Мотивациялық – қозғаушылық Мотивационно – побудительный Motivational and incentive stage | Балалар біз бүгін өсімдіктер әлеміне саяхатқа шығамыз. Ол әлемге біз автобуспен барамыз. Балалар қарандаршы қандай керемет әлем? -Мынау не өсіп тұр? Сөздік жұмыс: гүлдер жайқалып өсіп тұр Гүлдің түсі қандай? Ал, сабақтары және жапырақтардың түсі қандай? | Қуанады Балалар автобусқа орындыққа отырады.
гүлдерді тамашалайды. гүлдер өсіп тұр. гүлдер жайқалып өсіп тұр сөзін қайталайды. қызыл, сары.
жасыл түсті. |
Ізденушілік – ұйымдастырушылық Организационно – поисковый Organizational and exploratory stage | Балалар осы гүлдер жайқалып өсу үшін не қажет деп ойлайсындар? Гүлдерге күтім жасау, оларды суару «жақсы» қасиет болып табылады. Гүлді күту ережелері:
Балалар гүлді жұлуға болама? Бағлан егер сен қонаққа барсаң сол үйдің гүліне қызықсаң алып кетер ме едің? Дұрыс айтасың ол онда ұрлық болып болып саналар еді. Ол «жаман» қасиет. Айару сен саябақтағы гүлді жұлар ма едің? Сергіту сәтін орындату.
Ал енді балабақшамызға оралайық.
Көптілділік:
Қане тақтадағы суреттерге назар аудара қойыңдаршы. - Балалар суреттен сендер кімді көріп тұрсыңдар? - Бұл балаға ат қояйықшы, кім деп атаймыз? - Арман не істеп жатыр? - Ал мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар? - Ал, бұл баланы кім атаймыз? - Самат не істеп тұр? - Ал енді балалар осы екі баланы салыстырып көрейікші, кімнің істеген іс - әрекеті дұрыс? - Ал кімнің іс - әрекеті дұрыс емес? - Бұл жерде балалар, Саматтың іс - әрекеті дұрыс емес, ендеше Саматқа қамқорлық қасиеті жетіспей тұр екен. Біз Самат сияқты балаларға көмектесіп, ағаштарға қамқор болуды үйретіп жүрейік. | Жаңбырдың суы, күннің нұры,су қажет.
«жақсы» қасиет екенін ұғынады. Гүлдің жапырақтарын үнемі сулы дәкемен сүрту керек. Жапырақтары ұсақ гүлдерді су шашатын ыдыспен бүркіп-шашып жуамыз. -жоқ, болмайды.
-жоқ. қызықсам сұрап алар едім
Айару: жоқ жұлмаймын өйткені ол қылмыс болып саналады. Жапырақтай жайқалып, Табиғатты сүймеміз Денемізді тік ұстап, Билеп-билеп аламыз. Балалар автобуспен бақшаға оралады. жақсы – хорошо – good, жаман – плохо - bad Суреттерге назар аударады.
- Баланы
- Арман деп атайық. - Ағаш отырғызып жатыр.
- Тағы бір баланы. - Самат. - Самат ағашты сындырып тұр
- Арманның - Саматтың.
Біз енді әрдайым табиғатқа қамқор болып күтіп баптауға көмектесеміз. |
Рефлексивті – түзетушілік Рефлексивно – корригирующий Reflective and corrective stage | Біз қайда бардық?
Өсімдік әлемінде нені көрдіңдер?
- Ал балалар сонымен «жақсы» деген не екен, - Ал, «жаман» деген не екен? | Біз өсімдік әлеміне саяхатқа бардық. Өсімдік әлемінде гүлдерді көрдік. - Ағаш отырғызған жақсы, гүл отырғызған жақсы - Ағашты сындырған, ұрлық жасаған жаман. |