СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Smart information world» тақырыбында ашық үйірме отырысы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Smart information world»

Мақсаты:

  • оқушылардың ғылымға, білімге  деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету;
  • ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • оқушыларға компьютердің мүмкіндіктері мен оны күнделікті өмірде қолдануға және компьютерлік сауаттылыққа үйрету.

Просмотр содержимого документа
««Smart information world» тақырыбында ашық үйірме отырысы»

«ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА КОЛЛЕДЖ» МЕКЕМЕСІ



«Бекітемін»

Директордың оқу- тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

_________ А.Е.Кабдолланова

«______» ______ 2021 ж.









«Smart information world» тақырыбында

ашық үйірме отырысы






Информатика пәні оқытушы: Болатова З.Б.




Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды.

Хаттама № «______» ________20___ жыл

Комиссия төрайымы __________Алкебаева Ж.А.







Семей 2021 жыл.


Мерзімі: 25.11.20

Өтетін орны: 1 кабинет

Қатысушылар: 1ВФ-13, 1ЗОО-4 топ студенттері

Тақырыбы: «Smart information world»

Мақсаты:

  • оқушылардың ғылымға, білімге деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету;

  • ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • оқушыларға компьютердің мүмкіндіктері мен оны күнделікті өмірде қолдануға және компьютерлік сауаттылыққа үйрету.

Міндеттері:

  • Ақпарат және ақпараттық үрдістер туралы түсінікті қалыптастыру;

  • Есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • Ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • қауіпсіздік техника ережелерін, этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс –тәсілдер: Ойын, Компьютер, сұрақ-жауап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар

Көрнекілігі: Платформа Prezi, презентация, Kahoot, Nearpod бағдарламасы

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру-Тәуелсіздікке 30 жыл – (5 мин)

I кезең. Introducing the group - Топты таныстыру. (10 мин)

Refreshing moment! - Сергіту сәті!

II кезең. Erudite - Эрудит (7 мин)

IIІ кезең. Mini-quest game - шағын-квест ойыны (10 мин)

IV кезең. Think, guess! Captains competition - Ойлан, тап! Капитандар сайысы (5 мин)

V кезең. Project protection - Проект қорғау (6 мин)

VІ кезең. Conclusion - Қорытынды. (2 минут)


Сабақ барысы:

Құрметті ұстаздар мен студенттер! «Smart information world» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайыстың мақсаты:

  • оқушылардың ғылымға, білімге деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету;

  • ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстанда ақпараттық технология саласы өте қарқынды дамып, цифрландыру жүйесі іске асырылуда. Осыған орай бүгінгі сайысымыз ақпараттық коммуникациялық технологияларға тікелей байланысты.


It’s fine to celebrate success, but it is more important to heed the lessons of failure.”

"Жетістікті атап өту өте жақсы, бірақ сәтсіздік сабағын үйрену әлдеқайда маңызды".

Bill Gates

Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Арнайы пәндер оқытушылары:

Әділханова Дидар Серікханқызы

Құрманғали Ләйлім Саматқызы

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың! – дей келе бүгінгі сайыстың қатысушыларын қошеметтеп, І-кезең. Introducing the group - Топты таныстыру бастайық.

Әр топ өздерінің топ аттарын, ұранын, эмблемаларын көрсетеді!

Refreshing moment! - Сергіту сәті!

Сергіту сәтінде топтарға слайдта компьютердің құрылғыларының суреттері көрсетіледі, көрсетілген суретті қазақ, орыс, ағылшын тілінде атап айту керек. Егер топ 3 тілде де айтса – 3 ұпай, 2 тілде айтса – 2 ұпай, 1 тілде айтса – 1 ұпай.

1. Жүйелік блок, Системный блок, System unit.

2. Монитор, Монитор, Screen.

3. Құлақшын, Наушник, Headphones.

4. Камера, камера, camera.

5. Мәтіналғы, Сканер, Scanner.

6. Тінтуір, Мышка, Mouse.

7.Пернетақта, Клавиатура, Keyboard.

8.Басып шығарғыш, принтер, printer.

ІІ кезең. Erudite - Эрудит

«Эрудит» кезеңінде «Kahoot» бағдарламасын қолдана отырып, сұрақтың дұрыс немесе қате (True/False) әдісін және 4 варианттан тұратын сұрақтар алмасу кезеңі болды. Қай топ бірінші жауап береді, сол топқа ұпай қосылады. Әрбір сұраққа ойлануға 20 секунд беріледі.


  1. Компьютер миы? (жүйелік блок)

  2. Қарапайым графикалық редактор? (Paint)

  3. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)

  4. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

  5. Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)

  6. «Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)

  7. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)

  8. Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)

  9. Паскаль қандай тіл? (программалау тілі)

  10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)

  11. True/false Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері. (Дұрыс)

  12. Рим императоры Гай Юлий Цезарьдың өзінің шифры бар, ол ығысуы деп аталады — шифрлаудың ең қарапайым және кең таралған әдістерінің бірі. (Дұрыс)

  13. Декодтау - ақпаратты жеткізу үшін, өңдеуге, сақтауға ыңғайлы алфавит арқылы құпиялап жазу. (Дұрыс емес)

  14. Бағдарламалық қамтамасыз ету перифериялық құралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта бұлардың барлығы бағдарламалық қамтамасыз етуге жатады. (Дұрыс емес)

  15. Операциялық жүйе - компьютердің барлық басты әрекеттерін, сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. (Дұрыс)


ІІІ кезең. Mini-quest game - шағын-квест ойыны

Бұл кезеңде екі топқа бару керек жерлерді көрсететін маршрут парақтары беріледі. Ең алдымен, сіз бірінші орынға баруыңыз керек, әр команданың өз ауданы бар. Квест-бұл жылдам болу керек, бірақ ең көп ұпай жинау керек бәсекелестік екенін ұмытпаңыз. Атауы мини квест болғандықтан бұл 3 сұрақтан тұрады.


1 топ:

1) Тілі бар да үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлей туған ішінен. (Кітап)

2)Дүниеде бір нәрсе бар өзі жансыз,
Жоқ оны ұрмайтұғын адамзатта. (Есік)

3) «Балалар, азот қышқылының тұздары қалай аталады? Деп кім айтады?

(Меруерт Кадирбековна)

2 топ:

1)Мөлдір мұз арқылы,

Нұр төгіп күн тұрар.

Кең бөлме әр күні,

Тазарып құлпырар. (Терезе)

2)Үстінде есігі,

Өзі орындық, әрі үстел,

Оқушылар бесігі. (Парта)

3)______өссе жердің көркі,

Қыз өссе елдің көркі

1 сұрақ. Екі топқа бірдей беріледі.

Берілген сөздер

Дұрыс нұсқасы

маинкафорти

Информатика

репртин

Принтер

еранск

Сканер

кдо

Код

каапп

Папка

лаквиратуа

Клавиатура

форинцияма

Информация

кяырл

Ярлык

орпроссце

Процессор

мяпать

Память

алфй

Файл

шқытна

Тышқан


2 сұрақ.

1 топқа:

Бұл суретте не көрсетілген?

Есепшот - ең алғашқы пайда болған есептеу құралы болып табылады. Қытай есепшоты. Кейбір деректерге сүйенсек, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Мысыр, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.

2 топқа:

Бірінші компьютер француз ғалымы Дористі Дыбысты Паскаль құрды деп болжанады. Ол 1642 жылы алғашқы сандық есептеу машинасын жасау үшін идеяға тиесілі. Осы ашудан бастап, бәрі басталды. Автоматты есептеулерде көптеген артықшылықтар болғанымен, Франциядағы осындай құрылғыны Франциядағы қаржылық есептеулер үшін пайдалану проблемалық болды, өйткені ол бастапқы есептеу процесін қиындатады. Он жыл ішінде елу құруға және көптеген адамдар әлемдегі ең алғашқы компьютер деп аталатын ONZEN нұсқасын сатады.

3 сұрақ.

1 топқа: Санау жүйелері бойынша ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне және екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыр.

5710=?2

101102=?10

2 топқа: Санау жүйелері бойынша ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне және сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыр.

6110=?2

7218=?10

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректілік,

Жеткізер сіздердей өренді,

Жеңістің мынау шыңына – дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Think, guess! Captains competition!» деп аталатын бөліміне кезек береміз.

І V кезең. Think, guess! Captains competition - Ойлан, тап! Капитандар сайысы

"Капитандар" байқауы келесідей өтеді.

- Капитандар тапсырмалары бар карточкаларды алады. Олар информатикаға байланысты кестеде берілген сөздерді тауып, қоршау керек және ұяшықтарға жазу керек. 2 минут уақыт беріледі. Команда капитаны қанша сөз тапты сонша ұпай беріледі.


Т

И

Л

И

Т

А

К

И

М

С

У

Д

И

Л

Е

Р

Р

О

С

К

Ш

Ь

С

О

Р

А

М

Е

Х

А

Ы

М

С

Е

Ц

О

Р

Р

Е

Н

К

М

О

Н

И

Д

П

Е

Д

О

Л

А

В

И

Т

И

С

М

А

М

П

К

А

А

О

Р

К

Е

Т

К

Л

А

Б

Т

У

Р

Ь

П

М

О

А

Т

Е

Л

Ь

А

Ю

Т

Е

Р

Жауабы: плата, кабель, клавиатура, компьютер, монитор, дискета, модем, мышь, процессор, сканер, микросхема, дилер, утилита.

Келесі ойын "Бір әріпті алмастырып, жаңа сөз ал".

- Байқаудың міндеті. «Nearpod» деп аталатын қосымшада орындалады.

Информатикаға қатысты сөзді алу үшін сөзде тек 1 әріпті ауыстыру қажет болады. Мысалы: бант (әріпті ауыстырыңыз) - және байт алыңыз. Бірақ дұрыс жауабын сурет ретінде тандау керек.

1.Блик и клок – блок (жүйелік)

2.Болонка – колонка (дыбыс немесе кестеде)

3.Драйзер (фамилия писателя) – драйвер (перифериялық құрылғыға қызмет көрсету бағдарламасы)

4.Злак – знак (символ)

5.Интернат – Интернет

6.Кит немесе бот – бит (ақпараттың ең кіші бірлігі)

7.Кол, род и ком – код (таңбалардың шартты белгілері жүйесіндегі Сан)

8.Нависание – зависание (компьютердің ерекше жағдайы)

9.Пробег – «пробел» (название клавиши)

10.Профессор – процессор

11.Риск и писк – диск (ақпарат тасымалдаушысының түрі)

V кезең. Project protection - Проект қорғау.

Бұл алдын ала берілген тапсырма болғандықтан, студенттер өз жобаларының идеясы мен материалдарын дайындап келу керек. Проекттің тақырыбы: «Болашақта өз мамандықтарыңызды ақпараттық технология қолданылуы жағынан қалай көресіздер?»

VІ кезең. Қорытынды. Көрерменмен жұмыс

«Мақал –сөз мәйегі»  информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек.

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)


Қорытынды кезеңде әділқазы алқасы өз шешімін жариялайды.







































“IT МАМАНЫ” ҮЙІРМЕСІ

«Smart information world» атты сайыс

1 курстар арасында


Топтың аты




Топтың ұраны









Топ капитаны


Эмблема


Бірдей форма сақтау



Сайыс барысы:

Үй тапсырмасы


Project protection - Проект қорғау

Проекттің тақырыбы: «Болашақта өз мамандықтарыңызды ақпараттық технология қолданылуы жағынан қалай көресіздер?»

Қорғау уақыты – 3

(Power point бағдарламасы)






1ВФ-13

1ЗОО-4

1

Тоқтасынов Арсен


2

Тлеутай Зият


3

Мештбаева Айгерім


4

Мелісов Ерзат


5

Абдулгазизова Мадина


6

Баймухамбетов Ермахан









БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Сайыс кезеңдері

Макс

бал

Топ атауы

1ВФ-13 -

1ЗОО-4 -

I кезең. Introducing the group Топты таныстыру.

10



Refreshing moment!

Сергіту сәті!




ІІ кезең. Erudite – Эрудит




ІІІ кезең. Mini-quest game

шағын-квест ойыны

15



IV кезең. Think, guess! Captains competition

Ойлан, тап! Капитандар сайысы




V кезең. Project protection

Проект қорғау.

20



VІ кезең. Conclusion

Қорытынды