СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Спорттық іс-шара

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс 

Просмотр содержимого документа
«Спорттық іс-шара»

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Өтілетін орны: Спорт залы 
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық. 
Барысы:

Құрметті әріптестер және оқушылар бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайысына қош келдіңіздер! 
Ал,құрметті халайық! 
Жарысты енді көріңдер 
Әділ қазы алқасы 
Әділ баға беріңдер! 
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 
1.  __________________________
2.  __________________________
3.  __________________________
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады 

1. «Эстафета» 

2. «Кеңгуру» 

3. «Пингвин»

4. «Алтын қасық» 

5. «Кім шапшаң» 

6. «Кім күшті» 

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! 
Сайысымызды бастаймыз. 
«Қыран» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін! 
«Тұлпар»тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты 
Бәрін жеңіп шықты 
І кезең: «Эстафета» 
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.

ІІ кезең: «Кеңгуру» 
Шарты: Балалардың алдына алжапқыш байлап, жеміс – жидектерді жинап өздеріне тиесіл себетке жинауы тиіс, қай топ көп жинаса,сол топ жеңімпаз.

IІІ кезең: «Пингвин»

Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.

ІV кезең: «Алтын қасық» 

Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.
V кезең: «Жаңа орын»

Шарты: Ойынды бастауға белгі берілгеннен кейін команда капитаны ойын алаңына  қойылған  кегілені  айналып өтіп екінші ойыншының қолынан  жетектеп кегелдің қасына апарады. Ал екінші ойыншы дәл осылай үшінші ойыншыны кегелге жетектеп апарады. Осылайша қай команданың балалары жаңа орынға ауысса, сол команда жеңіске жетеді.
VI кезең: «Кім күшті» 
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз. 

VII кезең: «Қырықаяқ »
Шарты: Әр топ өз ойыншыларының белдерінен ұстап белгіленген жалаушадан айналады,қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді.

Қорытынды
Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! 
Өмірде бақыттысың денің сау да. 
Денсаулық терең бақыт деген сөзді 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші 
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.