СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу»

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу»»

«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК

КГКП «Восточно-Казахстанский сельскохозяйственный колледж»

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары

«Сұйықтар мен газдардың механикасы.»

(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы: Физика

Дайындаған педагог: Армиянов Р.Б.

20_ жылғы "__" ________

  1. Жалпы мәліметтер

1 Курс 2020 – 2021 оқу жылы 1ТО, 1МКЗ тобы

Сабақ типі: Зертханалық Жұмыс

Мақсаты:

Сақталу заңдары арқылы табиғат пен техникада кеңінен тараған сұйықтар мен газдардың негізгі қозғалыс заңдылықтарымен танысу.


Сұйықтар мен газдардың қозғалыс заңдылықтарын терең түсіну үшін және физика пәніне деген оқушының қызығушылығын арттыру үшін эксперименттік тәжірибелер көрсету.


Оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге, пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Теориялық түсінік.

1) Сұйықтар қозғалысын екі түрге бөлуге болады:

Ламинарлық ағыс сұйықтардың жеке қабаттары бір-біріне қатысты сырғанай отырып, араласпай ағады.Турбулентті ағыс ағын жылдамдығы артқанда әр түрлі қабаттарының араласуы нәтижесінде құйындар түзіле ағады.Сығылғыштығын және қабаттарының арасындағы үйкелісті ескермеуге болатын сұйықты идеал сұйық деп атайды.

2) Көлденең қимасы айнымалы құбырды қарастырайық. Көлденең қимасы

S1 құбырдан V1 көлемдегі сұйық ағатын болса, онда S2 қима ауданы арқылы V2 көлемдегі сұйық ағып өтеді. Олардың жылдамдықтары және . Сұйық сығылмайтын болғандықтан әр бөліктегі қима ауданы арқылы қандайда бір уақыт ішінде бірдей көлемдегі және бірдей массадағы сұйық өтеді

V1 = V2 ; m1 = m2

V1 =S1 l1; V2 = S2 l2 ; l1 = t ; l2 = t ;

V1 =S1 t ; V2 = S2 t ; V1 = V2 ;

S1 t = S2 t ; S1 = S2 ; =

бұл қатынас ағынның үздіксіз теңдеуі деп аталады. Екі түрлі қималарда сұйық жылдамдықтары қималардың аудандарына кері пропорционал.

3) Швейцар математигі Даниил Бернулли (1700-1782) жылдары өмір сүрген. Ол энергияның сақталу және айналу заңын пайдалана отырып сұйық ағынының жылдамдығы мен оның қысымының арасындағы сандық байланысты тапты, яғни екі түрлі қималардағы сұйық жылдамдықтары осы қималардан ағып өтетін сұйық қысымдарына кері пропорционал, яғни ағыс жылдамдығы аз жерде сұйықтың қысымы көп болады, ал ағыс жылдамдығы көп жерде сұйықтың қысымы аз болады, бұл байланысты Бернулли теңдеуі деп атады. Сұйық аққан кезде, ол құбыр ішінде орын ауыстырады, орын ауыстыру үшін жұмыс атқарады.

S1 қимада атқарылатын жұмыс A1=F1l1 , ал күш F1 = P1S1

S2 қимада атқарылатын жұмыс A2=F2l2 , ал күш F2 = P2S2

A1 = P1 S1 l1 ; V1 = S1 l1;A1 = P1 V1 ; V1 = ; A1 =

A2 = P2 S2 l2 ; V2 = S2 l2 ; A2 = P2 V2 ; V2 = ; A2 =

Энергияның айналу және сақталу заңы бойынша сұйық S1–ден S2-ге өткенде оның толық механикалық энергиясының өзгеруі сыртқы күштер жұмыстарының айырымына тең болады. Құбыр горизонталь орналасқандықтан, сұйықтың потенциалдық энергиясы өзгеріске түспейді.

W = A1 — A2 ; A1 — A2 = Wk1 – Wk2 ; — = — ;

P1 – P2 = ( — ); P1+ = P2 +

Соңғы екі өрнек Бернулли теңдеуі деп аталады.

4) Бернулли теңдеуінен мынадай қорытынды шығады; ағыс жылдамдығы аз жерде сұйықтың қысымы көп болады, ал ағыс жылдамдығы көп жерде сұйықтың қысымы аз болады.


2.2 Оқыту нәтижесі:

1. Үйкеліс күшін біледі мысалдар келтіре алады.

2. Формуланы біледі есептер шығаруда қолдана алады.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Керекті құралдар: жаппай жұмысқа арналған штатив-2 дана, мектеп динамометрі, шар, жіп, миллиметрлік бөлігі бар ұзындығы 30 см сызғыш, штативі бар мектеп таразысы, гірлер.4Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды журнал бойынша түгендеу)

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа тақырыпты баяндау.

4. Сабақты бекіту.

5. Сабақты қорытындылау.

6. Үй тапсырмасын беру.

5. Сабақ бойынша рефлексия