«Техника қауіпсіздік ережесі» Лимоннын дәмін көру.Бүгін химия сабағында бірінші және соңғы рет сендер бір заттың дәмін мұғалімнің рұқсатымен ғана татып көрдіңдер. Негізі химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде: № 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»! № 2 «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдар күйдіргіш болып келеді (тәжірибемен көрсету). Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-к ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.  2-тапсырма «Қос күнделік» әдісі Кестені дәптерге сызып, металдарды сәйкесінше екі бағанға бөліп жаз: K, Hg, Nі, Al, Fe, Pt, Pb, Na, Cu, Sn, Ag, Mg, Au. Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстыратын металдар | Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстырмайтын металдар | Дескриптор: 3-тапсырма Химиялық эксперимент Саралау тапсырмаларының әдісі: дереккөздер І топ Жұмыстың алгоритімін беру 1. Сұйылтылған тұз қышқылының металдармен әрекеттесуін зерттеу үшін аспапты суретте көрсетілгендей жинау.  2.Сынауыққа металдың (3-4 түйір) аз мөлшерін салу, үстіне 2-3мл тұз қышқылын құю. 3.Сынауықты газ жүретін тығыны бар түтікпен бекіту 4. Түтіктің екінші ұшын суы бар ыдысқа батыру 5.Бақылау жүргізу. 6.Жағылған шырпыны газы бар сынауыққа жақындатып, алынған газды сынау. 7 .“ Пах” дыбысы газ-сутектің сипаттамасы болып табылатынын түсіндіру. Тәжірибе аты | Жұмыс барысы | Бақыланған құбылы | ты және реакция теңдеуін сөзбен жазу Қорытынды | Сұйылтылған тұз қышқылының темірмен әрекеттесуін зерттеу | | металл + қышқыл = тұз + сутек газы | | Дескриптор − металдың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды; 1 балл − нені бақылағанын жазады; 1 балл − реакция өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазады; 2балл − қорытынды жазады. 3 балл ІІтоп Оқулық арқылы 3- тапсырма Лабораториялық тәжірибе «Мыстың сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы». Мақсаты: мыстың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуін зерттеу. Құралдар: мыс металы тұз қышқылының ерітіндісі, пробиркалар, штатив. Пробиркаға 1-2 түйір темір түйірлерін салып, үстіне сұйылтылған тұз қышқылын құйыңыз. Не байқадыңыз? Реакция өнімдері қандай заттар болып табылады? Тәжірибенің Тақырыбы | Не істедіңіз? | Нені бақыладыңыз? | Реакция теңдеуі | | | | металл + қышқыл = тұз + сутек газы | Дескриптор − металдың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды; 1 балл − нені бақылағанын жазады; 2 балл − қорытынды жазады. 3 балл ІІІ топ Саралау -қарқын Интернет ресурсты пайдалана отырып, қажетті құрал жабдықтармен тәжірибе жүргізу 3- тапсырма Лабораториялық тәжірибе «Темірдің сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы». Мақсаты: темірдің сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуін зерттеу. Құралдар: темір металы тұз қышқылының ерітіндісі, пробиркалар, штатив. Не байқадыңыз? Реакция өнімдері қандай заттар болып табылады? Тәжірибе жүзінде дәлелде. Тәжірибенің Тақырыбы | Не істедіңіз? | Нені бақыладыңыз? | Реакция теңдеуі | | | | металл + қышқыл = тұз + сутек газы | Дескриптор − металдың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды; 1 балл − нені бақылағанын жазады; 1 балл − реакция өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазады; 2балл - түзілген газды тәжірибе жүзінде дәлелдейді 2 балл − қорытынды жазады. 3 балл Бағалау – бірін-бірі бағалау жүреді |