Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2. Атомдар. Молекулалар. Заттар | Мектеп: |
Күн: | Мұғалімнің аты –жөні: |
Сынып:7 | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: Атомның құрамы мен құрылысы |
Оқу мақсаты | 7.1.2.5-протон,электрон,нейтронды және олардың орналасу тәртібін,массасының зарядын білу. 7.1.2.6-алғашқы 20 элементтің атом құрылысын (р+ ,n0 ,е-), ядро құрамын білу. |
Сабақ мақсаты (жаңа білімді игеру) | Атом мен молекуланың анықтамасын біледі; Молекула атомнан тұратының біле отырып,мысал келтіре алады; 20 элементтің атом құрылысын (р+ ,n0 ,е-), ядро құрамын біледі. |
Бағалау критерийі | Атом,молекула құрылысын біледі,анықтап жаза алады.1-20 дейінгі элементтің атом құрылысын және ядро құрамын анықтайды. |
Тілдік мақсаттар | Лексика және терминология, пәндік терминдер:Атом, атом қүрылысы, протон, нейтрон, электрон, ядро. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Атом ядродан тұрады. Атом құрылысында электрон, протон, нейтрон болады. |
Құндылықтар ды қалыптастыру | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті; денсаулық, достық және айналадағыларына қамқорлық көрсету; өмір бойы оқуға дайын болу. |
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану - атом, молекула туралы ұғымда. Физикада - атом құрылысы, ядро тақырыбындағы реакциялар, ядролық жарылыс Тарих-Херосимо-Нагасаки, Семей полигоны |
Алдыңғы білім | 5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру; 6.3.1.1 атомдар мен молекулаларды, жай және күрделі заттарды ажырату; 6.3.1.2 атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау; |
Сабақ барысы |
Сабақты жоспарлаған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айқындау. -Оқушылардың назарын шоғырландыру -Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын айқындау -Үй тапсырмасын сұрау «Гүлмен тілек» әдісі бойынша топқа бөлу Ынтымақтастық атмосферасын орнату және топқа біріктіру. Білім алушылар бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астындағы сөздер бойынша топқа біріктіріледі. Электрон, протон, нейтрон деп үш топқа біріктіріледі. Үй тапсырмасын сұрау: «Қар кесегі» әдісі Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қағаз ішіне жазылады. Қағазды ұстаған оқушы сұраққа жауап береді. Бұл тәсіл тілдік мақсаттың орындалуына көмек береді. -Химиялық элемент дегеніміз не? -Химиялық элемент және жай зат ұғымдарының айырмашылығы қандай? -Жай заттар қандай үлкен екі топқа бөлінеді? -Бір-бірінен айырмашылығы неде? -Химиялық элементтерді қалай таңбалайды -Атомдық нөмірлері 12, 25, 8, 15, 83 химиялық элементтерді периодтық жүйеден тауып оларды атау Бағалау:«Мадақтау» әдісі қолданылды. Жарайсыңдар «Сөзжұмбақ» әдісі Тақырыпты болжауға байланысты сөзжұмбақ беріледі «Атом құрамы»
з | А | т | қ | а | Т | т | ы | | қ | О | с | п | а | | М | е | н | д | е | л | е | е | в | 1. Денені құраушылар 2. Заттың агрегаттық күйі 3. Екі немесе оданда көп заттардан тұрады 4. Алғаш периодтық жүйені ашқан адам | Кеспе қағаздар, интер белсенді тақта Слайд |
Сабақ ортасы | Бейнеролик.Атом құрамы мен құрылысы. 1-тапсырма. «Джигсо әдісін» ( топпен жұмыс) қолдану. Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, басқа топқа барып өз жұмысын түсіндіру. -Атом қандай бөлшектерден тұрады және олардың сипаттамасы - Берілген элементтердің электрон, протон, нейтрон сандарын анықтау Al, Ca, Na, Zn, Pb. - Z=p,n,e изотоптарын ата. Ауыр су дегеніміз не? Дескриптор | Балл | Атомның қандай бөлшектерден тұратынын және оның сипаттамасын біледі | 1 | Берілген элементтердің электрон, протон, нейтрон сандарын анықтай алады | 1 | Z=p,n,e изотоптарын атайды. Ауыр су дегеніміздің не екенін біледі. | 1 | 2-тапсырма. «Симантикалық карта» әдісі ( топпен жұмыс). Тақтадағы кестені толтыру. Хим.эл. таңбасы | Атауы | Электрон саны | Протон саны | Нейтрон саны | Ca | | | | | | Мыс | | | | | | 15 | | | | | | 8 | | | | | | 22 | К | | | | | Дискриптор | Балл | Хим.элементтің таңбасын жазады | 1 | Элементтің атауын біледі | 1 | Электрон санын анықтайды | 1 | Протон санын анықтайды | 1 | Нейтрон санын анықтайды | 1 | | Интер белсенді тақта, плакат |
|
Сабақтың соңы Үй жұмысы | Оқушылардың рефлекциясы. «БББ»кестесі Оқушылардан сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін ортаға салуға шақырады. Білемін | Білдім | Білгім келеді? | | | | | | | Кері байланыс: жазбаша кері байланыс Алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын анықтау | |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Саралау тапсырмасы. Тапсырма – Қар кесегі, Симантикалық карта әдістері бойынша білім алушының қажеттілігіне қарай түрлі кестелер, сұрақтар берілді. Дереккөздер – бейнеролик, интербелсенді тақта қолданады. Диалог және қолдау көрсету – Джигсо, Қар кесегі әдістері бойынша білім алушылардан нақты жауаптар алу үшін нақты сұрақтар қойылды. | «Мадақтау» - баланың сабаққа белсенділігін (шабытын) арттырады. Критерий бойынша Дискриптор Кері байланыс «БББ»кестесі Бала өз білімін саралайды. Оқушылардан сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін ортаға салады. | Оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын орнату және жағымды орта қалыптастыру мақсатында «Гүлмен тілек» әдісін қолданамын. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз | |
| |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? | | |