Ұйымдастырушылық-ізденістік | Есік қағылып матрешка келеді. –Балалар, қараңдаршы бізге кім қонаққа келді? -Дұрыс бұл матрешка. Қараңдаршы ол қандай әдемі, оның алжапқышы қандай керемет. -Сендерге матрешка ұнай ма? -Біз оған үй жасап берейік. - Мен үй құрастырамын, сендер мұқият қараңдар. Ең алдымен үйдің қабырғасын қоямыз. Ол төртбұрыш. Енді оның үстіне үйдің шатырын қоямыз. Ол үшбұрыш пішін. Қараңдаршы біздің үйіміз қандай әдемі. -Қабырға қандай түсті? -Дұрысүйдің қабырғасы қызыл түсті. Ал шатыры қандай түсті? -Дұрыс шатыр көк түсті. Ал енді дәл осындай үй құрастырып көріңдер. Ол үй жақсы шығу үшін саусақ жаттығуын жасайық. «Достық» жаттығуын ұйымдастырады. Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді) Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу) Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу) Қайтадан санауды бастаймыз. Бір, екі, үш, төрт, бес Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз. Тәрбиеші әр баланың жұмысын бақылап, көмектеседі.. Сөздік жұмыс: қабырға. Қостілділік компонент: үй – дом. Матрешка әр балаға алғыс білдіріп, қоштасады. | Матрешканың келгеніне қуанады. -Матрешка. -Иә. Тәрбиешіге назар аударып, мұқият қарайды. -Қабырға қызыл түсті. -Шатыр көк түсті. Саусақ жаттығуын жасайды. жасайды. Қолдарының саусақтарын өзара біріктіреді. Екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізеді. Шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізеді. Саусақтарын санайды. Қолдарын төмен түсіреді. Балалар тәрбиешінің көрсеткен үй жасау тәсілдерін еске түсіріп, үй құрастырады. |
Рефлексиялық- Түзетушілік | -Балалар бізге кім қонаққа келді? -Біз матрешкаға не құрастырдық? -Үйдің қабырғасын қандай пішіннен құрастырдық? -Шатыр қандай түсті? | -Матрешка келді. -Матрешкаға үй құрастыр-дық. -Төртбұрыштан құрастыр-дық. -Шатыр көк түсті. |