«Тіл татулықтың тірегі»
Мерекенің мақсаты:
а) білімділік: «Атадан - өсиет, анадан – қасиет» дегендей отбасынан алған тәрбиеден баланың мінезі қалыптасатынын айту.
ә) дамытушылық: «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деп М. Әуезов сөзінде айтқандай жанұяда ата-ана өз парызын, бала өз міндетін әр сәт терең сезінуіне бағыттау.
б) тәрбиелік: «Баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз» Отанға деген сүйіспеншіліктерін,ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. «Тәрбие барлығымыздың жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек» екендігін дәлелдей жеткізу.
Түрі: Сайыс сабақ.
Қолданылатын әдіс: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі:слайд. Бала тәрбиесі жөніндегі, отбасы туралы даналық сөздер.
Мереке барысы
1 слайд С:Армысыздар, ардақты ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мерекеміз тәрбие отбасынан басталатындықтан шынайы өмірде бала тәрбиесінің қыр-сырын меңгерген ата-аналарды қатыстырып отырмыз. Отан-отбасынан басталады, сондықтан әр отбасы бала тәрбиесіне жете көңіл бөлуі керек.
2 слайд «Тіл татулықтың тірегі» сайысын ашық деп жариялаймыз!
Б- Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ата-аналар, балалар, ұстаздар! - деп ойыншыларымызды ортаға шақырайық.
Оқушылар тобы «Балдырған»
Ата аналар тобы «Жұлдыздар»
Ойыншыларға сәт сапар тілейміз және мерекемізді бастайық.
3слайд С: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін.
Құттықтаймыз, мерекелі Қазақстан,
Тәуелсіздік атыменен біз бүгін.
4слайд Б: -Ал енді , құрметті ойыншылар, викторина сұрақтарына жауап берейік! Жауаптары қазақ тілінде болуы тиіс.
Викторина.
С-1. ҚР мемлекеттік рәміздері
Б-2. ҚР ұлттық валютасы
С-3.Ақындар сайысы.
Б-4.Қазақ ертегілерінің кейіпкері
С-5.Қазақ халқының көшпелі баспанасы
Б-6.Ұлттық сусын
С-7.Қазақ қаһарманы
Б-8. Қазақ халқының ұлттық ойыны
С-9. Қазақ халқының ұлттық аспаптары
Б-10.Қазақстан республикасының елордасы
25 слайд С: Құрметті ата- аналар мен балалар, сендерге үй тапсырмасы берілді. Дайынсыңдар ма?
26 слайд «Балдырған» тобы «Үйшік» ертегісімен. Қарсы алайық!
27 слайд Б: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. «Жұлдыздар» тобы, қарсы алыңдар!
28 слайд С: Ал енді ойыншыларымыздың сөздік қорын тексерейік.
Қонақжайлық деген сөзінен сөздер құрастырыңдар
Балдырған тобы, сөздеріңді оқып шығыңдар!
Жұлдыздар тобы, сөздеріңді оқып шығыңдар!
29 слайд Б: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан - деп, ата аналарды сахнаға шақырамыз «Қара жорға» биі
30 слайд С: « Алау болып жанамыз,
Жеңісті біз аламыз»,-
Деп келіпті бишілер
Қуана қарсы аламыз! Сахнада оқушылар «Қамажай» биімен. Қарсы алайық!
31Слайд Б: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
С:Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
32-35 слайд Б:Құрметті аналар мен балалар, ұсынылған салт- дәстүрлерді атап шығыңдар.
С- Біздің ойыншыларымыз салт –дәстүрлерді жақсы біледі екен. Ата-аналарымыз мерекеге өз шашуын әкеліпті
36 слайд С: Біздің ойыншыларымыз салт –дәстүрлерді жақсы біледі екен. Ата-аналарымыз мерекеге өз шашуын әкеліпті
Ата-аналар:
Шашу-қуанышты білдіретін ырым. Тойда әжелер үлкен табаққа ірімшік, құрт, кәмпит, теңге салады. Оларды адамдарға шашады. Осылай жақсылық тілегенін білдіреді. Тойдағы үлкендер мен балалар шашуды теріп алады.
37 слайд Б: Балаларымыз да ата-аналардан кем емес. Олар да өз білімдерін көрсеткісі келеді.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін
С: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Б: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Әсем әнді қабыл алыңыздар
38 слайд «Елбасымен бірге» ДАША әнімен
С:Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, - деп ата АНАЛАРҒА жол береміз.
39 слайд«Қызыл өрік»
Б:-Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.
40 слайд С: Біз кішкентай балдырған,
Он саусақтан өнер тамған.
Қолымызда қайшымыз,
Әдеппен біз бастаймыз
Оюларды қиюдан
Б: «Оюмен түстік жарысқа» кезеңін бастаймыз.
Шебердің қолы – алтын –деп оюларымызды қиямыз.
Балаларға дайын оюлар
Ата аналар өздері дайындайды. (видео)
С: -Бүгінгі мерекеміздің аяқталар кезегі де келіп жетті.
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің
Әке - шуақ шашатын таң екенсің
Ана - өмір, әке - бақыт, ана - жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің - дей келе Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Тіл татулықтың тірегі» атты мерекеміз аяқталды.
Марапаттау. «Мереке» әні