СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ұяда не көрсең" -Мақала

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Ұяда не көрсең" -Мақала»

Мәуелі бәйтерек

Үстіміздегі жылдың 23 қаңтарында № 3 Денисов орта мектебінде тұңғыш елбасымыздың халыққа арнаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде бастауыш сыныптары оқушыларымен «Мәуелі бәйтерек» атты дөңгелек үстел түріндегі іс-шара өтті.
Мақсаты: Оқушыларды отбасы құндылықтарымен сусындатып, ата-әже тәрбиесін сіңірту, заман талабына сай жанұядағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасын адамгершілік тұрғыда нығайту, отбасы тәрбиесінің маңыздылығына аса мән беруге баулу, отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды. Кездесуге бастауыш сынып оқушыларының ата-әжелері шақырылып, ол кісілердің немерелеріне сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, осы кішкентай бүлдіршіндердің ата-аналарын тәрбиелеп өсіруде бастарынан өткен оқиғалар мен отбасындағы дәстүрлер, ырым-тыйымдар, балалардың бойында болу керек әдеп пен сыйластық жайында ой бөлісулері сұралды. Ұлттық отбасы құндылықтарын дәріптеуге байланысты келелі сөз, тәрбиелі ақылдарын айтып, шуақты пікірлерін тыңдау ұсынылды. Іс-шара басында мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қанжаркүл Зейілбекқызы әуелете ән шырқап, келген қонақтарға ыстық лебізін арнады. 1сынып оқушысы Сапарғали Ерасылдың әжесі, көпті көрген салихалы қария- Күлтай әжей бүлдіршіндерге өзінің мәуелі бәйтеректей ұл, қыз тәрбиелеп өсіріп, сол бәйтеректің саясында кенже баласының қызығын қызықтап, немерелерінің ортасында отағасы Сапарғали атамен бақытты да мағыналы ғұмыр кешіп отырғаны жайында сөз қозғап, балаларға өз ана тілін меңгерумен бірге, ата-ананы, ұстазды сыйлау, дәріптеу, әдепті болу жайында сөз қозғап, болашақтың саналы ұрпағы болуға шақырды. Ол кісіден кейін сөз алған 2 сынып оқушысы Сапар Гүлсаяның ата-әжесі мен 4 сынып оқушысы Жарасов Нияздың әжесі- Гүлғайша апай да балаларға ыстық ықыластарын білдіріп, ізгі ниеттерін арнады. Кездесуге қатысқан қонақтар мен оқушылар арасындағы сыйластық қарым-қатынас көпке үлгі болатындай , өнегелі тағылымы мол тәлім-тәрбиеге бағыттайтын игі іске айналарына шүбәміз жоқ. Оқушылар отбасы жайындағы қазақтың нақыл сөздерін талдап, мәуелі бәйтерек ағашына өз ойлары мен тілектерін жазып, ілді.

Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алып, ата-ана қамқорлығында өмірге қанаттанады. Болашақ ұрпақ бойына азаматтық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарды сіңіретін тәрбие ошағы – отбасы болса, сол мәуелі бәйтерегіміз тамырын тереңге жайып, қарияларымыз немере, шөберелерінің арасында ұзақ та бақытты ғұмыр кешуін тілеп, кездесуімізді аяқтадық. Мектеп оқушыларының әсем әндерімен сусындаған қонақтар ризашылық көңіл күймен тарасты.

«Түп қазығың- Отаның, ар-намысың-тілің, кәусар бұлағың-ұстазың, қамқоршың-әкең, ақылшың-анаң» деген қанатты сөздер көңілінде жатталып өскен әр адам өмірде орнын тауып, қоғамның берік діңгегі болып қалыптасады деп сенеміз.

У. Кайырбекова. Бастауыш сынып мұғалімі