Пәні: Әдебиеттік оқу
|
2- сынып.
|
Хитрук Елена
|
Тақырыбы
|
Туған өлкем. Ө.Тұрманжанов
|
Мақсаты
|
Өлең мазмұнын меңгерту, өлеңнің негізгі идеясы туған жерді құрметтеу, қадірлеу екенін ұғындыра отырып, өз туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызу, патриоттық рухта тәрбиелеу.
|
Оқыту нәтижесі
|
1. Өлеңнің негізгі идеясын түсінеді.
2. Бірлесіп жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
3. Сыни ойлай отырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
|
Түйінді идеясы
|
Туған жер алтын бесік.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Суретжұмбақ, миға шабуыл, шынжыр, сызбамен жұмыс, ой толғау, шығармашылық тапсырма, шеңбердегі доп.
|
|
Уақыт
|
Сабақтың мазмұны
|
|
білу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Балалар, менің туған өлкем сондай көрікті. Мен өз өлкеммен мақтанамын.
Үй тапсырмасын тексеру:
«Туған тілім» өлеңін «Шынжыр» әдісі арқылы сұрау.
«Автор орындығы» әдісі
Миға шабуыл:
Балалар, тіл не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Қазақ тілі кімдердің тілі?
Тіліміз мәңгі жасауы үшін не істеуіміз керек?
Балалар, туған тіл туған жер туралы көп әңгіме, өлеңдермен таныстық. Сонда бұл бөлім қалай аталады?
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Олай болса, дәл осылай деп жырлаған Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.
|
Менің туған өлкем сондай ... . Мен туған өлкемді ... деп ары қарай жалғастырады.
Оқушылар «Шынжыр» әдісі бойынша «Туған тілім» өлеңін жатқа айтады.
«Автор орындығы» әдісі бойынша ой толғауларын оқиды.
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
|
Үш шапалақ
|
Оқулық
ББҮ кестесі
|
|
Түсіну
|
Ө.Тұрманжанов туралы қосымша мәлімет беру
«Туған өлкем» өлеңін мәнерлеп оқу
Оқушыларға тізбектеп оқыту
Мазмұнын әңгімелеу.
Балалар, өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді атаңдаршы: Қуаныш
Мақтаныш
Өкініш
Шаттық
Ақын туған жердің күні, гүлі туралы не дейді?
Алтын дәнді дала, ақ күмісті қала дегендерді қалай
түсінесіңдер?
Туған өлке тағы несімен көрікті?
|
Ө.Тұрманжанов туралы қосымша мағлұмат алады. Оқушылар өлең мазмұнымен танысады.
Сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді оқушылар тізбектеп оқиды.
Өлең мазмұнын өз сөздерімен әңгімелейді.
Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді тауып оқиды.
|
Бас бармақ арқылы бағалау
|
Автор туралы қосымша мәліметтер
|
|
Қолдану
|
Топтық тапсырмалар
І топ: туған жер туралы мақалдар жазу
ІІ топ: Ө.Тұрманжанов туралы қосымша мағлұмат бойынша постер қорғайды.
ІІІ топ: шығармашылық тапсырма: өлең құрастыру
Бал бақытты баласы бар,
Ұлан байтақ даласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем. (көмекші сөздер: бақытты бала, ұлан байтақ дала)
|
Туған жер, өлке туралы мақал мәтел жинақтайды.
Ө.Тұрманжанов туралы қосымша мағлұмат бойынша постер қорғайды.
Шығармашылық тапсырма: көмекші сөздерді пайдаланып өлең құрастырады.
|
От шашу
|
тапсырмалар
|
|
Сергіту сәті
|
«Көршінің суреті»
|
Оқушылар дәптерлерін төбелеріне қойып, өзінің жұптасына қарап оның суретін салады. Суретті салып бітіргенше дәптерге қарауға болмайды. Салынған суретке қолын қойып, бір біріне тарту етеді.
|
|
Парақ, қалам
|
|
Талдау
|
«Мылқау пікірталас» әдісі
|
Оқушыларға берілетін сөйлемдер: Мен үшін менің туған өлкем қымбат, себебі ол менің ата бабамның жері.
Мен бұл ауылда туған жоқпын, сондықтан сағынбаймын. Маған ауыл қызық емес, қалада тұрғым келеді. Мен туған ауылымды көркейтуге атсалысамы. Оқушылар осы сөйлемдерге келісетін болса, Мен автормен келісемін, себебі ... деп, келіспейтін болса, Мен келіспеймін, себебі ... деп жалғастырады.
|
Үш шапалақ
|
|
|
жинақтау
|
Ө.Тұрманжанов кім?
Оның қандай шығармаларын білеміз?
|
|
От шашу
|
|
|
Бағалау
рефлексия
|
Өзін өзі бағалау
|
|
|
|
|
|
Үй тапсырмасы: «Туған өлкем» өлеңін жаттап келу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|