:
3.Бейбіт өмір сүруге әр адам тиісті екенін оқушылардың санасына жеткізу .
Көрнекілігі: Тәуелсіздіктің25 жылдығына орай жеткен жетістіктерді слайд арқылы көрсету ,мемлекеттік рәміздері, Н.Ә.Назарбаевтың портреті,шарлар ,гүлдер,нақыл сөздер жазылған плакаттар .
Тәрбие сағатының өту барысы :
Кіріспе сөз . Құрметті қонақтар ,оқушылар !бүгінгі» Тәуелсіз елдің -ертеңімін»атты тәрбие сағатқа қош келдіңіздер!Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25-жыл толғалы отыр.1991 жылдың 16- желтоқсанда қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн .Бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан ,бүкіл әлем таныған елге айналды.Қең байтақ Отанымыздың жүрегі –Астана қаласы.Атамекеніміздің жер көлемі -2717 мың шаршы шақырымды құраса,халқымыздың саны -17 миллионнан асып жатыр ,елімізде тұратын 130-ұлт өкілдері де елімізді айрықша мақтан етеді.Тәуелсіздіктің 25- жылдығына арналған іс-шаралар елімізде ,тіпті біздің мектебіміздеде жалғасын тауып жатыр.
1.Қ.Р Гимн айту
-Ендеше балалар ,тәуелсіздік туралы кім қандай тақпақтар біледі ?
Әдемі: Атыңнан айналайын Егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерекең құтты болсын ,Тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер
Мырз. Іңкәр:
Тәуелсіздік –асқақ рух пен асқақ үн ,
Тәуелсіздік баға жетпес асқағың
Толсадағы 25 жасқа азат күн,
Ызғарлы күн әлі есімде қазақтың
Мейіржан: Ата –бабам арман еткен ежелден
Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен ,
Қазақстан тәуелсіз ел атанды ,
Бірден оңай келмегенін білем мен.
Роза :
Жағасына жауының жетіп қолды ,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өктем .
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы
Олжа емес салбырап түскен көктен .
Шыңғыс :
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес.Бұл жолда сан мың адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті.1986 жылдың желтоқсанында ұлт намысын қорғап алаңға жалын жүрек жастар шықты.
Сұлтан : Сол жастардың арасында Қайрат Рысқұлбеков ,Ербол Сыпатаев ,Ләзат Асанова Сәбира Мұхамеджанова болды. Ол жастарды ұлтшыл деп айып тағып соттады .
Темірлан:
Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілседе елімізге нұр септі. Яғни мәңгілік егемендік алып келді.
Мәди :
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батырлық пен тапқырлық танытып ,елімізді ауыртпалықтан алып шығатын жолды дәл көрсете білді.
Хор Отан
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІМЕН ТАНЫСТЫРУ. Слайд көрсетіледі
(БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛДАРЫНДА ЖЫЛ ЖАЗЫЛҒАН ҚАҒАЗДАР)
Серғ.Ардос:
1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл .
Өзіңдікі туың да ,отпен ауа ,суың да ,
Жаса ,ҚАЗАҚСТАНЫМ !
Ералы : 1991 жылы Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
Әли :
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы ,Елтаңбасы, Гимні қабылданды.
Алтынб.Іңкәр :
1993 жылы 15 қарашада алғашқы Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі айналымға түсті .Оған атақты тұлғалардың суреті басылып шықты.
Думан:
1995 жылы 30-тамызда Қазақстан Республикасының « Ата заңы »қабылданды.
Алишер :
1998 жылы Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті.
Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды .
Динара :2000жыл « Мәдениетті қолдау » жылы деп аталды.
Сейл.Ардос:
2001жыл : 21 ғасыр бастамасы.
2002 жыл « Денсаулық жылы »деп жарияланды.
Альзира : 2003-2005 жылдары «Ауыл жылдары »деп жарияланды .
2004жылы «Қазақстан –Ресей »жылы болды.
Динара : 2007 ж «Қазақ тілін қолдау » жылы болды.
Сейл.Ардос:
2008 жылы«Қазақ елі »монументі толықтырды .Монументтің биіктігі -91 метр.
Қарақат:
2010 жылы 7 қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32 алтын ,21 күміс ,17 қола барлығы 70 медальға ие болды.
Амина :
2016 жыл биыл елімізде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр . Мерекелеріңіз құтты болсын!
Олжас: 2017жыл Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты .Оған куә ЕХПО -2017 көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік ғылыми ,мәдени жетістіктерін көрсетеді.
«Аққу биі»Альзира билейді.
Ән : «Біз бақытты балдырғанбыз»
Саламат:
Тәуелсіздік ! Тәуелсіздік ұраным !
Тәуелсіздік айбынды менің жыр әнім !
Армандаған ата-бабам ежелден ,
Ерлігіңді жырға қоссын ұланың .
Айша :
Қазақстан егеменді еліміз ,
Көркеюде жылдан -жылға жеріміз .
25-жылда жеткен талай жеңіске ,
Азат елде өмір сүріп келеміз .
Мұратб.Іңкәр :
Қазақстан жасай берсін мәңгілік !
Аты шықсын жер әлемге жаңғырып ,
Мақтан тұтам ,қазақ деген елімді ,
Әрқашанда мәртебесін асырып
Ерсұлтан :
Жаңа заман ,жаңа дәуір өркендеп,
Еңсем биік көрінсе екен ертең деп
Көк байрақ желбірейді көгімде ,
Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп .
Бауыржан:
Жүрегімнің отын үрлеп маздаған ,
Әнұраным жыр боп ұйтқып қоздаған ,
Егеменді елдің жайын бүгінгі
Ақын емес ой толғатып жазбаған.
Зере:
Тәуелсіз Қазақстан -ұлы Отаным ,
Көк туымды қалайша құлатармын .
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар ,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Сүйрік:Елімізде бақ -береке ырыс болсын
Қызыл тілмен қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын .
Еліміз ерқашанда тыныш болсын
Ән Домбырасыз ән қайда ? 7ұл орындайды
Тәуелсіздікке -25 жыл толуына орай арнайы дайындаған видео көрсету.
5 оқушының қолына ұстаған шарларында 25 жыл деген жазу шығады .Осы 5 оқушы әрқайсысы бір ауыз тілекпен бүгінгі ертеңгілікті қорытындылайды.
оқушы Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын! (2)
2-оқушы Халқымыздың еңсесі жоғары болсын ! (5)
3-оқушы Егемендігіміз баянды болсын! (Ж)
4-оқушы Тіліміздің мерейі үстем болсын! (Ы)
5-оқушы Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! (Л)
Хор «Көк тудың желбірегені »
Қорытынды сөз .
Бүгінгі кешімізді мына бір ұлағатты сөзбен аяқтағым келіп отыр .«Ел мен үшін не істей алады »емес , «Мен ел үшін не істей аламын ?» деген қанатты сөз Қазақстандық әрбір азаматтың жүрегінде ұялап ,әрқашанда көкірегінде жүрсе ,қандай жақсы болар еді.Тәуелсіз Қазақстан елінің абыройын асырып ,мерейін үстем етер әлемді таңқалдырар ,жақсы жаңалық ашар білімді жастар керектігін Президент Н.Ә.Назарбаев үнемі айтудан жалыққан емес ,Осыны түсіне біліп ,Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын ,бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын ,қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық.