Қазақстанда мыс қандай минералдар түрінде кездеседі? (малахит, хальхозин, куприт, халькуприт)

9.Мыс сульфидті кенінен қандай әдіс арқылы алынып, қандай әдіс арқылы тазартылады?(тотықтыру арқылы алынып,электролиз арқылы тазартылады)

10.Қазақстанда кездесетін темір минералдары? (магнетит, магномагнетит, титаномагнетит,гематит, гидромагнетит, гитет, сидерит)

11. Мәрмәр тастың формуласы қандай?(СаСО3)

12.Фосфордың фосфорит деп аталатын кені дүниежүзі бойынша Қазақстан нешінші орында? (екінші)

13.Күкірттің ең бай қоры қай аймақтарда орналасқан? (Майқайыңда, таза күкірт Алтайда, Жоңғар Алатауында)

14. Адам денесінің қанша пайызын су құрайды?(ересек адамның денесінде 40-50л су болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%,сүйіктердің 22% судан тұрады.)

15.Адам ағзасына натрийдің жетіспеушілігі?

(Қанның қойылуы. Бүйрек,жүрек -қантамырлары қызметінің бұзылуы.Жалпы зат алмасудың бұзылуы.)

16.Мырыш адам ағзасының қандай бөліктерінде кездеседі? (Мырыш адам терісінде,шашта,тырнақта,бұлшықетте,қан клекаларында жинақталып,олардың өсуіне қатысады.Инсулиннің құрамына кіреді және Е витаминінің сіңуіне қатысады. Мырыш сіңіу үшін А және В6 витамині керек.Адам ағзасына қажеттілігіне қарай темірден кейін екінші орынды алады.)

Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

І топ s,р – элементтердің жалпы сипаттамасы

ІІ топ Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері

ІІІ топ Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері.

Ортасы

Мағынаны тану

«Жаңа сабақ құпиясы» Мәтінмен жұмыс

2-қадам І топ. S,р – элементтердің жалпы сипаттамасы

S,р – элементтер өздерінің валенттік электрондарын оңай береді де, күшті тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Бұл қасиет ІІ топтың элементтеріне қарағанда І топтың элементтерінде айқынырақ байқалады. Атомдардан электрондарды үзіп алу энергиясы сыртқы электрондардың саны артқанда өседі және атом радиусы артқанда кемиді.

Ядродан қашықтаған сайын ядромен валенттілік электрондардың байланысы әлсірейді, сондықтан бұл металдардың химиялық белсенділігі топтарда артады. Бұл элементтердің сипаттамаларын салыстыру көрсеткендей, цезий атомынан сыртқытэлектрон жеңіл үзіледі, сондықтан цезий ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.

ІІ топ. сілтілік металдардың физикалық қасиеттері

Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері көбінесе кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді.

Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті, олар жұмсақ. Бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді, себебі атомдардың шамасының артуынан кристалдық тордағы металл атомдарының байланыс энергиясы кемиді.

Барлық сілтілік металдар жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.

ІІІ топ. Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері

Химиялық қасиеттері бойынша сілтілік металдар бір – біріне өте жақын. Олар – ең жақсы тотықсыздандырғыштар және басқа металдарға қарағанда белсенділігі өте жоғарылар. Олардың тотықсыздандырғыштық қасиеті литийден цезийге қарай өседі, өйткені кристалдағы химиялық байланыстың беріктігі және атомнан электронды үзіп алып, катиондар түзуге қажетті энергия кемиді.

Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен, сумен, қышқылдармен әрекеттеседі.

3-қадам І топ 1) ІІ топша элементінің 13,05 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 3,36 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.

Me + H2SO4 = MeSO4 + H2

13,05 г ―3,36 л

Х ― 22,4 л Х = 87 Sr

2) Мына айналымдарды жүзеге асыр:

Li3N→Li→Li2O→LiOH→Li2SO4

1)2Li3N → 6Li + N2

2)4Li + O2 = 2Li2O

3)Li2O + H2O = 2LiOH

4)2LiOH + H2SO4 = Li2SO4 + 2H2O

ІІ топ 1) ІІ топша элементінің 27,4 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 4,48 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.

Me + H2SO4 = MeSO4 + H2

27,4 г ―4,48 л

Х ― 22,4 л Х = 137 Ва

2) Массасы 4,6 г сілтілік металл йодпен әрекеттескенде массасы 30 г осы металдың йодиді түзіледі. Реакция үшін қандай сілтілік металл алынған?

2Мe + I2 = 2MeI

4,6 г ―30 г

Х ―х * 127

4,6 г*(х * 127) = х * 30 г

4,6 х + 584,2 = 30 х

584,2 = 30 х – 4,6 х

584,2 = 25,4 х

Х = 584,2 / 25,4 Х = 23 Ж: Аr(Na) = 23

ІІІ топ. ІІ топша элементінің 1,2 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 1,12 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.

Me + H2SO4 = MeSO4 + H2

1,2 г ―1,12 л

Х ― 22,4 л Х = 24 Мg

2) ІІ – А топша элементінің 2 грамы тұз қышқылының құрамынан 1,12 л Н2 бөліп шығарса, ол қай элемент болғаны?

Me + 2HCl = MeCl2 + H2

2 г ―1,12 л

Х ― 22,4 л Х = 40 Са

Аяқталуы

Бекіту. Ой толғаныс «Біліміңді байқап көр»

  1. Сілтілік металдарды атаңдар. (Литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций)

  2. Натрий және калий қосылыстарын ашқан химиктер. (Ағылшын химигі Г.Дэви және неміс химигі Р.Бунзен)

  3. №87 элементті ашқан химик. (Француз химигі М.Пере)

  4. Натрийдің балқу температурасы. (97,70С)

  5. Жер қыртысында болмайтын радиоактивті элемент. (Франций)

Элементтердің таралуы бойынша калий нешінші орында? (7)

Қосымша есептер:

5 жаттығу

Ca3 (PO4)2PP2O5  H3 PO4  Na3PO4


Mg3 (PO4)2 Zn3 (PO4)2 Ag3 PO4

1.Ca3 (PO4)2+5C+3SiO22P+3CaSiO3+5CO

2.4P + 5O22P2O5

3.P2O5+3 H2O2H3 PO4

4.H3 PO4 + 3NaOH Na3PO4+ 3H2O

5. P2O5 + 3Mg(OH)2  Mg3 (PO4)2 + 3H2O

6. 2H3 PO4 +3 Zn Zn3 (PO4)2 + 3H2

7. Na3PO4+ 3AgOH  Ag3 PO4+ 3NaOH

  1. Ұнтақ түрінде алынған мырыш пен алюминийді күкіртпен аздап қыздырғанда тұтанады. Осы реакцияның теңдеуін жазыңыз. Әрбір металдың 0,5 молімен реакцияға түсетін күкірттің массасын есептеңдер.

Бер: Шешуі:

ʋ( Zn) = 0.5 моль 1) Zn+S→ZnS

ʋ (Al) = 0.5 моль

т/к: m (S) =? ʋ (Zn) = 0.5 моль

М (S)= 32 г/моль

0,5моль – х

1моль – 32г/моль

х = 16 г (S)

2) 2Al + 3S→Al2S3

0.5 моль – х

2 моль – 3 моль х=0,75 моль

m= M*ʋ= 0.75 моль*32 г/моль = 24 г

  1. Құрамында 65% мырыш және 35% мыс бар 10 г құйманы артық мөлшерде алынған тұз қышқылына салады. Реакция аяқталғаннан кейін алынған ерітіндіні суалтты. Қандай тұз түзілді? Оның массасы қандай?

Берілгені: Шешуі:

m(Zn)= 10 г Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2

ω(Zn)=65% 10г хг

ω(Cu)=35% 65 136

т/к m(тұз)=? Х =20,92 г ZnCl2

20,92 г ZnCl2 100%

Хг 65% Х=13,6г ZnCl2

  1. Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6 г темір пластинкасын салды. Темір толық еріді. Бөлінеген мыстың массасы қанша?

Бер: Шешуі:

m( Fe) =5,6г CuCl2 + Fe →FeCl2 + Cu

М ( Fe) = 56 г/моль М (Сu) = 64 г/моль

т/к: m (Cu) = ? 5.6 г – х

56 г/ моль – 64 г/моль X=6.4г

  1. Мынадай айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Са → СаО → Са(ОН)→СаСl2

  1. 2Ca + O2 =2CaO

  2. CaO + H2O = Ca(OH)2

  3. Ca(OH)2 + CuCl2 = CaCl2 + Cu(OH)2

Үйге тапсырма: §5.2-5.3 Натрий және калий қосылыстары. Ақпарат құралдарынан мәліметтер

Кері байланыс

Біз бүгін не білдік?



Рефлекция






І топ s – элементтердің жалпы сипаттамасы

s – элементтер өздерінің валенттік электрондарын оңай береді де, күшті тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Бұл қасиет ІІ топтың элементтеріне қарағанда І топтың элементтерінде айқынырақ байқалады. Атомдардан электрондарды үзіп алу энергиясы сыртқы электрондардың саны артқанда өседі және атом радиусы артқанда кемиді.

Ядродан қашықтаған сайын ядромен валенттілік электрондардың байланысы әлсірейді, сондықтан бұл металдардың химиялық белсенділігі топтарда артады. Бұл элементтердің сипаттамаларын салыстыру көрсеткендей, цезий атомынан сыртқытэлектрон жеңіл үзіледі, сондықтан цезий ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.


ІІ топ Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері

Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері көбінесе кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді.

Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті, олар жұмсақ. Бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді, себебі атомдардың шамасының артуынан кристалдық тордағы металл атомдарының байланыс энергиясы кемиді.

Барлық сілтілік металдар жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.


ІІІ топ Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері

Химиялық қасиеттері бойынша сілтілік металдар бір – біріне өте жақын. Олар – ең жақсы тотықсыздандырғыштар және басқа металдарға қарағанда белсенділігі өте жоғарылар. Олардың тотықсыздандырғыштық қасиеті литийден цезийге қарай өседі, өйткені кристалдағы химиялық байланыстың беріктігі және атомнан электронды үзіп алып, катиондар түзуге қажетті энергия кемиді.

Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен, сумен, қышқылдармен әрекеттеседі.



І топ 1) ІІ топша элементінің 13,05 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 3,36 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.

2) Мына айналымдарды жүзеге асыр:

Li3N→Li→Li2O→LiOH→Li2SO4


ІІ топ 1) ІІ топша элементінің 27,4 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 4,48 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.

2) Массасы 4,6 г сілтілік металл йодпен әрекеттескенде массасы 30 г осы металдың йодиді түзіледі. Реакция үшін қандай сілтілік металл алынған?

ІІІ топ. ІІ топша элементінің 1,2 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде (қ.ж.) 1,12 л сутек газын бөліп шығарған. Белгісіз металды тап.

2) ІІ – А топша элементінің 2 грамы тұз қышқылының құрамынан 1,12 л Н2 бөліп шығарса, ол қай элемент болғаны?


1) Ұнтақ түрінде алынған мырыш пен алюминийді күкіртпен аздап қыздырғанда тұтанады. Осы реакцияның теңдеуін жазыңыз. Әрбір металдың 0,5 молімен реакцияға түсетін күкірттің массасын есептеңдер.


2) Құрамында 65% мырыш және 35% мыс бар 10 г құйманы артық мөлшерде алынған тұз қышқылына салады. Реакция аяқталғаннан кейін алынған ерітіндіні суалтты. Қандай тұз түзілді? Оның массасы қандай?


3) Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6 г темір пластинкасын салды. Темір толық еріді. Бөлінеген мыстың массасы қанша?


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!