Мотивация-лық – қозғаушылық | “Көрме” ойыны. Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір- бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау (ыдыстар), олардың ою өрнектеріне мән беру. | Балалар ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады. |
Ұйымдас-тыру, іздену | Педагог балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап ,ол ыдыстармен таныстырады. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын “омыртқа “, “тышқанізі”, “ толқын”, “құсқанаты” оюлары туралы түсіндіреді (“құсқанаты” оюы құстың екі қанатына ,ұқсайды т.б.). Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Бойымызды жазайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. - Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік. Тәрелкеде бейнеленген ою “сутамшысы” деп аталады Су тамшысы- су судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы. Алдымен үлкен дөңгелек (шеңбер пішіндес) сызамыз, ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шетшетіне айналдыра кішкентай тамшылар -судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз. ( Әртүрлі трафарет –үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады) “Тамып –тамып” деген сөзді қаттыақырын дауыстап айтқызып, сөздік жұмысы жүргізіледі. - Өрнегімізді жіңішке қылқаламмен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шыға келді. | - Қазақтың ұлттық ыдыстары- кесе, пияла, ожау, тостаған, тәрелке. Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленген, ол қазақтың ұлттық ою- өрнектері – “қошқармүйіз”, “құс қанаты”. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламды тік бағытта ұстап, қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды. -Бұл ою “су тамшысы” деп. Аталады. Балалардың жауабы анық және толық болуы қажет. |
Рефлексивті – түзету енгізу | Педагог мақтау, мадақтау жұмысын жүргізіп, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі. | Әдемі әшекейленген тәрелкелерді өздері таңдайды. |