СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сауат ашу кмж мад

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу кмж мад»

ТАҚЫРЫБЫ: Біз – өнерлі баламыз. Сөйлем түрлері

Мектеп/МҰ: Абай Құнанбаев атындағы №19 орта мектеп

Күні: 16. 09. 2019ж

Педагогтің аты-жөні: Исматова А. С.

СЫНЫП-ТОП: МАД «В»

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: 1

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.

0.1.2.3. Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

-өнер түрлері туралы біледі;

-əртүрлі балалардың өнері туралы əңгімелейді;

-берілген сұраққа толық жауап береді;

- коллаж жасайды.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

-Сұраққа жауап береді.

-Сөйлем интонациясына қарап түрлерін анықтайды.

- Тыныс белгілері мен сызба бойыншасөйлем түрлерін құрастырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-Сөйлем құрастырады.

-Көңіл күйін білдіреді.

-Өз өнері туралы əңгімелейді.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

-Сурет бойынша берілген сұраққа жауап береді. - Өнер туралы пікірлеседі.

- Сөйлем түрлерін əртүрлі интонациямен жеткізеді.

Сұрақ бойынша «Мен өнерлі баламын» тақырыбында

əңгіме құрастырды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Шахмат, футбол, тыныс белгі.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

- Саған балалардың қандай өнерлері ұнады? -Өзің не істей аласың?

- Сен шахмат ойнайсың ба?

- Сіріңке шырпысынан шаршы құрастыру білесің бе? -Саған қандай түс ұнайды?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

-Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

-Сөйлемнің құрамын анықтайды.

-Жолды таба алады, жоларалық кеңістікті сақтайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.










II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.




Балалар көңілді күйде шаттық шеңберіне тұрады.

Өлеңді қимылымен айтып, қайталайды.



Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы таң, достарым!


(Ұ,Ө)Педагогтің сұрағы бойынша əңгіме жүргізіледі:

Өнерлі балалардың əртүрлі өнерлері туралы əңгімелейді. Коллаж жасайды.

Балалардың өнерлеріне қарап болашақта қандай маман иесі болатыны туралы əңгімелесу. Балалар өз қолынан қандай өнер келетінін айтады.


ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс


(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Оқу құралында берілген суреттер бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы суреттер арқылы ҰОҚ-ның тақырыбы ашылады.

– Саған қай баланың өнері ұнайды?

– Мұндай өнерлі балалар араларыңда бар ма? – Саған немен айналысқан ұнайды?

– Сен қай тілде əн айта аласың?

Балалар сұраққа жауап береді. Шағын əңгіме құрастырады. Сурет арқылы ҰОҚ-ның тəрбиелік мəні ашылады. Əр баланың өнерлі болуға ұмтылуы туралы əңгімеленеді.

2-тапсырма. Сен шахмат ойнайсың ба? Педагог балалар назарын сұрақ белгісіне аудартады.

Айсұлу мен Қуаныштың жауабын естиді. Олар балаларға ережені түсіндіреді.

Сұрақ қою мақсатында айтылғандықтан, оның сұраулы сөйлем деп аталатындығын біледі. Мен шахмет ойнаймын.

Педагог сөйлем соңындағы нүктеге көңіл аударып түсіндіреді.

Бір нəрсе жайында хабарлай айтылса, ол хабарлы сөйлем деп аталады.

Мен жеңдім, алақай!

Педагог балалар назарын леп белгісіне аударып, түсіндіреді.

Қуанышты, ренішті көңіл күйді білдіріп тұрған сөйлемнің лепті сөйлем деп аталатындығы түсіндіреледі.

Балалар сөйлем түрлеріне өз мысалдарын келтіреді. Ол үшін көңіл күйді білдіретін əртүрлі сурет түрлерін қолдануға болады. (Ұ)


Сергіту сəті.

Күлімде күн күлімде, Күлсін барлық бала шат. Берекелі, бүгінде, Достығымыз жарасқан. Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз күлеміз!


Балалар өлең жолдарын, көтеріңкі көңіл күймен, қимылымен орындайды.

3-тапсырма. 1-сурет бойынша балалардан педагогке қақпаға доп кіргізген кезде көңіл күйлерін қалай білдіретінін сұрайды. Балалар өз көңіл күйлерін көтеріңкі дауыспен білдіреді. Педагог олардың дауыс мəнеріне назарларын аударады. 2-сурет бойынша балалар сұрақ қойған кезде де дауыс интонациясын келтіріп айтуына назар аудару керек.Содан соң сөйлем түрлеріне берілген мысалдардың соңындағы тыныс белгісін көрсетеді. Балалар дауыс интонациясына қарай əртүрлі белгілер қойылатынын байқайды. Ол белгілер не үшін қойылатыны туралы балалардың болжамын білу. Педагог əрбір сөйлемді дауыс мəнерін келтіре отырып айтады. Балалар педагогтің дауыс интонациясына қарай отырып, сөйлемнің қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын анықтайды. Сөйлемнің айтылуына қарай үш түрі болатындығы туралы қорытынды жасалады.

4-тапсырма. Ойын түрінің бірі шахмат туралы қысқаша балалардың не білетіндігі анықталады. Шахмат тастарын орналастыратын оның тақтасын көретіп, олардың ақ, қара шаршыларға бөлінгеніне назарларын аударады. Балалар қара мен ақ түстің кезектесіп отыратынын байқайды. Шаршы құрастыру үшін неше шырпы қажет екенін санайды. Оған жалғастыра отырып, екінші шаршыны құрастырады, ол үшін неше шырпы қажет екенін айтады. Балалар 7 шырпы қажет екенін айтады. Екінші шаршыға неге 1 шырпы кем қолданылғанын өздері қорытындылап айту керек. Педагог өз қалауынша ары қарай шаршыны жалғастыруға тапсырма беруіне болады.

5-тапсырма. Қол икемділіктерін дамыту. Қолын үзбей шарларды үстінен бастырып сызып шығады. Өзіне ұнаған түспен шарларды бояйды.

Əліппе-дəптер.


















Сұрақ белгісі жазылған плакат.





Нүкте жазылған плакат.






Леп белгісі жазылған плакат.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

)Рефлексивті бағалау.

Смайлик арқылы өз білімдерін бағалайды.

Түрлі түсті қарындаштар, əліппе-дəптер.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!