СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің ашық қаралымы Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу әрекетінің ашық қаралымы Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»»

«Бэйби Бум» ЖШС-ң қарамағындағы «Аққу» балабақшасы













Ұйымдастырылған оқу әрекетінің ашық қаралымы

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»

8 «Балбұлақ» ересек тобы

Тәрбиеші: Акпарова З.М

















Көкшетау қ.

2024-2025жж.

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі: Математика,

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»

Мақсаты:

1.Білімділік: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар, пішіндер жайлы түсініктерін тереңдете түсу, тапсырмалар арқылы сөйлем құра білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, шапшаң есептеуге қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту.

3.Тәрбиелілік: Өзін жеке тұлға ретінде сезініп, берілген тапсырманы өздігінен орындап, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу. Бауырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: көрнекті суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Тәрбиеші: Балалар, кәнеки алдымен тура және кері санап алайықшы. Пішіндерді атайық.

1-тапсырма. «Сәйкестендір»

Мақсаты: балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауын дамыту. Ойын барысында бала белгілі бір объектілерді, суреттерді, немесе сөздерді сәйкесінше жұптастырып, олардың арасындағы байланысты табуға тырысады. Бұл процесс ойлау қабілетін шыңдап, танымдық дағдыларды жақсартады.

Шарты: заттың санын тауып, сәйкестендіру.

2-тапсырма. «Асық» ойыны

Мақсаты: Балалар кезек-кезек текшені лақтырып ойнайды, қандай түс шығады, сол асықпен бір адым жасап жылжытады.

Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар! Шаршап қалған боларсыңдар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті.

3-тапсырма. «Шертпек» ойыны

Мақсаты: Асықтарды шертпек арқылы дәл тигізіп, көбірек асық ұту немесе ұпай жинау.

4-тапсырма. «Сыңарларын тап»

Мақсаты: балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, түсті, пішінді ажырата білуге үйрету.



Қорытынды:

-Балалар, біз қандай пішіндермен таныстық?

-Қандай ойындар ойнадық?

-Тура және кері сандарды атап шықтық.

Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар ,жақсы жауап бердіңдер. Жарайсыңдар! Тапсырмаларымды орындағандарың үшін менен сендерге кішігірім сыйлық.

Тәрбиеші: Балалар, кәнеки қонақтарымызбен қоштасайық!

Балалар: Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Түстерді ажыратуды біледі;

Игереді: Пішіндерді дұрыс орналастыруды игереді;

Меңгереді: Еркін жауап беруді меңгереді.