СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Себет"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:Себетің қажеті туралы түсіндіру.Балалардың ұсақ қол қимылдары дамыту

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Себет"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Себет.Мақсаты: себеттің қажеттілігі туралы түсінік беру,ермексазды бірнеше бөлікке бөліп,есу тәсілі арқылы затты құрастырып мүсіндеуге үйрету.Ұсақ қол,саусақ қимылдарын дамыту.Жұмыс барысында тазалыққа,бір біріне өзара көмек көрсетуге,жақсы нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:себет түрлері, ермексаз. Сөздік жұмыс: себет,тоқыма себет.

Әдіс – тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауа, әңгімелеу, мадақтау.

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -

қозғаушылық

Есік қағылады.Бөлмеге бағбан кейпіндегі қария кіреді. -Бізге қандай өтінішпен келдіңіз?

-Айта отырыңыз.Менің бақшамда өскен жемістер мен көкөністерді жинайтын себетім жоқ.Маған бірнеше себет керек болып тұр.

Педагог:

-Кәне,балалар,атайдың өтінішін орындауға дайынбыз ба?

Себеттің әртүрлі пішіндегі түрлеті.


Балалар атаймен амандасып,үлкенге құрметпен






-Дайынбыз


Ұйымдастырушы-лық – ізденістік

Жасайтын себеттерінің түсін,түрін балалардың өздеріне таңдатады.

Ермексазды екі бөлікке бөлеміз.Бұл себеттің астыңғы және үстіңгі жағын жасау үшін керек.Табанын жасау.Алақан арасына салып,домалақтаймыз және тақтайша үстінде тегістеп жалпақтаймыз.

Есу арқылы қабырғаларын жасаймыз.Сопақша пішінге келтіреп,6-7бөлікке бөліп,тақтайша үстінде ширатып созамыз.


Сергіту сәті:

Бас бармағым – атам,

Балаң үйрек – әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – шешем,

Титтей бөбек – мен.



Құрсатыру,орналастыру.Дөңгелек пішінді ермексаздың шетін кескішпен тегістейміз,шеткі бөлігіне біртіндеп иілген ермексазды ию арқылы ұштарын біріктіріп,жабыстырып орналастырамыз.

Балалар себеттің қандай бөлігі жетпей тұр?

Тұтқасында дәл осындай ширатылған ермексаздан жасаймыз.Есілген ермексаздың екі шеткі бөлігін қабырға ұштарына жабыстырамыз,тегістейміз.

Педагог жұмыс барысында қиналған балаларға көмектеседі.

Балалар себетіміз дайын болса бағбан атайға сыйға тартуымызға болады.








Балалар бір біріне көмектеседі.






Балалар саусақтарын қимылдатады.










Балалар бір – біріне көмектеседі.










Балалар себеттерін атайға береді

Рефлексиялық - түзетушілік


Бағбан атай балаларға алғысын білдіріп,бағынан жинап келген құрамы дәруменге бай көкөністер мен жемістерін тарту етеді.

Педагог балалардан қандай затты мүсіндеп үйренгендерін сұрайды.

Мүсіндеген заттарның қажеттілігін естеріне сала отырып ойларын қорытады.Мадақтау арқылы еңбектерін бағалайды.

Бүгінгі сабақта мүсіндеп жасаған заттар туралы айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: себеттің қажеттілігін,түрлері туралы мәліметтерді;

Игереді: мүсіндеу барысында түрлі тәсілдерді пайдалануды;

Меңгереді: тазалық шараларын сақтауды,ауызекі сөйлеуде себет сөзін мағынасына қарай дұрыс қолдануды.