Пәні: Сауат ашу | Мектеп: КСГОД№2 |
Тақырыбы | Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. |
Күні : 06.04.2018ж | Оқытушының аты-жөні:Суханбердиева Ж.С |
Сынып1 «Б» | Қатысқандар саны: | қатыспағандар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаты | 1.1.6.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл) қолдану 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау |
Сабақ мақсаттары | Өлеңді мәнерлеп оқиды Жуан, жіңішке дауыстыларды ажыратады |
Құндылықтарды дарыту | ұжымшылдыққа,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. |
Ойлау деңгейлері | Қолдану |
Бағалау критерийлері: | Өлеңді мәнерлеп оқиды Жуан,жіңішке дауыстыларды ажырата алады. Каллиграфиялық талапқа сай жазады. |
Тілдік лексика терминдері | Пәндік лексика және терминдер: Жуан және жіңішке |
Талқылауға арналған сұрақтар | Дауысты дыбысты нешеге бөлеміз? Жуан және жіңішке дауыстыларды қалай ажырата аламыз? |
Пәнаралық байланыс | |
АКТ қолдану дағдылары | |
Алдыңғы оқу | Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздері |
Басталуы 3мин | Шаттық шеңбері: Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. Дыбысты нешеге бөлеміз? Дауысты дыбысты нешеге бөлеміз? Жуан және жіңішке дауыстыларды қалай ажыратамыз? | |
Ортасы Дескриптор ТЖ «Сөзжұмбақ» Сергіту сәті 2мин Дескриптор | 1-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.Сұрақтарға жауап бер. 1.Өлең не туралы? 2. «Астың жоқ жаманы» дегенді қалай түсінесің? Өлеңді мәнерлеп оқиды,сұрақтарға жауап бере алады. 2-жаттығу.Сөзжұмбақты дұрыс шеш. Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. Сөзжұмбақ шеше алады 3-жаттығу.Көркем жаз 4-жаттығу.суретке қараңдар.Дүкен сөресіндегі тағамдардың пайдалы,пайдасыз екендігін айтыңдар. | Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс |
Аяқталуы | Әр оқушыға жеке сөздер беріледі.Олар жуан,жіңішке екендігін анықтайды. | Үлестірмелі қағаз |
Кері байланыс 3мин | Бүгінгі сабақта болған көңіл – күй | Бас бармақтар |
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы |
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Қорытынды бағамдау |
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 2. |