СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сабағы «Бесік жыры»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сабағы

 

  Тақырыбы: «Бесік жыры»

Тәрбие сабағы

 

  Тақырыбы: «Бесік жыры»

Тәрбие сабағы

 

  Тақырыбы: «Бесік жыры»

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сабағы «Бесік жыры»»

№7 бөбекжай - балабақшасы








Тәрбие сабағы

Тақырыбы: «Бесік жыры»






Тәрбиеші: Сатымбаева А.К.







Қостанай қаласы

Мақсаты: Балаларға қазақтың бесікке салу салт-дәстүрін көрсету, баланың тілі мен сөйлеу қабілетін жетілдіру, оларға белгісіз тартпа, түбек, шүмек, қоржын, асық сөздерін үйретіп, осы заттарды көрсету арқылы сұраққа толық жауап беруге үйрету.


Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, көрсету, бесік жыры

Көрнекілік: бесік, киіз үй, ұлттық жабдықтар


Сабақтың барысы:

Безендірілген киіз үй. Киіз үйдің ішіне бесік, бесіктің жабдықтары қойылған.

Төелген көрпешелерге қыздар бір жамбасына қисайып, ал ұлдар малдас құрып жайғасады.

Сабақтың барысы: Балалар, бүгін біз кішкентай Әлияны бесікке саламыз, ол үшін бізге қонаққа Әже келеді.

Қонаққа әженің келуі.

Балалар: Сәлеметсіз бе, әже.

Әже: есенсіздер ме, қарақтарым.

Әже балаларға «бесікке салу» салт-дәстүрі жайлы қысқаша айтып кетеді.

Бесікке салу-ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық салт-дәстүр.

Бала бесікте жылы, таза жатады, тыпыршып оянып кетпей, тыныш ұйықтайды.

Әже: Қолымдағы бала жылап кетті,ұстай тұрыңызшы, бесігін әкелейін деп бесікті ортаға қояды.

Тәрбиеші: Балалар, алдарыңда тұрған не?

Балалар: бесік

-Ал, сендердің араларында кім бесікте жатты?

Балалар әңгімелеп айтып береді.

-Дұрыс , ал мынау үстіне жабылған –жабуы.

Әже: Ал, енді, бесіктің ішіндегі заттарды көрейік. Мынау, тартпа. Тартпаны баланы бөлегенде құлап қалмасын деп жасаған.

-Ал, мынау не? ( жаялық)

-Дұрыс, жаялық екеу, біреуі – бас жаялық, екіншісі- аяқ жаялдық.Өздерің білетіндей жаялықпен баланы орайды.

Ал мынау, жастық, көрпеше, түбек, шүмек деп балалрға көрсетіп түсіндіру, қолдануын көрсетіп өту.

Балалар, енді Әлияны бесікке салайық.

Тәрбиеші: Ал, әже, жол өзіңіздікі, іске кірісіңіз.Әже жасаулы бесіктің түбегіне табақтағы кәмпитті уыстай салып алып, «тышты ма» ырымын жасап, балаларға үлестіреді. Баланы бесікке бөлеп, әже әлдилеп «бесік жырын » айтады:

Мойнымдағы тұмарым,

Тарқалмайтын құмарым.

Тағдыр берген алсын деп

Ақ бесікке салсын деп.

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал-жаным.

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой!


Тәрбиеші: Кәне, балалар, кім баланы әлдилеп ұйықтатады?

Тәрбиеші: Аружан, келе ғой, бөпені әлдилеп, ән айтып берші:

Әлди,әлди, әлди-ай,

Ұйықта бөпем, ұйықта жәй,

Бесігіңе бөлейін

Емізігің берейін,- деп әндетеді.

Тәрбиеші: Дауыстарыңнан оянып кетпесін, бесікті басқа бөлмеге апарып қояйық.

Әже тыйым сөздер айтады, балалар қайталайды:

Бос бесікті тербетпе.


Бесікті аяқпен тербетпе.


Балалар өлең айтып, би билейді.

Әже балалардың өнерілерін тамашалайды,балаларға бауырсақ таратады.