Қ.Қайдосов атындағы орта мектеп
Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сужарған ауылы

Тақырыбы: «Мәңгілік Ел-Болашаққа ұмтылған ел»
Оқушы:Манарбек Жансая
11-сынып
Жетекшісі: Ахметова Шолпан
«Мәңгілік Ел-болашаққа ұмтылған ел»
Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі-Мәңгілік Ел! Мәнгілік Ел –елдің біріктіруші күші,ешқашан таусылмас қуат көзі.Ол-барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
(Н.Ә.Назарбаев)
Біз қазақ халқы ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз.Жоғалтқанымыз ең асылымыз-Егенмен еліміздің мәңгілік болуы еді.Біз осы асылды іздеп,соқпақпен де, сүрлеумен де,жүрдік.
Табанды күрестің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік-бересін сақтап қалған.Елмен елдесіп,жаумен жауласып,құлдырау кезінде бастан кешірді,сөйтіп халқымыз еркіндіктен айырылды.Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат.Ол ата тарихымыздың,ана тіліміз бен дінімізді қаз-қаз тұрғызып,қазақ деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін.Ол бізге қымбат –«Отан»деп жүрегізді қақтырып «елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпіндіріп,барша алпыс екі тамырымызды игізіп,ата жұртын сүйгізгені үшін. Біздің бүгінгі егемендігіміз –ертеңгі болашағымыз.
«Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр.Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты –Мәңгілік Ел»деп өсиет қалдырған еді.
Мәңгілік Ел... Мәңгілік Қазақстан біздің ата-бабаларымыздың мәңгілік арманы болып еді.Осы күні біздің еліміздің мәңгілік екенің барлық ел мойындады.Жеріміздің кеңдігіндей көнілімізде кең дархан «қазақ» деген халықпыз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» жолдауын жолдады.Жолдауда «Біз үшін ортақ тағдыр бұл Мәңгілік Ел болу»-еді.Тіліміз,дініміз мәңгілік болса, мемлекетімізде мәңгілік болады. Біздің Астанамызда Мәңгілік елге арналған «Мәңгілік Ел» монументі бар.Мен мәңгі өлмейтін елдің ұрпағы болғанымды мақтан тұтамын.Қазіргі уақытта мәңгілік ел болу үшін білімді,ақылды,парасатты ғылым мен мықты болу керек.Бүгінгі ұрпақ ел ертеңі.Біздің болашағымыз үшін ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша тер төгіп,еңбек етті.Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп бейбіт,егемен дербес мемлекет болдық. Елбасымыз болашақ жастарымызға сенеді,үміт артады.Болашақ жастарымыздың қолында.