СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары: "Бір ел-бір тағдыр"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары. Бір ел-бір тағдыр. Қазақ тілі пәні бойынша.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Бір ел-бір тағдыр"»

Күні: 06.02.19

Мұғалімнің аты – жөні: Гизатова А.Н.

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

Мәңгілік ел: Бір ел-бір тағдыр

Оқу мақсаттары:

7.1.6.1. коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш ,эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш , эмоционалды-экспрессивті сөздерді.

Көпшілігі орындай алады: мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білуді

Кейбірі: өзіндік ой-тұжырымын шығармашылық жұмыста көрсете алады

Жетістік критерийлері

Грамматикалық ережелерді ұстанады, шығармашылық жұмыстар жаза алады

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер: қонақжайлылық, сенімділік, сүйіспеншілік, махаббат, кеңпейілділік,достық

Алдыңғы оқу

Тілі басқа болғанмен,тілегі бір

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Топқа бөлу.(өзбек,қазақ,орыс)


Берілген әріптер арқылы 3-топ жаңа тақырыпты тақырыпты анықтайды. ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ



Суреттер

Ортасы

Үй тапсырмасы. 5-тапсырма.

Өзі өмір сүретін елдің тіліне құрметпен қарау-әр адамзаттың парызы

Оқылым.1-тапсырма.

Мәтінді оқып, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені анықтаңдар.

Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріледі.Қазақ ежелден бауырмал ,ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың «адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейтін қағидасы бар емес пе?! Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бауырмалдық , қонақжайлылық, кеңпейілділік бар ұлт қана ынтымағы жарасқан елге айналады. Кеңес үкіметі тұсында да ұлтаралық достықты ұстаным етті ғой. Сол кезде қалыптасқан халықтар достығы қазір де жалғасып жатыр. «Қазақстан - жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз. Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды.

Бұл күнде Ассамблея атқарып отырған жұмыс сан алуан. Өзінің алға қойған мақсатты жобалары, шаралары бар. Достықтың Отаны - Қазақстан гүлдене берсін,

Ойтүрткі.

1.»Ұйытқы» сөзінің мағынасы?

2. «Ұлы Абайдың адамзаттың бәрін сүй» дейтін қағидасын қалай түсінесіңдер?

3.Еліміздің достық пен татулықтың мекені болуының басты себебі неде деп ойлайсыңдар?

Әдеби тіл нормалары

2-тапсырма.Сөйлемдерден еліктеу сөздерді тауып, олардың қызметін анықтаңдар

1.Майқанованың шаңқ еткен даусы бір-ақ шығып үлгерді.2.Өңі құп-қу болып,сылқ етіп құлап бара жатыр. 3.Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады. 4. Федоровтың көз оты жарқ етіп, дүние тұманданып, теңселіп бара жатқандай болды. 5. Федоров жалт етіп, тұздай көк көзімен Еламанға қадала қарады. 6.Кісендер даусы гүрс-гүрс етеді

3-тапсырма.Тыңдалым және айтылым. «Ұлттар достығы-ел болашағы» бейне материалды көріп, негізгі ойды анықтаңдар. Өз жауабыңды өзгелердің жауабымен салыстырыңдар.

4-тапсырма.Жазылым. «Инсерт» әдісімен оқылым және тыңдалым мәтіндері бойынша қорытынды

жазыңдар.

5-тапсырма

«Қазақстан» сөзінің әр әрпінен басталатын,патриоттық сезімге әсер ететін сөйлемдер жазыңдар

Қ-

А-

З-

А-

Қ-

С-

Т-

А-

Н-

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Берілген сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құра.

1.Татулық, тәуелсіздік, келісім, пен, негізі

2.Қазақ елінің, ешқашан, тауқыметке, болғанмен, тағдыры, толы, теппеген, өзгені өзегінен

3. Ынтымақ, алды, ырыс

4.Халқымыздың, көпұлтты, бейбітшілігі, мемлекетіміздің, жетістігі

5.Қазақстанның, әр облысында, ұлттардың, түрлі, ашылған, мәдени орталықтары бар





















































«Инсерт» әдісі






Плакат,маркер,

стикерлер





Соңы

Кері байланыс «Әліппе желісі» әдісі.

Бағалау.» Алма ағашы» әдісі

«Әліппе желісі» әдісі

«Алма ағашы» әдісі.Стикерлер