I кезең- мотивациялық- қозғаушы | Күзгі саябақ суретін іліп әңгіме құрастыру. Ағаштардың аттарын атау. Күзгі ағаштармен жазғы ағаштардың айырмашылықтары неде? | Суреттерді қарап ағаштардың аттарын атап, әнгімелейді. Жазда ағаштардың жапырақтары жасыл болып тұрады,күз мезгілі келгенде ағаштағы жапырақтар сарғайып жерге түседі. |
II кезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік | Күзде адамдар қысқа дайындық жасайды.Саябақ пен саяжайдан түскен жапырақтарды жинайды. Егістіктегі егінді жинап алады.Азық сақтайтын қоймаларға жинаған картоп,сәбіз,пияздарын салады. Отбасында да қысқа дайындық жүреді.Түрлі жеміс-жидектерді қайнатады.Одан тосап жасайды. Көкөністерді тұздайды. Сюрприздік сәт Қонаққа Алтын күз келеді. Алтын күз деп неге аталады ? Күзгі ағаштардың жапырақтарының түсі қандай болады? Саябақтағы ағаштардың түрлерін атап беріңдерші?. Сергіту сәті: Ормандағы аюдың Құлпынай көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық. -балаларға дайын үлгіні көрсетіп,талдау жасау. -кейбір балаларға жеке көмек көрсету. Қағаздан ағаштарды жапырақтарды қиып жапсыру . -дайын жұмыстарды көрсетіп,талдау жасау. | Күз туралы білімдерін толықтырады. Балалар"Алтын күзге " саябақтың суретің көрсетіп қуанады Балар қызығушылық танытады Алтын күздің әкелген себетінен жапырақтарың қай ағаштың жапырақтары екенің табады. Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді. Балалар дайын үлгіге қарап,жасалу жолдарын түсінеді. Балалар қағаздан ағаштарды қиып, жапсырады . |
III кезең- рефлексивті- түзеуші | Бізгі кім қонаққа келді? Алтын күзде нелер піседі? Күз ерекшелігі қандай? Сендер қандай жұмыс жасадыңдар? Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау. . | -бізге Алтын күз келді. -жемістер,көкөністер піседі -балалар өз ойларын білдіреді. |